Көбдіков Төлеу (1874-1954)
08.04.2013 22:53

kobdikovҚазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданында туған. Шын фамилиясы - Көпжасаров. Жас шағында шығарған өлеңдері сақталмаған, кейін тұрмыс жағдайымен Батыс Сібір, Алтай жаққа қоныс аударып, ақындық өнерден қол үзген.

Қырқыншы жылдардың басында туған жерге оралғаннан кейін өлеңді өндірте шығарады. Ақын өз өмірінің ақырына дейін Семей өңіріндегі Шар ауданында тұрды. Ұлы Отан соғысы кезінде ақынның өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде жарияланып тұрды. Облысаралық ақындар айтысына (1943) қатысты. Баспа жүзін көрген алғашқы өлеңі 1916 жылғы халық азаттық көтерілісіне арналған.

1954 жылы «Қазақ КСР-інің халық ақыны» атағы берілді. «Алып күшті Отаным» (1948), «Өмір жыры» (1953), «Өлеңдер» (1955), «Жырларым» (1975) атты шығармаларының жеке жинақтары басылды.


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса . - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б.208.

Ол туралы:

Иман-Жапар, Мұрат. Бір суреттің сыры [Мәтін] / М. Иман-Жапар // Ертіс өңірі. - 2009. - 3 маусым. - Б.12.

Мағауина, З. Абай дәстүрін жалғастырушы ақын [Мәтін] // Семей таңы. - 2 009. - 2 сәуір. - Б.3.