Жанғалиев Төлеген
10.03.2013 12:41

zhangaliev1950 жылы 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. 1973 жылы Семей пединститутын, 1982 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. 1982-1999 жылдары Абай аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы, аудан әкімінің орынбасары болып істеген. Жыр топтамасы алғаш рет республика жас ақындарының «Қарлығаш» (1978), сонан соң «Сыр сапар» (1980), «Тоғыз перне» (1981) атты ұжымдық жинақтарында жарияланды. Баспалардан әр жылдары алты кітабы жарық көрді.

Жас ақындардың республикалық «Жігер» фестивалінің (1978), Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың (1996) лауреаты, Шығыс Қазақстан облыстық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері.

Шығармалары: «Ақ арба», «Апамның әңгімесі», «Намыс», «Ақ бантик», «Көрші кемпір», «Иіс су» балладалары, «Шыңғыстау шындығы».

1998 жылы «Ата мұра» баспасынан «Біз жұмаққа бармаймыз» кітабы жарық көрген. 1999 жылы мерейтой қарсаңында полигон тақырыбына арналған «Атом мен ақын» деген жаңа жинағы баспадан шықты.

Төлеген Жанғалиев қазақ поэзиясында өзіндік үні бар, үнемі үлкен ізденіс үстіндегі өсумен келе жатқан ақын.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық Жамбыл қорының лауреаты.

Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 159.

Жанғалиев, Т. Меценат Медғат // Семей таңы. - 2009. - 28 мамыр. - Б. 9.

Жанғалиев, Т. Менің мұғалімім [Мәтін] : [Кәмен Оразалин туралы] // Ертіс өңірі. - 2009. - 18 наурыз. - Б. 12.

Жанғалиев, Т. Қайран менің қайраулы қызыл тілім... [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2009. - 22 сәуір. - Б. 11.

Жанғалиев, Т. Меллат [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2009. - 13 мамыр. - Б. 10.

Жанғалиев, Т. Апыр-ай, алпыс деген мына жас па? [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2010. - 3 ақпан. - Б. 18.

Жанғалиев, Т. Нұрлы ту [Мәтін] // Семей таңы. - 2011. - 5 сәуір. - Б. 1.

Махметов, С. Ақын [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2010. - 27 қаңтар. - Б. 12.