Ағымды жылдың Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Михалковтың мерейтойына асығайық» атты бір автордың көрмесі кішкентай кітапхана оқырмандарына арналып ұйымдастырылды.
15.03.2013 08:10

Мақсаты: жазушының кітаптарымен оқырмандарды таныстыру, жазушы еңбектерінің мазмұнын ашып және оны терең түсунуге мүмкіндік туғызу, кітапқа деген қызығушылықтырын арттыру.

Биыл жазушы, мысалшы, ақын Сергей Владимирович Михалковтың туғанына 100 жыл. Оның өлеңдері ересектерге де кішкентайларға да жақсы таныс. Жұрттың көбі үшін оның есімі бүркеншік атпен – ең басты, кең тараған әрі сүйікті шығармасының атымен белгілі еді. Ол шығармасы 1935 жылы жазылған және тұңғыш рет балалар «Пионер» журналында жарияланған балалар поэмасы «Стёпа ағай» («Дядя Стёпа» ).


5 6

Көрмеге жазушының әр түрлі басылымдарынан шықан кітаптары, шығармаларына арнап суретшілер жасаған иллюстрациялар, мерзімді басылымдар, экранға түскен фильмдерден алынған фотокадрлар және т.б. қойылды. Кітапханаға келген оқырмандар көрмені тамашалап қызығушылықтарын білдірді. Көрмедегі кітаптарды көргенде балалар теледидардан көрген анимациялық ертегілерін естеріне түсіріп өздерінің пікірлерімен бөлісті.