Қасқабасов Сейіт

kaskabasov1940 жылы 24 маусымда Семей қаласында туған. 1957 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы №12 қазақ орта мектебін, 1964 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын үздік тамамдаған. 1967 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген. 1969 жылы «Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.

1970- 1981 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде ғылыми хатшы, «Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары» атты журналының жауапты хатшысы, 1981-1983 жылдары Москвадағы СССР Ғылым академиясының М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында аға ғылыми қызметкер, 1983 жылдан Алматыдағы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 1989 жылы Москва Мемлекеттік университетінде «Қазақ халық прозасының жанрлары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде кеңесші қызметіне тағайындалып, әдебиет және өнер саласына жауапты болған және саяси репрессияға ұшыраған Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов т.б. арыстарымызды ақтау жұмысына қатысып, қажетті құжаттарды дайындаған. 1990 жылы Орталық Комитетте жаңадан құрылған Саяси процестер социологиясы орталығын басқарған. Мұнда сондай-ақ Идеологиялық комиссиясының мүшесі, әрі Орталық жетекшісі ретінде кезінде қате қабылданған көптеген саяси-партиялық құжаттардың күшін жою және жазықсыз тыйым салынған ақын-жазушылар мен қайраткерлерді ақтау қажеттігі туралы жұмыс тобын басқарған.

1991-1992 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Аппаратында Мәдениет секторының жетекшісі, Білім, ғылым және спорт, жастар ісі бөлімінің орынбасары болған. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Аттестациялық Комиссиясының төрағасына тағайындалып, ЖАК-ты құрып, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беруге және ғалымдарды аттестациялауға қажетті Ережелерді жазған.

1993 жылы ТМД елдері Жоғары Аттестациялық Комиссияларының Ассоциациясын құрып, оның төрағалығына сайланған. 1994-1997 жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында институт директорының орынбасары, Қолжазба және текстология бөлімінің меңгерушісі, 1997-2001 жылдары Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуразия» ғылыми орталығын, шығыстану факультетін ұйымдастырып, басқарған, қазақ фольклоры мен әдебиет тарихы бойынша дәріс оқыған. 2001 жылдан бері М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметін атқарады.

«Казахская волшебная сказка» (1972), «Қазақтың халық прозасы» (1984), «Родники искусства» (1986), «Колыбель искусства» (1990), «Казахская несказочная проза» (1992), «Абай және фольклор» (1995), «Золотая жила» (2000), «Жаназық» (2002), «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу. Қыз Жібек. Қазақтың ғашықтық жырлары» (2003), «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (2005), «О фольклоре и не только» (2005) «Елзерде» (2008) сияқты монографиялар мен зерттеулер кітабының және 300-ден аса зерттеу жұмыстарының авторы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, Жамбыл атындағы сыйлықтың, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты атағына ие болған. Халықаралық фольклористер қоғамының мүшесі (Финляндия, 1992), ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003), Халықаралық Айтматов академиясының мүшесі (Қырғызстан, 2007).

 

Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса . - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 233.

Омаров, Асан. "Ел құтқарған топаннан..." [Мәтін] / А. Омаров // Дидар. - 2008. - 24 маусым. - Б. 4.

LAST_UPDATED2  
                   1243

 

sem

alash baner1

 

aya

 

zastavka kalendar

banner

 

mirdetey

Көруді ұсынамыз

 

Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С.Пушкина

 

 

Национальная Академическая Библиотека РК

 

 

Библиотечная ассоциация РК

 

<

 

 

Электронные пособия

 

 

БД
 

 

Валюта бағамдары

 

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Тіркелгендер

На сайте зарегистрировано пользователей 42841

qazlat2

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ruhani
engnews.gazeta.kz
elbook

 

logotype

Іс - шара күнтізбесі

Прошлый месяц Маусым 2020 Следующий месяц
Же Дү Се Сә Бе Жұ Се
week 23 1 2 3 4 5 6
week 24 7 8 9 10 11 12 13
week 25 14 15 16 17 18 19 20
week 26 21 22 23 24 25 26 27
week 27 28 29 30

Тіркеу

Қатысу санағы


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін4357
mod_vvisit_counterКеше5332
mod_vvisit_counterОсы жұмада19118
mod_vvisit_counterОсы айда17021
mod_vvisit_counterБарлығы8111815

Қазір сайтта: 84

Jivosite



Сұраныс

Для информационных потребностей вы используете?

Интернет - 39.4%
Сайт библиотеки - 45.5%
Печатные издания - 6.1%
Другое - 9.1%