Жұмаханов Жекен (1913–1978)
10.03.2013 13:37

zhumakanovЖазушы, аудармашы.

1913 жылы 5 желтоқсанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Қарауыл ауылында туған. Семей педтехникумын бітірген. 1935 жылы Алматыдағы Қазақ коммунистік журналистер институтына түсіп, айрықша дипломмен бітірген. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакциясында ұзақ жылдар меншікті тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Шығармаларына негізінен майдангерлер ерлігін арқау етті. «Солдат жолы» (1958), «Әлия Молдағұлқызы» (1959), «Әлия» (1958), «Жазылмаған кітап» (1959), «Келін» (1960), «Қаракөз қарындасым» (1962), «Үш бәйтерек» (1965), «Екі жол» (1966), «Соқпақ соңы» (1967), «Адам тау қопарады» (1967), «Мен жұмысшымын» (1972), «Шұбартау таңы» (1975), «Махаббат пен мансап» (1974) «Қиядағы қайың» (1974), «Үш бәйтерек» (1989) кітаптары шыққан.

Гогольдің «Рим» деген әңгімесін, В. Орловтың «Батыл ой», М. Торездің «Халық ұлы» кітаптарын, М. Садовянудың «Митра Кокорь» повесін қазақшалады. Әңгіме-повестері орыс тілінде кітап боп шықты.

1978 жылы қайтыс болды.


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 175.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. – Астана : Фолиант, 2011. – Б. 77.