Есімжанов Төлеуғали (1942-1978)
10.03.2013 12:11

esimzhanov24 наурызда Семей облысы, Шұбартау ауданы, Алғабас ауылында туған. 1965 жылы ҚазМҰУ-нің филология факультетін бітірген. Осы жылы мектепте мұғалім, 1966-1970 жылдары аудандық «Жаңа өмір» газетінде бөлім меңгерушісі, 1970-1975 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1975-1976 жылдары «Ара-Шмель» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген.

Алғашқы кітабы 1967 жылы «Дала тынысы» деген атпен жарық көрді. «Бір ұяның қарлығаштары», «Тау самалы», «Аяулым», «Мамыр айы махаббат айы» т.б. повестер және әңгімелер жинағы шыққан.

 

Әдебиет:

Айтов, Н. Төлеуғали [Мәтін] / Айтов Н. // Ертіс өңірі. - 2008. - 9 сәуір. - Б. 13.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса . - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 149.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т.1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. – Б.67.