Балыкин Михаил Данилович (1924-2001)
03.03.2013 22:48

balikinМихаил Балыкин 1924 жылы Семей облысы Канонерка селосында дүниеге келген. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Семей облыстық радиосынын, облыстық «Прииртышская правда» газетінің, «Советский Казахстан» (қазір «Простор») журналының редакцияларында қызмет атқарды. 1957-1966 жылдары «Қайнар» баспасының редакторы, 1966-1981 жылдары «Индустриальная Караганда» газетінің бөлім меңгерушісі, 1981-1982 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болды.

1983 жылдан шығармашылық жұмыста. М.Д.Балыкиннің «Мысалдар», «Басни» атты алғашқы кітабы 1951 жылы шықты. Одан кейінгі жылдары «Утро надежд» (1971), «Свидание в Боровом» (1976), «Мой белый свет» (1984) кітаптары жарық көрді.

Қаламгер шығармашылығында өнеркәсіпті өлке тақырыбы үлкен орын алады, ол Қазақстан Магниткасының алғашқы құрылысшылары туралы «Начало пути» поэмасын (1960), Қарағанды шахтерлері жөнінде «Марианна» атты (1981) өлеңмен жазылған повесть шығарды. М.Д.Балыкин аудармамен де шұғылданады.

1964 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында қойылған Е.Брусиловскийдің «Наследники» операсына либретто жазған.

2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1960).