Қайырбеков Әділғазы
02.04.2013 22:50

KAIRBEKOV195 жылы 10 қаңтарда Семей облысы Ақсуат ауданының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы) Қожагелді ауылында туған.

Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ орта мектебін 1972 жылы, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін 1978 жылы тамамдаған.Еңбек жолын 1978 жылы С.Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-үйінде экскурсовод болып бастаған. Қазақ телевизиясының Жастар редакциясында редактор (1979–1981), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде мәдениет және әдебиет бөлімінің меңгерушісі (1981–1991), «Халық кеңесі» газетінде руханият бөлімінің меңгерушісі (1991–1996), «Қазақ елі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Шалқар» қосымшасының редакторы (1996–1999), «Қазақ Энциклопедиясы» Бас редакциясының жетекші маманы (1999–2000) болып қызмет атқарған. 2000 жылдан бері С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Филология ғылымдарының кандидаты. ҚР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі.

Шығармалары: Бастау. Өлеңдер, 1980; Ақ тұма (Жетіген). Поэма және өлеңдер, 1984; Шамшырақ. Өлеңдер. Алматы, 1987; Сөз бен іс. Деректі әңгімелер мен очерктер, 1988; Намыс найзағайы. Деректі хикаят, 1996; Шер шертер. Жыр кітабы, 1998; Саға. Эссе, әдеби сын-зерттеу, ой-толғам, 2003; Шарайна. Библиографиялық көрсеткіш, 2005; Бөртостаған, 2005; Ардакүрең. Эссе, әдеби сын-зерттеу, сыр-сұхбат, ой-толғам, 2008.

Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 219.