№2 кітапхана-бөлімшесінде балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың туғанына 65 жыл толуына орай «Балалар әлемін барлаған» атты ауызша журнал өткізілді.
03.03.2013 21:55

Шараға №20 орта мектептін 7 сынып оқушылары мен №8 балалар үйі тәрбиеленушілері қатысты. Шараның мақсаты: Оқушыларға Шығыс Қазақстанның тумасы, балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың өмірі мен шығармашылын насихаттау, өлкетану әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Ауызша журнал 3 беттен тұрды: Марат Қабанбаевтың өмірбаяны; Марат Қабанбаевтың шығармашылығы; Марат Қабанбаевтың шығармасы бойынша «Когда тебе двенадцать лет» атты «Қазақфильм» киностудиясы түсірген көркем фильмнен үзінді көрсету.

Кітапхана қызметкері ауызша журнал беттерінде «Балалар әлемін барлаған» атты слайдты пайдалану арқылы жазушының өмірбаяны мен шығармашылы туралы әңгіме қозғады. Балалар фильмді қызығушылықпен тамашалай отырып, талқылады. Ауызша журнал тақырып бойынша ұсынылған кітап көрмесіне шолумен аяқталды. Оқушылар мен қонақтар ризашылықтарын білдіріп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.