Ибрагимов Төкен
02.04.2013 22:42

ibragimov

1939 жылы 18 ақпанда Семей облысы, Ақсуат ауданы, «Жаңа несіп» колхозына қарасты Кезеңшілік ауылында туған.

1957 жылы Қазақстан ҚЛКЖО атындағы орта мектепті, 1964 жылы КазПИ-дің тарих-филология факультетін және аспирантурасын (1975) бітірген. 1964-1969 жылдары «Жданов» сегіз жылдық мектебінде тәрбиеші, қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет істеген. 1969-1976 жылдары Семей облыстық телевидениесінде редактор, аға редактор. 1976 жылдан бері Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейінің және Қазақстан Жазушылар одағы Семей қалалық филиалының директоры.

Алғашқы сын, зерттеу мақалалары газет-журналдар беттерінде 1961 жылдан жариялана бастаған. «Өлең өрісі» (1979), «Толқын толғау» атты монографиялары жарық көрген. «Индираға хат», «Оймен оңаша» кітаптарының, «Сағыныш», «Қара бұзау», «Сары құс» әңгіме-повестердің авторы.

Музей ісі саласында «Жидебай», «Бөрілі» жол танытқыш кітаптарының және абайтану, шәкәрімтану, әуезовтану тақырыптарында жүздеген әдеби сын, ғылыми-зерттеу еңбектері шықты.

Сондай-ақ, «Ұлылар мекені», «Абайдың Жидебайдағы мұражай үйі», «Ахмет Риза медресесі», «Абай мемлекеттік қорық-мұражайы», «Алаш арыстары», «Қалың елім, қазағым», «Евгений Онегин» кітаптары мен жинақтарының редакторы әрі жауапты шығарушысы.

1996 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», Абай ауданының, Семей қаласының Құрметті азаматы. «Құрмет» орденімен (1998), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Парламентінің 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.

 

 

Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 183.

 

Ол туралы:

Асылжан, П. Ұлы Абайдың шырақшысы атанған [Мәтін] // Семей таңы. - 2009. - 19 ақпан. - Б. 5.

 

Ашанова, А. Біз жүрген жердің бәрі әдеби орта [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 24-30 қыркүйек. - Б. 3.

 

Әбдікәкімұлы, Т. Қара шал [Мәтін] // Семей таңы. - 2009. - 1 қазан. - Б. 1.

Иманғали, М. Шәкәрім өлеңдерінің мәнін түсіну үшін адамға үлкен ой керек [Мәтін] // Дидар. - 2009. - 14 шілде. - Б. 5.

 

Көпшікбаева, Ш. Жерлестері Төкеңді төрге шығарды [Мәтін] // Семей таңы. - 2009. - 18 маусым. - Б. Б. 2.

 

Қаңтарбай, Ә. Абайдай темірқазығы бар жұрттың ғұмыры - мәңгілік [Мәтін] // Дидар. - 2009. - 14 қазан. - Б. 5.

 

Мырзахметұлы, Мекемтас. Ағамен сырласу [Мәтін] / М. Мырзахметұлы // Жалын. - 2010. - №2. - Б. 21-24.

 

Нұғманбекова, Р. Құрметке бөленген [Мәтін] // Дидар. - 2009. - 12 ақпан. - Б. 5.

 

Нұрқасым, Қ. Айнымас адам [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2009. - 16 қыркүйек. - Б. 5.

 

Сабырбай, Қ. Ұраны – ұлы Абай [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2009. - 11 ақпан. - Б. 6.

 

Сапышев, Айбек. Жалғыз қара [Мәтін]// Семей таңы. - 2009. - 1 қазан. - Б. 4.