№6 кітапхана-бөлімшесі №8 мектеп-кешенінің 8 сынып оқушыларына арнап «Өз құқығыңды білесің бе?» атты брейн-ринг өткізді.
24.01.2013 19:00

Шараның мақсаты: Оқырмандарды өз құқықтарын білуге үйрету, оның маңыздылығын ашып көрсету. Демократиялық қоғамның негізгі принципі - заң алдында барлығының тең екенін түсіндіру, ұғындыру. Өздерінің құқығын қорғай білуге тәрбилеу. Шара барысында сынып оқушыларын екі топқа бөліп төрт бөлімнен тұратын брейн-ринг ойыны ойнатылды. Екі команда «Әділет» мен «Ақиқат» жарысқа түсті.

Брейн-ринг ойыны: «Блиц - сұрақ», «Ой талқы», «Ой жалғау», «Ой елегінен өткіз» деген бөлімдерден тұрды. Ойын соңында брей-рингтің қорытындысы шығарылды. Бірінші топқа қарағанда белсенділік көрсеткен, білгірлігімен көзге түскен «Ақиқат» тобы бірінші орын алып, алғыс хатпен марапатталды. Шара барысында оқушылар заңның қолданылу аясы, заңның шығарылуы және өздерінің жеке бастарының құқықтары туралы ақпараттар алды.


1 2