Орталық қалалық кітапхана Досымхан Тоққарұлының «Өмір жолы» атты кітабының тұсаукесері өтті.
21.03.2013 23:52

1Мақсаты: Еліңді тану – өлкеңді танудан басталады. Өлкеміздегі жазушыларымыздың өрнегі мол жырларын жас ұрпаққа насихаттап, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Ертіс өңірі зиялылар мекені,асылдар ортасы.Осы киелі аймақтаң Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі,Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің озық қызметкері,КСРО халық ағарту ісінің озаты,Еңбек ардагері,ұстаз,қаламгер, Отыздан аса жыл білім саласында тер төгіп,ізденген ардагер ұстаздың бұған дейін де «Аталар жолы», «Шыңғыстың білім ордасы», «Нұрлы жол», «Өмір жолы» сынды кітаптың авторы Тоққарин Досымханның кездесу кеші кітапхананың тұрақты оқырмадары мен кітапхана қызметкерлерінің қатысумен өтті.

Мәдени-іс шараны кітапхана қызметкері салтанатты түрде ашып, ортаға Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің озық қызметкері,КСРО халық ағарту ісінің озаты,Еңбек ардагері,ұстаз,қаламгерді шақырып, конаққа сөз берілді.

Кітапхананың тұрақты оқырманы Семей қалалық Ардагер Советінің төрағасы Доғалақов Амантай қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайында баяндап, әсіресе «Өмір жолы» атты кітабына сөз тоқтатты.

2 3
4 5

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Абай ауданының, Семей қаласының құрметті азаматы Бекен Имаханов балалық шағын бірге өткізген, мектеп қабырғасында бірге білім алып, болашаққа бірге аттанған кластасы туралы сыр шертті. Ағартушы ұстаздың қаламынан шықан кітаптарының кейіпкері Бақыт Назарбековаға сөз беріліп,қаламгерге өзінің ән шашуын тарту етті.

 

6Сонымен қатар кеште Шәкәрім атындағы №5 мектеп гимназияның ұстазы Тұтқышев Болатбек халық әні «Дүние -ай әнін орындап ,көпшіліктің ризашылығына бөленді.

Оқырмандардың назарына «Өнегелі өмір жолдары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,библиографиялық шолу жасалды.Кітап көрмесінде әдебиет ұсынылып, көптеген мерзімді басылымдар мен қаламгердің фотомариалдары қойылды.Ұстаз жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Білімдіден шыққан сөз» атты слайд көрсетілді.