Балалар және жасөспірімдер кітапханасында №17 мектептің оқушыларының қатысуымен «Аналар мерекесі» атты ертеңгілік өтті.
11.03.2013 00:00

2Бұл шараға көрермендер ретінде «Қуаныш» бала-бақшасының тәрбиешілері, «Қайнар» мектеп – гимназияның мұғалімдері және №9 МСКО-ның дәрігерлері қатысты.

Мақсаты: Ананың құдіреті де мейірімді жан екенін түсіндіру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.

Ертеңгілік барысында №17 мектептің оқушылары арнайы дайындап әкелген концертік программаларын көрермендер назарына ұсынды. Іс-шара барысында көрермендер арасында «Аналар мерекесі» атты слайд арқылы викториналық сұрақтар қойылып, ойын ойнатылды. Қатысушы көрермендер ойынға қызығушылықтарын білдіріп, өте жақсы қатысып отырды. Белсенді қатысқан аналарға сыйлықтар табыс етілді.

Келесі кезек әсем әуенге ұласып № 17 мектептің 2 сынып оқушылары Дынғазиева Қарақат, Балқашқызы Аида, Аразалинова Дилара «Менің әжем», «Сағындым әжем», «Анашым» әндерін нақышына келтіріп, орындап берді. Балалар «Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым» атты әдеби монтаж қойса, ал сыныптың оқушылары «Ана мен бала» тақырыбында көрініс көрсетті.

Сондай-ақ оқу залында «Анаға күн шуағын шашайық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы библиографиялық шолу жасады. Мерекелік ертеңгілікке қатысып, өз өнерлерін көрсеткен барлық оқушыларға кітапханашы сыйлықтар берді. Шара барысында би де биленіп, ән де шырқалып көрермендер мерекелік көңіл-күй алып қайтты.

4 5