Байгужинов Кенжебек
03.03.2013 22:27

baiguzhinovКенжебек Байгужинов – ақын, публицист, әрі аудармашы. «Арбаат» әдебиет үйінің президенті, Қазақстанның жас ақындар жиналысының қатысушысы.

Кенжебек Ақанұлы 1956 жылы 8 сәуірде дүниеге келді.

Балалық шағынан сүйікті ісі кітап оқу болған. 13 жасында алғашқы өлеңдерін жазады. Мектеп қабырғасында жүріп, драма үйірмесіне қатысып, мектеп сахнасында өнер көрсетеді. 15 жасында қалаға келген уақытынан бастап өлеңдерін дәптерге жаза бастайды. Семей қаласының байланыс училищесін тәмамдаған.

Әскер қатарында жүріп те шығармашылық еңбегін тоқтатпаған. Әскерден оралған соң Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын оқып бітіреді.

1995 жылы алғашқы болып «Покорение вершин» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл жинаққа газет беттерінде шығып жүрген өлеңдері басылып шыққан.

К.Байгужинов төрт поэтикалық өлеңдер жинақтарының «Покорение вершин» (1995), «Красные ренегаты» (1999), «Нежность» (2002), «Молитва любви» (2003), сондай-ақ көптеген мақалалардың авторы.

Валерий Зубовтың «Я подарил тебе звезду» (1999) поэтикалық кітаптарының, Геннадий Мохнаковтың «Белая березонька» (2003), Николай Алексеевтің «Алтыбақан» (2003), Владимир Кишконың «Помаленьку о жизни» (2004), «Семипалатинская лира» (2005) атты кітаптардың редакторы болды. «Трибунал мыслей» әдеби мақалалар жинағының құрастырушы редакторы болды. Бұл жинақ 1959-2002 жылдарды қамтитын Олжас Сүлейменовтың шығармашылығына арналған. Кітапқа О.Сүлейменовтың мақалалары мен ол кісі жайындағы мақалалар енгізілген.

Кенжебек Байгужинов Зият Шәкәрімовтың шығармаларын, сондай-ақ халық әні «Шалқыманы» аударған.

LAST_UPDATED2