№12 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында «Абай тағлымы халық даналығы» атты Б.Ерсәлімұлының 75 жылдығына орай «жанды кітап» формасында жуздесу өтті.
24.02.2013 01:16

Іс-шараға Семейдің көпсалалы колледжінің студентері қатысты.

Кештің мақсаты: Республикалық Абай қорының Президенті Балтабек Ерсәлімовпен кездесу ұйымдастырып, студенттермен жүздестіру. Жас ұрпақты Балтабек Бәзілұлының өнеге жолымен, елеулі еңбегімен, журналистік жазбаларымен таныстыру.

Бұл кеште Балтабек Ерсәлімовтің шәкірті, ақын «Абай» журналының бас редакторы Оспанов Мұратбек Ғабиденұлы, осы журналдың корректоры Райхан Әбілмансұрқызы және филолог, зейнеткер Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдың иегері Түгелжан Әзімжанова қатысты.

Ерсәлімов Балтабек (1938 жылы туылған) – филолог, этнограф. Абайдың жиені. Ақын шығармаларын насихаттау ісіне белсене араласып, Семейдегі Абай қорын ұйымдастырып, ашқандардың бірі және 1990 жылдан директоры, 1992 жылдан «Абай» журналының қайта шығуына айтарлықтай үлес қосқан, 1993 жылдан баспадан жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» атты жинақтың жауапты шығарушысы, - деп бастады сөзін кітапхана қызметкері.


1 2

 

Кеш барысында сөз алған қонағымыз Балтабек Ерсәлімов өзі туралы: «Ысқақтан Ахметбек, Ахметбектен Қапиза туады. Қапизаның соңында қалған жалғыз тұяқ мен Балтабекпін. Сонда мен Абай мен Ысқаққа жиеншар. Ысқақтың баласы Ахметбекке туған жиен боламын. Анам Қапиза Ахметбекқызы ұлы Абайдың інісі Ысқақ Құнанбайұлының баласы болады » - деп сөз бастады.

Кеш қонақтары М.Оспанов, Р.Әбілмансұрқызы сөз алып, Түгелжан Әзімжанова Балтабек Бәзілұлының еңбектеріне, оның ішінде Б.Ерсәлімівтің «Құнанбайдың қуғын көрген ұрпақтары» атты кітабына тереңірек тоқталды. Іс-шаранын барысында кітапханашылар слайд көрсетіп, баспасөз басылымдардан көрме ұйымдастырды.