Жүнісова Күлиман (1924-1999)
10.03.2013 13:43

zhunusova20 қазанда Семей өңіріндегі Абай ауданы, Қайнар селосында туған. Орта мектепті бітірген соң, сол ауданда қаржы мекемесінде, аудандық комитет хатшысы, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, аудандық газет редакциясының жауапты хатшысы болып қызмет атқарды. 1960 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген соң, облыстық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған.

1960 жылдан әңгімелері мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұрды.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Шығармалары: Шұғыла. Әңгімелер мен повестер, 1996; Жасыл жапырақтар. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1969; Кәмшат. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1971; Құстар әні. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1975; От пен гүл. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1979; Қимаймын сені. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1984.


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 177.