Алтайдың ақиғы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің туғанына 70 жыл толуына орай "Оралхан Бөкей көркемсөз өнерінің шебері" атты өлкетану сабағы №6 кітапхана-бөлімшесінің ұйымдастыруымен №8 мектеп-кешенінің 7 "Ә" сынып оқушыларына өткізілді.
21.03.2013 23:47

Шараның мақсаты: Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың көркем шығармаға қызығушылығын арттыру.

Шара барысында кітапхана қызметкері қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы Оралхан Бөкейдің өмірімен шығармашылығын слайд көрсете отырып таныстырды. Қазақтың қайталанбас жазушысы Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» повесінен Шарипбаева Арайлым, «Кербұғы» әңгімесінен Қолжабекова Гүлім үзінділер оқыды.

Сонымен қатар «Жалғасын тап?» атты жазушының шығармаларына викториналық ойын жүргізілді. Шара барысында оқырмандар «Үркер ауып барады», «Кербұғы» секілді шығармалар жинағы мен баспасөз беттеріне жарияланған Оралхан Бөкей жайлы естеліктер қойылған «Оралхан – Алтайдың ақиығы» атты көрмені тамашалады.


3 4