Ахмет Жүнісов (1926-1998)
10.03.2013 13:48

zhunisovАхмет Жүнісов 1926 жылы 20 маусымда бұрынғы Семей облысының Ақсуат ауданындағы Қызылтас аулында дүниеге келген. Бала шағында шекара ауып, жастық шағы ҚХР – да өтті. 1947 жылы Үрімжі қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін, ол 1961 жылға дейін Шыңжан өлкелік «Шұғыла» журналының бас редакторы қызметін атқарып, алыс жердегі қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты.

Оның алғашқы әңгімелері 50-ші жылдардың бас кезінен бастап жарық көреді. Шыңжан баспасынан шыққан алғашқы әңгімелер жинағына енген шығармалары кезінде қытай, ұйғыр тілдеріне аударылған. Жазушылардың Пекинде өткен съезіне қатысып, Шыңжаң өңірінде Жазушылар одағын құруға тікелей ат салысады.

1961 жылы ата мекеніне қайтып оралғаннан кейін Ақсуат селосындағы орта мектепте ұзақ жылдар бойы әдебиет пәнінен дәріс береді.

1995 жылдан өмірінің соңына дейін «Ана тілі» газетінде жұмыс істеді. Жазушы драматургия саласына да қалам сілтеп, он шақты пьеса жазды. Мыңға жуық публицистикалық мақала, екі жүздей әңгіме, он шақты повесть, үш романның авторы.

Белгілі жазушы Ахмет Жүнісов 1998 жылы 72 жасқа қараған шағында дүние салды.

Шығармалары: Жанасыл. Әңгімелер мен повестер. 1964; Өмір іздері. Әңгімелер мен повестер, 1971; Аласапыран кез. Әңгімелер мен повестер, 1978; Ақжелең. Әңгімелер, 1987; Екі ошақтың түтіні. Повестер мен әңгімелер, 1998; Пәниден бақиға дейін. Әдет-ғұрып әліппесі, 2001; Боғда, 2004.


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 176.

Қалиев З. Шежірелі өлке жыршысы //Дидар. – 2006. – 4 сәуір. – Б. 4.

.