Баймұратов Нұрлыбек (1887-1969)
03.03.2013 22:43

baimuratovНұрлыбек Баймұратов Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында туған. Өлең-жырлары 1924 жылдан бастап баспасөздерде жарияланып тұрған. Ескіше де, жаңаша да сауатты болған. Абай, Әріп, Әсет шығармаларынан тәлім алған. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, халық арасында насихаттаумен шұғылданған. Иса (1922), Нартай (1939), Маясар (1943), Төлеу (1944) т.б. ақындармен айтысқа түскен.

«Ер Төлеген» (1945), «Қанды жорық» (1962) дастандары жеке кітап болып басылған. Шығармаларының жалпы жинағы 1957 жылы шыққан.

1939 жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілген. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Шығармалары:

Ер Төлеген. Дастан, 1945;

Өлеңдері мен дастандары, 1957;

Қанды жорық. Дастан, 1962;

Қазына. Өлеңдер мен поэмалар,1982.


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 81.

Иман-Жапар, М. Бір суреттің сыры [Мәтін] / М. Иман-Жапар // Ертіс өңірі. - 2009. - 3 маусым. - Б. 12.