Қасиманов Садық (1902- 1977)
08.04.2013 22:09

Ақын, педагог, этнограф, абайтанушы. 1902 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған.

1938 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1923-1960 жылдары мұғалім болып жұмыс істеді. 1960-1970 жылдары Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері болды.

Жас кезінен ауыз әдебиеті мұраларын, қазақ ақындарының шығармаларын жинап, Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорына тапсырған. Абай мұраларын жинап, зерттеу ісіне көп еңбек сіңірген.

1977 жылы Алматы қаласында көз жұмған.


Әдебиет:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б. 103.