15.03.2013 08:02

Н А З А Р А У Д А Р Ы Ң Ы З ! С А Й Ы С !

 

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі 2013 жылдың 2-23 сәуірі аралығында

Халықаралық балалар кітап күні мен

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай

«ОҚУ ӘЛЕМІ» тақырыбы аясында қалалық

КІТАП МЕРЕКЕСІН өткізеді

 

Қазақстанның жарқын болашағы жастардың мәдени танымдылық қабілетін қалыптастырып кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, оқуға деген оқырмандардың ынтасын көтеруге ықпал етуге, көркем әдебиетті насихаттап, талапты, талантты жастардың шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «ОҚИТЫН ҚАЛА» атты фотоконкурсқа қатысуға шақырамыз:

 

Конкурсқа ұсынылған жұмыстарға қойылатын талаптар:

  • конкурсқа қатысушылар 5-6, 7-8 сынып оқушылары;

  • сайыскердің шынайы өмірден алынған оқуды насихаттап, кiтап мәртебесін көтеретін, оқырман мен кітапхана, адам мен кітап арасындағы байланысты бейнелейтін қызықты сәттерді түсірген фотожұмыстары басып шығарылған түрде болуы тиіс;

  • міндетті түрде түрлі-түсті болуы қажет;

  • сурет көлемі А-4 форматта, яғни 21х29 көлемінде болуы тиіс;

  • жақсы сапада (анық);

  • түсірілген уақыты мен күні көрсетілмеу керек;

  • фотосуреттер сандық өңделген түрде болмауы керек (фотомонтажсыз);

  • әр фотосуретке қосымша жеке А-4 көлеміндегі парақта қазақ және/немесе орыс тілдерінде, баспа түрінде жұмыстың атауы және өз көзқарастарын білдіре отырып тақырыпты ашатын қысқаша түсіндірме, ұран немесе сөз тіркесі жазылуы тиіс. Сонымен қатар автордың аты-жөні,тегі (толық), мектептің аты, сыныбы, жасы, мекен-жайы және байланыс телефоны көрсетілген мәліметтер тапсырылуы керек;

  • түсіріліп, ұсынылған фотосуреттер қатаң түрде конкурстың шарттары мен тақырыбына сай болуы қажет;

  • бір қатысушыдан (ұжымнан) бір ғана жұмыс қабылданады.

 

КОНКУРСТЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ:

  • конкурсқа өтініш пен жұмыстар 2013 жылдың 12 наурызынан 12 сәуіріне дейін сайыскерлердің мекен-жайлары бойынша орналасқан кітапхана-бөлімшелерінде қабылданады;

  • конкурс қорытындылары 23 сәуір - Кітап мерекесінде жарияланады (өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат қосымша хабарланады);

  • қорытынды шығару үшін тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылады;

  • жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады;

  • жеңімпаздар туралы ақпарат баспа беттерінде жарияланады;

  • жеңімпаздардың жұмыстары Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің сайтына енгізіледі www.cbssemey.kz.

  • байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды;

  • барлық жұмыстар Кітап мерекесіне арналған салтанатты кеште арнайы ұйымдастырылған көрмеде ұсынылады.

 

Осы мереке аясында сайыстардан тыс оқырмандар конференциясы, дөңгелек үстел, әдеби кеш, ертеңгілік және т.б. шаралар өткізіледі.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қалалық орталық кітапхана

Ак.Павлов көшесі, 105

тел.: 56-88-65, факс 56-01-21

Бөлімшелердің байланыс телефондары:

2 кітапхана-бөлімшесі: 34-36-56

6 кітапхана-бөлімшесі: 53-02-82

12 кітапхана-бөлімшесі: 42-44-50

Балалар және жасөспірімдер кітапханасы: 56-74-36

Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесі: 35-85-96

LAST_UPDATED2