Қарамендин Сейітқали
02.04.2013 22:53

Ауыз әдебиетін зерттеуші, Абай мұрасын насихаттаушы.

1913 жылы 10 қаңтарда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған.

Семей малдәрігерлік техникумында оқыған.

Жас кезінен ауыз әдебиеті мұраларын, Абай шығармаларын, ол туралы аңыздар мен әңгімелерді жинаған. Көкбай Жанатайұлы туралы ел аузында жүрген шығармаларды алғаш жүйелеп, топтастырушы және оның «Сабалақ», «Төрт төре», «Наурызбай - Фатима» дастандарын «Абылай» деген атпен жеке кітап етіп шығарған.

Қарамендин жинаған шешендік сөздер мен халық ақындарының өлеңдері, билер айтыстары, тағы басқа ауыз әдебиеті үлгілері Әдебиет және өнер институтының Қолжазба және текстология бөлімінде сақтаулы.

1997 жылы 10 маусымда Алматы қаласында қайтыс болған.

Әдебиет:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. – Б. 102.