Елордамыз Астананың 15 жылдық мерекесіне орай ақпан айының 12 жұлдызында Цемент кентінінің кітапхана бөлімшесінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен №22 мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Жан жүрегім – Астана» атты ойын-саяхат болып өтті.
24.02.2013 01:22

Ойын – саяхаттың мақсаты: Оқушыларды әсем қаламыз Астанамен және көрнекі жерлерімен таныстыру. Елорда туралы білімдерін толықтыру, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, дүниетанымын кеңейту.

«Арман қала Астана» атты электронды тұсаукесер арқылы оқушылармен бірге Астана қаласына саяхат жасадық.

Саяхатымыздың бірінші аялдамасы Астананың символы Байтерекке келіп тоқтадық. Мұнда кітапханашы Байтеректің тарихымен Байтеректің негізгі идеясына тоқталып өтті.


SAM 1347 SAM 1384

Байтерек сәулет өнерінің жаңару нышаны, Астананың символы болып табылса, келесі аялдамамыз әсем қала Астанамыздың сол жағалауында орналасып бой көтеріп тұрған Аққорда ғимаратына тоқталдық. Ақорда Қазақстан Республикасының Президентінің Резиденциясы, ғимарат қазіргі заманға сай құрылыстың ең таңдаулы әдістерінен қолдана отырып, монолит құйматастан салынған.

Үшінші аялдамамыз "Думан" ойын-сауық орталығы - дала төсіндегі мұхит тамшысы, астанамыздың маңызды нысаны және қазақстандықтардың мақтанышы болып табылады. Мұнда халық еліміздің барлық жерлерінен және шет елдерден келіп жатады.

Іс-шара барысында оқушылар Астана қаласына арналған өлендер оқып, сөзжұмбақ шешті.

Астанамыздың көркеюі елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы екенін білуіміз керек. Елбасымыз айтқандай, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жаңа Астанасы әрі жас Астанасы қайсымыздың болса көкірегімізде арайлы рухты оятады. Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі – Астанамыз асқақтай берсін – деп іс-шарамызды аяқтадық.

LAST_UPDATED2