Жазушы, драматург, аудармашы, өзіміздің жерлесіміз Оралхан Бөкей 2013 жылы тірі болса 70 жасқа толар еді. Осы орайда Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Оралхан Бөкей – нағыз талант иесі» атты әдеби сағат №32 сыныптың 5 «А» және 6 «А» сынып оқушыларымен болып өтті.
03.02.2013 21:33

Әдеби сағаттың мақсаты: оқушыларды қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы Оралхан Бөкейдің өмірімен таныстыру, оқырманға белгісіз беттері туралы айту, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматыққа баулу.


SAM 1292 SAM 1310

Оралхан шығармасы Алтай тауының шыңындай асқақ екені көзі тірісінде-ақ мойындатқан. Сөзден өрім өре отырып, қазағының қанталаған жеріне шипа іздеген жазушының бар кейіпкері – шынайы тұлғалар. Сондықтан да Оралханның кірпияз шығармасы жасандылыққа ұрынбаған.


SAM 1312 SAM 1326

Шара барысында оқушылар О.Бөкейдің өмірі мен шығармашылығынан әдеби монтаж оқып, жазушының «Құлашаның шоты» деген әңгімесінен көрініс көрсетті. 6 «А» сынып оқушысы Тлеуханов Тілек «Ата толғау» күйін, 6 «Е» сынып оқушысы Еламан Аида «Шындық туралы» толғауын, ал 5 «А» сынып оқушысы Самарханова Аружан «Ана жүрегі» атты әнін орындап берді.

Шара соңында «Алтайдан ұшқан ақиық» атты слайд-шоу көрсетілімі болды.