PDF Басып шығару E-mail
Автор: Administrator   
30.04.2013 00:00

FFK1

 

Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойы эмблемасына жарияланған байқаудың жеңімпазы Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетінің түлегі Динара Шөкееваның жұмысы болды.

 

Байқауға ұсынылған 17 жұмыстың арасынан комиссия Дина Шөкееваның ұсынған эмблемасын бекітті. Логотип барлық инстанциялар бойынша келісу кезеңдерінен өтті және қазақ футболының 100 жылдығын мерекелеуге арналған барлық мерейтойлық шараларда қолданылады.

 

«100» санының нөлдерінің бірінде құрамында әйгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов ойнаған алғашқы «Ярыш» футбол клубының эмблемасы, екінші нөлде футбол добы бейнеленген.

 

Композицияның оң жағында футболдың соншалықты танымалдығының белгісі ретінде жер шарының 5 құрлығын білдіретін бес түрлі-түсті жолақ бейнеленген.

 

Шеңбердің төменгі жағындағы - «1913-2013» жазуы - футболдың құрылу және 100 жылдықты мерекелеу даталары. Даталардың екі жағында да ұлттық ою-өрнек бейнеленген.

 

Логотипте қолданылған түстер геральдикалық талаптарға, ал «Қазақстан футболына 100 жыл» символикалық таңбасы - қазіргі дизайн талаптарына сай жасалған.

 

Бұл жазу эмблеманың периметрі бойынша орыс және ағылшын тілдерінде орындалған (Қазақстанның футбол федерациясы ФИФА мүшесі болып табылатындықтан)», - деп түсіндірді эмблеманы М.Құржықаев.




Баға жетпес тарту

Қазақ футболының 100-жылдық мерейтойына арналған арнайы шығарылымымыздың осы санында "Ярыштан" қалған жалғыз ғана суретке жаңадан қосылған жәдігер жайын сөз етпекпіз. Қазақстандағы алғашқы футбол командасы "Ярыштың" (Жарыс) таңбасы төрт жыл бұрын атамекенге оралған болатын.

Команда капитаны Юнус Нығматуллиннің жиен қарындасы - Рәмиса Германияға осыдан 8 жыл бұрын көшкенде құнды жәдігерді өзімен бірге алып кеткен екен. Ол тарихи жәдігерді көзінің қарашығындай сақтап келіпті. Ғасырлық тарихы бар таңба қазақ футболының отаны - Семейге, дәлірек айтсақ, қаладағы татар қоғамдық-мәдени орталығының мұражайына тапсырылған еді.

Белгі алғаш рет "Ярыш" командасы пайда болғанда әдейілеп қолдан әзірленіпті. Оның дәл ортасында арабша "Ярыш" деп жазылған. Қайткенмен де арада 100 жыл өтті ғой, таңбаның маңайындағы алқызыл түсті жібек матасы ескіріп, ақшыл тартып үлгерген. Ал, құнды жәдігер - эмблеманы Рәмиса Нығматуллинаның өзі Германиядан әдейілеп алып келіпті. "40 жылдан артық сақтап, өзім қайда көшсем, сонда бірге алып жүрдім. Бірақ бұлай сақтағанмен өмір өтіп барады. Егер шетелде қалып қойса, жәдігер бұл жақтағыдай бағаланбас еді деп ойлаймын. Мен эмблеманы ертерек әкеліп тапсырмаққа бел байладым, бірақ шыны керек, оған дайын болмадым. Тіпті, Мұрат Әуезовтің өзі маған: "Алматыдағы мұражайлардың біріне әкеліп тапсырыңыз"- деп еді. Оған мен көп ойланып-толғанып, ақыры Семейге әкелуді шештім. Семейдің тарихынан сыр шертетін таңба өз елінде болғаны дұрыс деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін әкеліп тапсырмауымның тағы бір себебі, шыны керек, қимадым. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мирас болған құнды дүниені уысымнан шығару өте қиынға соқты. Қазір жаным тынышталып, жай тапқандықтан әдейілеп сырлы Семейге келіп, осы мұражайға табыс етіп тұрмын!- деген болатын осыдан төрт жыл бұрын құнды жәдігерді мұражайға табыстау салтанатында.

Иә, биыл "Ярыш" командасының құрылғанына тура бір ғасыр толады. Газетіміздің алдыңғы санында атап өткендей-ақ, топ құрамында қазақ, татар, өзбек ұлтының спорт шеберлері болған. Команда капитаны Юнус Нығматуллинмен бірге қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов те теңбіл доп тепкен. Ол кезде қазақтың біртуар ұлы Семейдегі 5 кластық училищеде оқып жүріпті. "Мұхтар Әуезов және спорт өнері" кітабының авторы Өмірзақ Сембайұлының айтуынша, команда құрамында қазақтың қаймақтары, яғни зиялы қауым өкілдері өнер көрсеткен, ал олардың көбі сол тұста болған Азамат соғысы кезінде қаза тапқан.

Рәмиса Нығматуллинаның баға жетпес тартуы - қазақ футболының тарихы мен сырын ішіне бүгіп тұрған көне таңба өскелең ұрпаққа аманат болып қалмақ. Команданың мерейтойында дүйім жұртшылықтың көзайым болатыны зор мақтаныш!..

Әдебиет:

Ермырза, Әйгерім. Баға жетпес тарту [Мәтін] : [Қазақстандағы алғашқы футбол командасы "Ярыштың" таңбасы төрт жыл бұрын атамекенге оралған болатын] / Ә. Ермырза // Ертіс өңірі . - 2013. - 23 қаңтар. - Б. 4.

 

 

Геолог – футболшы

21Семей геологиялық-барлау техникумының 1952 жылғы түлегі Рахымов Ғазиз Ергазыұлы Саяқ геологиялық-барлау партиясына техник-геолог ретінде жолданады. Айта кетерлігі, бұл білім мекемесінде оқып жүргенінде Ғазиз Ерғазыұлы "Спартак" футбол қоғамы құрамасының намысын қорғаған екен. Оған дәлел - мөлшермен 60 жыл бұрынғы курстас замандастарымен футбол алаңында бірге түскен сарғайған ескі фотосуреттер. Бұл ақпарды аталмыш оқу орнының ұжымы да растап отыр.

Ғазиз Ерғазыұлы 1962 жылдың мамырынан бастан 1963 жылдың күзіне дейін Бөке кенішіндегі "Алтайзолото" тресінде жаңа техника мен рационаландыру бойынша инженер қызметін атқарады. Кейіннен "Бөке" кенішінде бас геолог, ал 1975 жылы "Алтайзолото" тресіңде жобалық-сметалық бөлімнің бас геологы лауазымдарына көтеріледі. Ал, 1963 жылы О.Ленин атындағы Қазақ политехникалык институтына оқуға түседі. 1970-82 жылдары Рахымов Ғазиз Ергазыұлы Семей геологиялық-барлау колледжінде өмірінің соңғы сәтіне дейін студенттерге сабақ береді.

Еліміздегі танымал Саяқ полиметалдық кен орнын ашқандардың бірегейі саналатын Ғазиз Ергазыұлы өмірде өте еңбекқор, мейірімді де кең пейілді адам болған екен. Өкінішке орай, қазақ азаматтарының ішінен шыққан геологтардың ішінде футболды сүйіп ойнаған Ғазиз Ерғазыұлының өмірбаяны, жалпы футболға деген ынта-жігеріне қатысты мәліметтер сақталмаған-ды.

22 23

 

Орта бойлы, қараторы, өзінің қарапайымдылығымен бірден көзге түсетін қазақ жігітінің замандастары да бүгінде өмірден озған. Осыған орай, ол кісіні танитын жандар табылып жатса, редакциямызға жазған естеліктері мен дереккөздерін жолдауларына болады!

Әдебиет:

Ермырза Ә. Геолог – футболшы // Ертіс өңірі. - 2013. - 30 қаңтар. - Б. 9.

 

 

Елкебаев және қазақ футболы

Бұл өмірде әр адам артына әртүрлі із қалдырады. Біреулер өзінің жалғасы етіп ұрпақ қалдырса, екіншілері - елеулі ісі мен асыл сөздерін халқына мұра етіп арнаған. Солардың бірегейі - ұлы данышпан ақын, ойшыл, философ Абай; ғалым, этнограф, тарихшы Шоқан Уәлиханов; 1864жылы 8 қаңтарда бірінші болып қазақ мектебін ашқан ағартушы Ыбырай Алтынсарин; патша өкіметіне деген құлдық санадан арылуға "Оян, қазақ" өлеңімен бүкіл бұқараны оянуға шақырған Міржақып Дулатов т.б. тұлғалар әлі күнге дейін халқының жадында. Ондай адамдар кейін де болған, қазір де ортамызда жүр.

Осылардың қатарына қазақ еліне бірінші болып футболды әкелген Семей қаласының тұрғыны, ағартушы Рахматулла Мингалиұлы Елкебаев енеді. Ол футболды өзі басқарған мектеп оқушыларына 1905 жылы сыйға тартқан. Осы кезден бастап футбол ойыны Қазақстанда бастау алып, дами бастайды. Ол кезде футболдың не екенін білмеген балалар оны "аяқ добы" деп атаған. Балалар футболды 1899 жылы салынып біткен Мусин диірменінің алдындағы алаңда ойнаған. Мектеп пен диірменнің арасы жақын көшенің бір кварталы ғана бөліп тұр. Бұл жерде ойнау себептері: мектептің алды Ертіске қарай еңіс, біреу допты қатты теуіп қалса, тура Ертістің суына бір-ақ түседі. Ал диірменнің алдындағы жер жазық, ғимараты ұзын, үйлер жоқ, сондықтан бұл алаң доп ойнағанға өте ыңғайлы болатын.

Оқырмандарымызға ескерте кетейік: XX ғасырдың басында Ертістің суы бұрынғы диірмен, қазіргі метиз-фурнитур зауытының қасына жетіп тірелген.

Тіпті, диірменге пароходтар бидай әкеліп, ұнды әкетіп отырған. Оның өндірген ұны сонау Францияға жетіпті деген сөз бар.

Қазақ футболының 1905 жылы бастау алғанын және оған себепкер болған Рахматулла Елкебаев болғанын деректермен бекітейік. Ол үшін 1996 жылы шыққан Олимпиаданың ғасырлық мерзіміне арналған аудармалы күнтізбеге жүгінейік. Оның бірінші беташар парағында Жастар ісі, туризм және спорт министрі болған Бірғаным Әйтімова Олимпада қозғалысынын маңызын, оған кіретін мәртебелі футбол ойыны туралы сөз етеді. Онда: "...Олимпийские идеи, заложенные Пьером де Кубертеном, несут миру гармонию : духовного и физического развития Человека. Возводят мосты взаимопонимания между народами.

Перекидной олимпийский календарь подготовленный Издательством "Жібек Жолы" посвящен спортивной и олимпийской летописи Казахстана Идея создания этого календаря - возродить былые спортивные традиции нашей страны, привить любовь к спорту у подрастающего поколения...", деп олимпиадалық қозғалыстың дүниежүзі халықтарының достық қатынастарын нығайтып, дамытудағы маңызын келтіреді.

Күнтізбенің 13 шілдеге арналған парағында министр: "Футбол входил в программу всех олимпийских игр, кроме Олимпиады 1932 года.. Олимпийским чемпионом 1988 года в Сеуле стал защитник алматинского "Кайрата" Евгений Яровенко. Казахстанский футбол начинает свое летоисчисление с тех пор, как в 1914 году в Семипалатинске были проведены первые официальные встречи сборных прииртышских команд Правобережья и Левобережья. А первые команды в Казахстане появились еще в 1905 году. Именно тогда в учительской школе, основанной Р.Елькибаевым впервые начали играть "ножной мяч". В 1913 году была организована команда "Жарыс". Примечательно, что одним из лучших футболистов был полузащитник Мухтар Ауэзов - будущий классик казахской литературы. "Жарыс" был не только футбольной командой, но и спортивным, культурно-просветительским обществом"-дейді. Бұдан әрі жиі кездесе қоймайтын футбол ойынының Қазақстандағы даму кезеңдерін, жетістіктерін, атақты ойыншылар аттарын келтіріпті.

Ал, бізге ең керектісі "...А первые команды в Казахстане появились еще в 1905 году. Именно тогда в учительской школе, основанной Р.Елькибаевым, впервые начали играть в "ножной мяч" дегені.

Семейде пайда болған футбол ойыны бірінші болып Елкебаевтың жетім балаларға арналған мектебінен бастау алып, қала балаларының арасында біртіндеп кең өріс алып, бүкіл Қазақстанға тарай бастайды.

Бірінші болып Әміржан Ситдықов пен Нәсір Миршановтар бастаған бір топ мектеп оқушылары диірмен алдындағы алаңға допты алып шығып ойнағандарынан басталады. Мұны қызық көрген балалар қаланың әр жерінен келіп футбол ойынын қызықтайды, әрине, бірінші болып ойнаған мектеп балалары. Ә.Ситдыков пен Н.Миршановқа допты "әкелері" Рахматулла Елкебаев жақсы оқығандары үшін сыйға тартқан. Бұларға кейіннен 1907 жылы Семейге келіп 5 кластық қалалық орыс училищесіне оқуға түскен, олармен достасып кеткен Мұхтар Әуезов келіп қосылады. Осылай футбол ойыны Қазақстанда тұңғыш рет басталып кетеді.

Бастапқыда "аяқ добын" қызық көрген, Елкебаев басқарған мектеп жатақханасында тұратын ер балалардың көпшілігі ойнайды. Футбол ойнауға қаланың басқа да оқу орындарынан келіп қатысады. Осылардың арасынан доп ойынына беріліп, оны жақсы меңгерген балалар көзге түсіп, біртіндеп іріктеле бастайды. Балалар ойынын ұйымдастыруда Елкебаев өзіне көмекші етіп ұйымдастыру қабілеті бар Мұхаммед Сайдашевті, пысықтығымен ерекше көзге түскен Юнус Нигматуллинді сайлап алды. Жылдар өткен сайын үлкендер және жастар командалары болып екіге бөлініп ойнайтын болды. Доп ойыны ескі Семейден асып Жаңа Семейге де жетті. Осылай футбол ойыны бүкіл Семей жастарын "жаулап" алып, балалардың қызық ойындарының біріне айналып кетті.

34Бастапқыда олардың спорттық форма киімдері, қақпасы және сеткасы болмады. Ойын тәртібін білмеген балалар допты жай теуіп ойнады. Кейіннен осылай қалыптаса бастаған балалар кақпа орнына жай белгі қойып. екі жаққа бөлініп ойнай бастады. Жаңа Семей мен ескі Семейдің балалары екі командаға бөлініп қарама-қарсы жарысқа түсетін болды. Балалар ойынын бір жүйеге келтіру үшін мектеп директоры (меңгерушісі) Елкебаев балаларға ойнау ережесін үйрете бастады. Оған көмекші болған Мұхаммед Сайдашев өзі де командада ойнады және балалар ойынын басқаруды өз қолына алды.

Қала өміріне белсене қатысатын Рахматулла Елкебаев 1906 жылы қалалық Мемлекеттік Думаға кандидат болып сайысқа түседі де, депутаттық мандатты ұтып алады. Ол Думаның сессиялық мәжілістерінде деггутаттарды қалаға жаңа балалар ойынының - футболдың келгенінен хабардар етіп, бұл жаңалықты қолдауды қала, мекеме, өндіріс басшыларының қолдауын өтінді. Оған мұндай лауазым тек жекеменшік мектепті ұстауға ғана емес, футбол командасын құрып, аяғына тұрғызуға көмегін тигізетін болды. Енді ол қаладағы Мусин, Плещеев, Хамитов сияқты қалталы байлардан көмек сұрай алатын дәрежеге жетті.

Депутат Рахматулла Елкебаев қала басшылығынан балалар ойнайтын алаңды сұрап алды. Жаңа ойынды қолдаған демеушілер табылып, қолдарынан келген көмектерін жасай бастады.

Жаңа бастаманы алға бастыруда оның көмекке Мұхаммед Сайдашевті шақыруы тегін емес еді. Ол әскери тәртіпті ұнататын және әскери тәртіптен хабардар еді, келешекте офицер болғысы келетін, жастармен жұмысты ұйымдастыра алатын жақсы танысы еді. Осы қабілеттерін білетін ұстаз оған көп сенім артатынын білдірген. (Елкебаевтың бұл ойы ақталып Сайдашев кейіннен патша әскерінің офицері, Ресей Мемлелеттік Думасының депутаты болды).

Сайдашев бұл ұсынысты бар ниетімен қабыл алып, кешікпей жұмысқа кірісіп кетті. Юнус Нигматуллин екеуі ойынға қатысатын балалар тізімін жасап, оларды екіге бөліп, ойнайтын жерді белгіледі. Оның басқаруымен балалар жазда женіл атлетикамен, қыста коньки тебумен шұғылданатын болды. Енді футбол ойынымен қатар дене шынықтыру сабақтары бірге жүретін болды. Ол футбол ойынын бір жүйеге келтіру үшін балалардың өздерін бұл іске қатыстырды, солармен талқылады, пікірлерін сұрап, керектісін енгізіп отырды. Ол балалармен жиналыс өткізіп, ойнау ережесін талқылап, балалардың ұсынысымен болашақ команданың атын "Ярыш" деп қойды. Команданың "Ярыш" атты қабырға газеті жарық көріп тұрды. Газеттің алғашкы редакторы етіп балалар Мұхтар Әуезовті сайлап алды.

Мұхаммед Сайдашев балалардың бұл ұсынысын қолдап:

- Әскерде әр взводта апта сайын; қабырға газеті шығып тұрады. Онда солдаттар әскери дайындықтағы бар жетістіктері мен кемшіліктерді көрсетіп жазады. Солдаттар әскери дайындықты шыңдау жолдарын ұсынады. Сол сияқты біздің қабырға газетіміз футбол ойнаудағы жетістіктерді, кемшіліктерді ашып, жақсы ойнау жолдарын талқылауымыз керек, - деген.

Футбол ойынын дамытуда Рахматулла Елкебаев көмекшілерімен бірге "Русский спорт" журналын оқып, балалар арасында талқылап, орыс ағайындармен қарым-қатынас жасап, жаңа ойынның қыр-сырын меңгере бастайды. Білмегендерін біліп, балаларды жана ойынға баулиды.

35Жаңашылдық Рахматулла Елкебаевтың табиғатында бар қасиет болca керек. Ол 1907 жылы өзінің кітап қорынан оқу залы - кітапхана ашқан. "Русский спорт" журналын алып тұрған. Кітап және оқу құралдарын сататын "Ярдам-Помощь" компания басқарушыларының бірі болатын. Ол осы жылдан бастап өмірінің соңына дейін Орыс географиялық қоғамының Семейдегі бөлімшесінің мүшесі болған. 1913 жылдан "Потомственный почетный гражданин Ф.Хамитов и Ко" команиясына қарасты Сауда үйінің баскарушысы Ф.Хамитов, оның компаньоны М.Хамитова мен Р.Елкебаев жұмыс істеді. Көріп отырғанымыздай Рахматулла Елкебаев қаладағы абыройлы, беделді азаматтардың бірі болған.

Күндер өтіп, ойнағысы келмейтін балалар кетіп калды, олардың орнына жаңадан келген балалар қосылды. Футбол сүйгіштер тұрақтағанда ұйымдастыру жиналысы өтіп, оңда команданың капитаны болып Юнус Нигматуллин сайланып, жарна төлеу шешімі қабылданып, оның көлемі тағайындалды.

- Біздің жинаған ақшамыз спорттық форма, доп және қақпа мен сетка сатып алуымызға жұмсалады, - деп түсіндірді Сайдашев. Жиналыста бұл жұмыс команда капитаны Юнус Нигматуллинге жүктелді. Жиында балалар команданың эмблемасы туралы ұсыныс көтерді.

- Оған конкурс жариялайық. Ойланып көріңдер. Келесі жиналыста бекітеміз,- деп ұсыныс жасады мектеп директоры. Кезекті жиналыста бірнеше атаулар ұсынылды, көпшіліктің ұйғаруымен "Ярыш" атын эмблемаға жазу бекітілді.

 Дербес команда болғаннан кейін оның эмблемасы болуы керек,- дегенді ұсынды балалардың бірі. Бұл да қызу талқыға түсіп, келесі жиналыста команданың эмблемасы бекітілді. Онда "Ярыш" сөзі араб әріптерімен жазылған белгі бекітілді. Бүл 1912 жыл болатын. Келесі, 1913 жылы, "Ярыш" деген сөздің астына қазақша "Жарыс" деп қосылып, араб әріптерімен жазылды.

Елкебаев, Сайдашев пен Нигматуллиндер команда мүшелеріне ойын ережесін сактау тәртібін, талапты күшейтті. Еңді балалар ойынды көктем шығысымен, күзде оқу басталысымен аптасына екі рет ойнайтын болып келісті. Команда талаптарын қолдамаған ойыншылардың көпшілігі кетіп, сандары 12-14 балаға дейін азайды.

Футбол ойынын ұйымдастырушылар жаңа ойын туралы мәліметтерді "Русский спорт" журналынан бірнеше нөмірлерінен оқып, мәлімет ала бастады. Одан ойын тәртібін, ережесін оқып, киім үлгілерін көрді. Енді соларды іске асыру мақсаты тұрды.

Бұған керек қаражатты Елкебаев тауып, ойыншыларга спорттық киім тіккізді, кейбіріне киімдер мен бұйымдарды орыс әріптестерінен сатып алып, команда мүшелерін түгелдей камтамасыз етті. Сөйтіп, команда ойынға әркашан дайын болды. Бұл үшін Елкебаевтың өзі істеген жерлерінен, демеушілерден қаражат жинады. Сома жетпей бара жатқанда жарнадан жиналған ақшадан қосылды.

Спорттық киімдер, футбол, қақпа мен сетка сатылып алынған соң Елкебаев пен Сайдашев балалармен тәжірибе бөлicyге ойынды жақсы білетін Алексей Михайлович Огородниковты шақырып, жаттығу өткізіп, ойынды шыңдай берді. Бұл ойын орыс балаларының арасында да орын алған болатын. Оған мұрындық болған, кейіннен, 1912 жылы Семейге келген Николай Николаевич Куприянов болды. Ойыншыларға деген талап бір жүйеге түскен соң қала балалары қайта келе бастады да, олардың саны кей кездері 30-дан асьш жығылды.

"Ярыш-Жарыс" командасы 1913 жылы ресми түрде құрылып, Жаңа Семейдің футбол командасымен бірінші рет ойын өткізді. Осы жылдан бастап Қазақстанда бірінші футбол командасының құрылғаны болып саналатын болды. 1914 жылдың 16 наурызында фотоға түскен команданың құрамында 24 ойыншы бала бар. Онда бірінші қатарда: Ғабдрауф Сайфутдинов, Мидхат Мирсалимов, Молдабаев және Салах Хисматуллин; екінші қатарда: Жаббар Мухамедшин, Әміржан Ситдықов, Мухамедулла Құрманов, Ғабделнәсір Миршанов, Сабыржан Ахмедшин, Ғабделбар Сайфутдинов; үшінші қатарда Ғабделғазез Кәрімов, Омар Насибуллин, Бекметьев, Ахметсәлім Кәрімов, Қасымжан Мухаммедов, Ғабделхақ Ғаббасов, Мұхтар Әуезов, Зиятдин Рысбаев; төртінші қатарда Кәрім Бикмаев, Ғұсман Ямбушев, Юнус Нигматуллин, Мұхаммед Сайдашев, Рифкат Фаизов, Ғабделбар Ғұсманов тұр.

Бұл Қазақстандағы бірінші "Жарыс" футболшылар командасы ойыншыларының фотосуреті Рахматулла Елкебаевтың қызы Халиданың қолында сақталған. Бұл фотосуретті Халида Рахматуллақызы ағасы Нәсір Миршановтың әйелі Рәзия Миршановадан алыпты.

Халида Рахматуллақызы қолындағы футболшылар фотосуретінің бетінде араб әріптерімен: "Футбол командасы Ярыш. Семипалатинск. Бір мың тоғыз жүз он төртінші жыл, он алтыншы март" деген жазуы бар", деп кириллица әріптерімен жазып берді. Ол тағы да: "Екінші қатарда сол жақта бірінші болып тізерлеп тұрған менің нағашы ағайым Жаппар Мұхаметшин, қасында менің ағайларым Әміржан Ситдықов және бір баладан соң Әбдінәсір Миршанов тұр. Ал, үшінші қатарда тік тұрғандар оң жақтағы екінші Мұхтар Әуезов - менің әкемнің оқушысы және ағайларымның досы" деп бұрыннан білетін ағаларын, таныстарын анықтады. Ағасы Әбдінәсір Миршанов суреттегі басқа балалардың да аттарын айтқан екен, бірақ жылдар өтісімен ұмытып қалыпты. "Командада негізінен балалар менің әкемнің мектебінен болғаны туралы айтқаны жадымда қалыпты"- деп есіне алады қарт ана. Және "Ярыш" футбол командасының эмблемасының төбесінде арабша "Ярыш", төменгі жағында "Жарыс" деп жазылғанын жазып берді.

Халида Рахметоллақызы ағасы Нәсір (Әбдінәсір) Миршановтан, жеңгесі Рәзиядан футбол туралы, ойнаған балалар туралы естігенін жиі есіне алады. Әрине, жүзге тақап қалған кейуана көбін ұмытып қалған.

"Ярыш-Жарыс" командасы небәрі 3-4 жыл өмір сүріп, жаңа қоғамның келуімен 1917-1918 жылдары тарап кеткен.

Енді Семейде футбол ойынын насихаттаған адамдардың тағдыры туралы қолда бар құжаттарды қолдана отырып айтайық.

Рахматулла Елкебаев Қазан қаласындағы медресені бітірісімен Семейге жолдамамен мұғалімдікке келеді. Ол келген бетінде алтын өндірісімен шұғылданатын Хамитовте приказчик, кен орнының меңгерушісі болып істейді, жалақысына алтынмен 125 рубль алып отырады, осыдан бөліп қор жинайды. Ол кен орындарын аралап жүріп жетім балалардың ауыр жұмысын көреді. Оларға қалайда болсын көмегін тигізбек шешімге келеді. Рахматулла осы жылдары ақша жинап, алдымен қазіргі Абай және Панфилов көшелерінің қиылысындағы екі қабатты үйді өзіне тұрғызған. Өз қаражатымен қоса Семейдегі байлардың, әсіресе меценат Хамитовтың көмегімен жетім мұсылман балаларына арнап мектеп ғимаратын салдырады. Ғимарат қызыл кірпіштен, сыртқы көрінісі Мусин диірменінің архитектурасына ұқсас салынған және екі ғимарат су құбыры жүйесімен қосылған. Осыған қарағанда бұл үйді салуда Мусиннің де үлесі бар ма деген тұжырымға келуге болады. Және солардың құрылысшылары салды ма екен деген ой туындайды. Олай болса, мектептің үйі ХІХ ғасырдың соңында, ХХ ғасырдың басында іске қосылған. Бұл кезде Рахматулла Елкебаев жиырмадан асқан жігіт. Сол кезде салынған мектептің үйі әлі күнге дейін бар, қазіргі Ильяшев көшесінде. Фетиз-фурнитур зауыты арасын Панфилов көшесі ғана бөледі. Мектеп үйінің бірінші қабатында жетім балалар жатақханасы мен ас үйі, екінші қабатында терезелері үлкен оқу кластары болған. (Қазандық орнының қалдығы 1992 жылға дейін болды, қазір жекеменшік үй, бұрынғы қызыл кірпішті үй сыртынан ашық бояумен боялған).

Осы жолдардың авторы сол жылдары осы үйде болып, асты-үстін аралап көрген. Ол үй Кеңес өкіметі ыдырағанға дейін қала тұрғындарына Семей қалалық білім беру бөліміне қарасты сурет салу өнері мектебі атымен белгілі.

Рахматулла Елкебаев балалар тәрбиесіне өте мән бере отырып, өмір бойы өз білімін жетілдірумен шұғылданған адам. Медреседе жүріп орыс тілін жете меңгеру үшін қосымша сабақ алып отырған. Семейде тұрған жылдары майлы бояумен сурет салған. Өзінің жұмыс бөлмесінде картиналары ілулі тұрған. Скрипкада ойнаған. Әдебиетпен де шұғылданған. Оның "Халық сөзі" газетінің редакторы болғанын жоғарыда келтірдік. Бізге белгілі бір материал - ол семейлік сағатшы Ғали Сарбаевтың Ертістен қайықпен ұшып өтіп??? қайта оралғаны туралы 1914 жылғы "Шура" журналының 19 нөмірінде жарияланғаны белгілі. Ол мектепте, училищеде география мен жаратылыстану пәндерінен сабақ берген. Жануарды жақсы көрген. Үйінде "Артист" және "Чародейка" деген аттары, сиырлары болған. Қоғамдық жұмыспен белсенді түрде шұғылданған. 1912 жылы Семейде "Оян, қазақ!" өлеңі үшін сотталған Міржақып Дулатовтың қорғаушысы болып сотқа қатысқаны белгілі. Оның Қазақстанда бірінші болып жетім балаларға мектеп ашып, бірінші доп ойынын насихаттағаны туралы жоғарыда келтірдік. Оның төрт баласы болған. Бәрі жас кездерінде дүниеден өтіп, жалғыз қызы Халида ғана қалған. Рахматулла Елкебаев ауырып, 1919 жылы 41 жасында дүниеден өткен.

Халида Рахматуллақызы Елкебаева-Лекерова мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Әзімбай Лекеровтың жұбайы болған. Халида Рахматуллақызы 1915 жылы 6 қаңтарда туған. Биыл 98 жасын атап өтті.

Күйеуі тұтқындалғаннан кейін кәрі шешесі Нафиса, төрт жастағы Айседора мен емшектегі Әлфиямен тұрған үйлерінен, оқып жүрген институтынан қуылған. Ол да әкесі сияқты биологиядан, химиядан сабақ берген. Әкесіне ұқсауға тырысқан.

Өмір тәлкегін басынан кешіре жүріп, балаларын өсіріп-жеткізген, өзі "Қазақстанның еңбегі сіңген мұғалимасы" атағымен зейнеткерлікке шыққан. Қазір немере, шөбере көріп отырған кейуана. Ол әкесі, әжесі, шешесі, әсіресе Әзімбай туралы естеліктерін айтып, жазып келеді. Жоғарыда келтірілген деректер Халида Рахматуллақызынан алынды. 25 жасында жесір қалған ол өмірінде жалғыз Әзімбай Лекеровты ғана сүйіп, басқа жігітпен тұрмыс құрмаған адал жар, үлгілі ана.

Халида Рахматуллақызының айтуы бойынша Елкебаевпен бірге "Ярыш" футбол командасын құрған Мұхаммед Сайдашев. Ол қоғам ауысқанда еліне оралып, Қазан түбіндегі запастағы полкта қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысы жылдары Татарстандағы Ақтаныш ауылындағы мектепте мұғалім болып істеген.

Халида Рахматуллақызы: "Допты бірінші болып менің ағаларым Әміржан мен Нәсір ойнады. Кейіннен Семейдің оң және сол жағалау командалары ойнады. Нәсір аға фотодан әкемнің мектебінде оқыған көп балаларды "Ярыш" командасының фотосуретінен көрсеткен, бірақ көбін мен ұмытып қалыппын", - дейді.

Халида Рахматуллақызы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің училищеде оқығанын, әкесінен дәріс алғанын және ағаларымен дос болғанын айтып отырады. Және оның әкесінің үйіне ағаларымен келіп жүргенін де есіне алады.

"Ярыш" командасының жартылай қорғаушысы болған Мұхтар Әуезовтің өмірбаяны оқырмандарға аян.

Қасымжан Мұхамедов Өзбек ССР Ғылым академиясының ғылыми қызметкері болған.

Салах Шайхутдинұлы Хисматуллин команданың жартылай қорғаушысы болған. Кейіннен жазушы болып, бірнеше шығармаларын жарыққа шығарыпты.

Юнус Нигматуллин туралы жергілікті басылымдарда жиені Рамниса жариялаған.

Әміржан Ситдықұлы Ситдықов (1898-1984) - Рахматулла Елкебаевтың асыранды ұлы, Семей губерниясы Бесқарағай уезінің тумасы. Елкебаев басқарған жетім мұсылман балаларына арналған 5 кластық училищені бітіріп 8 кластық ерлер гимназиясын тәмамдаған.

Ол 1918 жылы гимназия бітіріп, жұмыс жолын ауыл мектебінде бастайды. 1924 жылы Москвадан Халық ағарту институтын бітіреді. 1925-1928 жылдары Семейдегі педагогикалық техникумда істейді. Осыдан кейін Алматыда ҚазАССР Халық ағарту комиссариатында әдістемеші (методист), Абай атындағы педагогикалық институтта педагогика кафедрасының доценті, кейіннен Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары, директоры болады. Ол "Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары және ағартушылық жұмыстары" атты монографияның авторы. Әміржан Ситдықов "ҚазССР Еңбегі сіңген мұғалімі", педагогика ғылымдарының кандидаты, қазақ педагогикасының негізін қалаушылардың бірі. Ә. Ситдықов Елкебаевтардың үйінде 1928 жылға дейін тұрған. 1932 жылы Халида Әзімбайға тұрмысқа шығып, Алматыға шешесімен көшіп кетеді.

Әбдінәсір Абдулғаниұлы Миршанов (1896-1964) Семей губерниясы Павлодар уезінде туған. Жетім мұсылман балаларға арналған 5 кластық училищені бітірген соң 8 жылдық ерлер гимназиясына түсіп, оны 1918 жылы бітіреді. Екі жылдық педагогикалық курсты тәмамдаған соң Павлодарда мұғалім болып істеген. Павлодарда бастауыш мектептің меңгерушісі, Павлодар уезінің халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, Кеңес партия мектебінің директоры қызметтерін атқарған. Миршанов Павлодарда жүргенде әкесінің жазған хаттары әлі де сақталған. Қазақ мектептерінің бірінші кластарына арналған Әліппенің авторы. Бұл кітап 12 мәрте басылып шыққан. Ә.Миршанов- филолог, лингвист, педагог. Әбдінәсірдің Мұхтар Әуезовпен дос болғаны Ахмет Әуезовтің "Жас Мұхтар" (Алматы, "Жалын" баспасы, 1977 ж.) кітабында жазылған. Әбдінәсір әкесінің үйінде Павлодарға кеткенше, 1920 жылға дейін тұрған.

Жаппар Халелұлы Мұхаметшин (1900-1952) Семей қаласының тумасы. 8 кластық ерлер гимназиясын тәмамдаған. Ташкентте Мемлекеттік Орта Азия университетін бітірген соң Қарақалпақ АССР, Қазақстанда геологиялық барлау экспедицияларында істеген.

Міне, біз Семейде Рахматулла Елкебаевтың Қазақстанда тұңғыш жетім балаларға арнап мектеп ашып, оның 5 кластық мектепке айналғанын, республикада бірінші футбол ойынының басталуына, дамуына мұрындық болғанын баяндадық. Және "Ярыш" командасының құрамында болған балалар жайлы қолға түскен құжаттар бойынша дерек бердік. Мінеки, солар бастаған ойынның Қазақстанда өріс алғанын ХХІ ғасырдың ұрпақтары атағалы отыр. Семейіміз келешекте де осы іспеттес жаңалықтардың куәгері бола бергей!

Әдебиет:

Қалиақпаров Шаймардан. Елкебаев және қазақ футболы // Ертіс өңірі. - 2013. - 20 наурыз. - Б. 20.

http://www.baq.kz

 

 

 

Өмірзақ Сұлтанов: «Біздің құрамада өнер көрсетіп жүрген легионерлер әлемдік деңгейде атағы шыққан футболшылар емес...»

Қазақ футболына 100 жыл толмақ биыл. Отаны Семей болып табылатын осы көпшіліктің сүйікті ойынының ғасырлық тойын тойлауға дайындық қандай? Жалпы, қазақ футболының жай-күйі жайында Шәкәрім атындағы СМУ профессоры, С. Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты Өмірзақ Сұлтановпен әңгімелескен едік.

- Дерек көздері қазақ футболының тарихын 1913 жылдан іздесе, қазіргі таңда кей адамдар бұл айтулы мерзімді Қазақстан футбол федерациясы құрылған уақытқа сәйкестендіреді? Бұл қалай болғаны?

- Бұл туралы қазіргі таңда айтылып та, жазылып жатыр. Бұл датамен келіспейтін де пікірлер болған. Бірақ, тарихи деректерді қарайтын болсақ, 1913 жылы қазақ футболы алғашқы рет Семейден бастау алғанына ешкім де дау тудырмайды. Деректерге жүгіну керек. Сан-саққа ой жүгірткеннен түк шықпайды. Мен айтар едім, сүйенетін дәлелдер өте көп. Ең бірінші сол кезде Семейде футболдан алғашқы командалар құрыла бастағанда, сол топта ойнаған адамдардың естеліктері дәлел. Сол командалардың бірегейі "Ярыш" командасы. Командада ойнаған Ә. Миршанов деген азамат 1959 жылы "Спорт" газетіне өз естелігін жазып кеткен. Одан кейін 70-ші жылдары "Ярыш" командасында ойнаған С. Хисматуллин атты ойыншы да өз естелігін қалдырған. Аталған "Ярыш" командасында кейін әлемге әйгілі болған Мұхтар Әуезов те ойнаған. Сол Мұхтардың ағасы Ахмет Әуезов өзінің "Бала Мұхтар" атты кітабында тарихи деректермен дәлелденген мәліметтер жазған. 1963 жылы Семейде Қазақ футболының 50 жылдығын тойламақшы болып, Семей облыстық спорт комитетінің бастығы, Семей облыстық футбол федерациясының төрағасы, т.б. сол кездегі республикалық спорт комитетінің төрағасы Ахметовке арнайы ресми хат жазады. Ол хатта көзі тірі болған Семей футбол командаларының, "Ярыш", "Нептун", "Ласточка" т.б. ойыншыларын, футбол ардагерлерін жинап, бастарын қосу туралы ұсыныс айтылған. Сондықтан, биыл біз Қазақстан футболының 100 жылдығына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл өте дұрыс шара деп ойлаймын.

- Жақында "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған мақалаңызда қазақ футболының заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің есімімен тікелей байланысты депсіз. Тарқатып берсеңіз.

- Мұхтар Әуезовті көпшілік атақты жазушы, ғалым ретінде біледі ғой. Бірақ ол кісі жастық шағында Қазақстанға таңсық спорт түрімен шұғылданып, футбол ойнағаны, оның үстіне алғашқы құрылған "Ярыш" атты командада белді ойыншы болғаны көпшілік үшін жаңалық. Бұл біз үшін мақтаныш та, өздеріңіз білесіздер, ол кезде Семейде қазақ жастары көп болмаған. Сол шақта семинарияда оқып жүрген жас Мұхтар осы спорт түрін ұнатып, жай ермек ретінде емес, кәдімгідей бар ынтасымен ойнаған екен. Жарыстарға қатысып қана қоймай, Миршанов, Хисматуллиндердің естеліктерінен байқағанымыздай, бірнеше голдың да авторы болған. Жалпы Мұхтар Омарханұлы бала күнгі футболға әуестігін есейгенде де ұмытпаған. Естеліктерге назар салсақ, ол сол кездерде Алматыда тұрып, шығармашылықпен айналысып, ұстаздық етіп жүргенде, "Абай жолы" роман-эпопеясын жазып жатқан қауырт шағында да спорт жарыстарын тамашалауға уақыт тауып отырған екен. Белгілі мемлекет қайраткері Ілияс Омаров өз естелігінде Мұхтар Әуезов қайтыс болатын жылы Мәскеуде ауруханада жатқанда ол кісінің көңілін сұрай барғанын айтады. "Мен ауруханаға барсам, Мұхтар Омарханұлы палатасында теледидардан футбол ойынын тамашалап отыр екен. Мен қатты таңғалдым. Ол кісінің футбол ойынына деген әуестігін білмеуші едім. Кеңес Одағының құрама командасы мен Түркияның құрама командасы ойнап жатқан болатын. Мен ол кісімен бірге отырып, тамашаладым. Біздің құрама команда жеңіске жетті. Есеп 1:0. Мен Мұхтарға қуанышты жүзбен "Біздің кеңестіктер жеңді ғой" дедім. Сонда Мұхтар "Мұны жеңіс деуге келе ме? Осыны да нәтиже дейді ғой. Мен алаңда борсалаңдап жүре бергенді ұнатпаймын. Ойын сүреңсіз, онша қызықты болмады" деді. Бұдан Мұқаңның футбол ойынын бес саусағындай білгенін, өзіндік пікір қалыптастыра алғанын аңғардым" депті. .

- Бүгінгі қазақ футболына "Бір адым алға, екі адым артқа" деген баға берілуде. Біздің футболдың мұндай күйден арыла алмай жатқанына не себеп деп ойлайсыз?

- Оның себептері көп. Мен футбол маманы болмасам да, спорт жанкүйерімін. Бала кезден футболды жақсы көріп, тамашалап, доп теуіп өстім. Біраз спорт журналистикасына қалам тербеп қоятын да кездерім бар. Бірталай жыл осы тақырып қызықтырды, іздендім. Спорт ойындары көп. Әлемдік аренада өзіндік орны бар спорт түрлері де жеткілікті. Олар бокс, күрес, ауыр атлетика, велоспорт. Қазіргі таңда жеңіл атлетика да өзіндік орнын айқындап келеді. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысында. Ал футбол жай спорт түрі емес, бұқаралық спорт түрі. Спорт ойындарының төресі деуге болады. Оның бір дәлелі, әлемдік футбол федерациясы ФИФА-ның құрамындағы мемлекеттердің саны 208 екен. Мұның өзі көп нәрсені айтатындай. Сондай-ақ, футбол көптеген мемлекеттерде табыс көзіне айналды. Әсіресе, Еуропа мемлекеттерінде, Латын Америкасында. Кейінгі кезде футбол Азияның Жапония, Оңтүстік Корея мемлекеттерінде қарқынды дамып келеді. Ал қазақ футболы бір орында жылжымай тұр. Не себепті? Бізде қазір нарықтық экономика орын алған. Ал, футбол ойыны әрбір қалада стадиондарда ойналады. Және ол бір адам емес, бірнеше адам ойнайтын ойын болып табылады. Негізгі құрам, қосалқы құрамы тағы бар. Басқа да шығындар кездеседі. Мұның бәрі қаражатты көп қажет етеді. Байқап отырсақ, өткен жылғы Қазақстан Республикасының футболдан чемпионатында 14 команда ойнаған екен. Биыл 12 команда қалды. Яғни, екі командаға азайды. Оның бір себебі, қызылордалық "Қайсар" командасы қаржылық қиындықтан, премьер-лигага қатыса алмайтын болды. Таяуда теледидардан көрдім, Атырау командасы да қаржыдан қысылып, футболшылардың жалақысын бере алмай жатыр екен. Басқа командаларды не деп айтуға болады бұл жағдайда. Ұйымдастырушылық тұсы да кемшін бізде. Эксперименттер көбейіп кеткен сияқты. Тәуелсіздік алған 21 жыл ішінде біраз өзгерістер орын алды. Бас кезінде біз Азия футбол федерациясының құрамында болғанбыз. 2002 жылдан бастап, УЕФА-ның құрамына кірдік. Көздегеніміз, Еуропа футбол федерациясының деңгейі Азиядан жоғары. Алайда, еуропалық футболдың тәжірибесі, дайындық деңгейі, әлеуметтік жағдайы қалай дегенмен де дамыған. Олар сан жылды артқа тастап көшілгері кеткенін мойындау керек. Ол деңгейге жету үшін әлі де біраз уақыт керек. Футболды жоғары деңгейге көтеруге біздің де қауқарымыз жеткілікті. Мысалы, велоспортты алып қарасақ, біздің команданы барша әлем біледі. Өйткені, оған арнайы көңіл бөлініп отыр. Ол еліміздегі ең үлкен компания "Самұрық-Қазынаның" тікелей қамқорлығында. Жанашырлық зор болса екен. Жалпы футбол командаларына мемлекет тарапынан болсын, ұйымдар тарапынан болсын жақсы қамқорлық көрсетіп, соны дұрыс ұйымдастыра білсе, біздің футболдың болашағы бар дер едім.

- Жалпы футбол саласына елімізде әжептәуір қаржы бөлінетінін білеміз. Өзіндік көшбасшысы жетіспейтін сияқты. Президент кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев "Қазақстан 2056 жылы әлем чемпионы болады" деген екен. Бұл келісті кекесінге сіз не дейсіз?

- Қазақстанда спорт түрлеріне көңіл бөлініп жатқанын жоққа шығара алмаймын. Олимпиада ойындарында алтын медаль алып, мерейіміз өсіп жатыр. Футболы дамыған елдерден келіп, біздің құрамада өнер көрсетіп жүрген легионерлер әлемдік деңгейде атағы шыққан футболшылар емес. Жоғары деңгейде ойнап жүрген футболшылар қымбат екенін мойындау керек. Соған қарамай сатып алып, футбол клубтарына, ұлттық құрамаға қосып, келісім жасасса нұр үстіне нұр болар еді. Бұл нәтиже беріп, болашақта қазақ футболы да белгілі бір нәтижеге жетер еді.

- Өздеріңіздің жас күндеріңіздегідей жастар жасыл алаңға жиналып, теңбіл доптың артынан қуып футбол ойнамайды бүгінде. Ауыл футболының ғайып болып бара жатуы сізді қаншалықты алаңдатады?

- Бір кездері арнайы спорт қоғамдары жұмыс жасаған. Республика бойынша, облыс-аудандарда болған. Айталық, "Динамо" деген спорт қоғамы болды. Ол құқық қорғау саласындағы қызметкерлердің спортпен айналысуына ықпал ететін қоғам. Ол қоғам спорттың дамуына қамқоршы болған, қадағалаған. "Буревестник" деген спорт қоғамы студенттік спортқа жағдай жасаған. "Локомотив" теміржол спортшыларын назарында ұстады. Өзіңіз сөз еткен ауыл спортына жауапты қоғам "Қайрат" деп аталды. Олардың өздерінің ұйымдастырушылық құрылымы, басшылары, қаржы-қаражаты, жоспары болатын. Ал қазір бізде онда жеке-жеке спорт қоғамдары аз. Екі жылдың жүзі болды, "Қайрат" спорт қоғамының орнына жаңадан қоғам құрылды. Оның басшысы белгілі спорт қайраткері, республикалық спорт газетінің редакторы, әлемге танымал журналист Несіп Жүнісбаев. Ол спорт тақырыбын бүге-шүгесіне дейін білетін азамат. Осы кісілерге мемлекет тарапынан да, республикалық спорт комитеті тарапынан да қолдау жасалатынынан хабардармыз. Сондықтан, ауылдың экономикасы қалай болса, оның спорты да сол деңгейде деп ойлаймын мен. Тек футбол ғана емес, спорттың кез-келген түрін алып қарасақ, ауылмен салыстырғанда қалада дамыған. Өйткені, қалада жағдай ауылға қарағанда біршама тәуір. Қаражат, арнайы стадион, спорт мектептері қалада бар. Ауылдағы футбол деңгейінің төмен болуы сондықтан. Жасыратыны жоқ, қазіргі ауыл деңгейі кеңес заманымен салыстырғанда, жақсы емес. Экономикалық-әлеуметтік жағдай, халықтың тұрақтамауы, осының бәрі ауыл футболының бәсеңдеп қалуына себеп сияқты.

- Футболда жетіспей жүрген ұлттық рухты қалайша жандандыруға болады? Қазақ жастарын футболға тарту үшін не істеу керек?

- Жастарды футболға тарту үшін жағдай жасау керек. Футбол спорттың өзге түрлеріне қарағанда қажеттілікті мол талап етеді екен. Екі қақпа, доп, спорттық киімдер дегендей. Осы шаруалар шешімін тауып жатса, жүйелі түрде дұрыс ұйымдастырылса, орта мектептерге негіз етіп алса футболды біршама дамытуға септігі тиер еді.

- Семей қаласында футбол мерейтойына дайындық басталып та кетті. 300 орындық жабық футбол манежінің, 12 шағын футбол алаңын салу жоспарланып отыр. Мерекені өз деңгейінде атап өту үшін тағы не істеу керек?

- Ол мәселемен айналысып жатқан азаматтар бар. Семей қаласының әкімшілігі бірнеше айдың жүзі болды, дайындық жұмыстарын бастап кетті. Қазақ футболының 100 жылдығын өз деңгейінде өткізу үшін арнайы ұйымдастырушы топ құрылды. Қаладағы спорт бөлімінің қолдауымен. Мен де сол жұмыстарға өз үлесімді қоспақпын. Атап айтар болсам, мерейтойға байланысты кітап шығаратын шығармашылық топ құрылған. Соның бір мүшесімін. Топқа спорт журналистері, футбол ардагерлері, жанкүйерлер де еніп отыр. Мемлекеттік қызметкерлер де тыс қалмады. Көп болып, тізе қосып, жұмыла кірісу керек. Қоғам болып атсалысу керек. Тек қана әкімшіліктің жұмысы емес, бұл Семей деңгейінде биылғы жылы болайын деп тұрған үлкен шара. Жоғары деңгейде өткізуге үлкен мүмкіндіктер де бар деп айта аламын.

Әдебиет:

Мұратханқызы, Мерей. Өмірзақ Сұлтанов: «Біздің құрамада өнер көрсетіп жүрген легионерлер әлемдік деңгейде атағы шыққан футболшылар емес...» // Ертіс өңірі. - 2013. - 30 қаңтар. - Б. 8.

 

 

 

"Спартак" алаңы қалай салынды?

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақстанның өзге қалаларындағыдай, кезіндегі Семипалатинскіде де аяқдоп ойындары мен көпшілік шараларды өткізетіндей стандарттағы бір де бір спорттық нысан болған емес...

Семейлік "Цементник" футбол командасы, артынан атауы "Спартак" болып өзгертілген, ел біріншілігінің Жоғарғы лигасының екінші эшалонында ойын көрсетті. Сондықтан, облыстық компартияның басшылығы мен облыстық кәсіподақтар кеңесін Жогарғы лига командаларының футбол ойындарын өткізуі үшін және өзге спорттық ойындарды жүргізу үшін стандартты стадионды салуға итермеледі.

"Спартак" стадионы тұрған орында жасыл шөп-шалам өскен жазық болған-ды. Қазір қазандық орналаскан жерде төбешік болған еді, бетін шөп басқан шұңқыр мен тастардың орны еді. Жұртшылыққа тұрмыстык қызмет көрсетуші кәсіп кооперациясы бұл орында стадион салмақ болады. 200 орынға лайықталған ағаш трибунасын орналастырып, оның алдында жоспарсыз шағын жер телімі тегістеледі. Қоршау болмады. Артынша бәрі аяқсыз қалды, каржы да, техника да болмағандықтан. Осылайша учаске бірнеше жыл қатарынан иесіз қаңырап тұрды.

Содан 1961 жылы "Спартак" облыстық кеңесіне облыстық компартияның бірінші хатшысы МКарленко мен облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы С.Кузьмин стадионның құрылысына арналған жерді таңдауға келеді. Стадионды кәсіподақ қаржысына салу, сондай-ақ оны "Спартак" деп атау туралы шешім қабылданады. Құрылыс жағы "Жилгражданстрой" тресіне жүктелді.

1961-1980 жылдары обком партиясының және облыстық кәсіподақтар кеңесінің нұсқауымен мен Ленин ерікті спорттық орденінің иегері, Семейдегі "Спартак" Қоғамының төрағасы болып қызмет еттім. Стадионның құрылыс мәселесі бір жағынан маған да жүктелді.

Жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жалпы сомасы 665 мың рубльді құрады. Футбол алаңының құрылысы өзіндік ерекшеліктерге толы болды. Тіпті, Жоғарғы лигалық ойынды жүргізуге лайықталатындай стандартты жоспарлаудан да өткізілді. Футбол алаңы өте тегіс болуы тиіс, ешбір жаңбыр суы тұрмайтындай. яғни, тез кеуіп кететіндей болуы керек. Сондықтан, су сіңгіш жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаржы таусылып, қазақ кәсіподақтар кеңесінен көмек сұралды.

Олар 103 мың рубль бөлді. Бұл қаржы тек шығыс трибунасын салуға жетті. Қаржыландыру жағынан қиындықтар туындағаңда құрылысшылар жалақыларын талап ете бастайды.

1965 жылы қазақ кәсіподақтар кеңесінің стадион құрылысын жалғастыруға қаражат бөлуі үшін менің Алматьна аттануыма тура келді. Тағы 264 мың рубль берілді. Ол ақшаға батыс трибунаның бой көтеріп, стадионның айналасы қоршалды. Әлі толық аяқталмаған құрылыс тағы қаржы тапшылығынан тоқтап қалды.

1965 жылдың басында мен мәселені кәсіподақтардың Бүкілодақтық Орталық кеңесінде көтеру үшін Мәскеуге аттандым. Бүкілодақтық Орталық кеңесінің хатшысы А.Богатиков, денешынықтыру мен спорт бөлімінің менгерушісі Г.Елисеевтің қабылдауында болдым. Ұзақ әңгімеден кейін мәселе оң шешімін тауып, стадионның аяқталуына тағы 298 мың рубль бөлінді.

Көп ұзамай, қазандық, жарық көрсеткіш тақта, радиоторабы, 4 прожекторлық матчтар, қызметтік әрі қоймалық орындар мен сантехникалық бөлмелер салынды. Футбол алаңын суаруға лайықталған су құбыры мен кәріз тартылды.

"Спартак" стадионы көрермендерге арналған батыс және шығыстық мөлшерімен 10,5 мың орынға лайықталған қос трибунаға ие. Шымды жамылғысымен және дренаж, арнайы резеңкелік жамылғылы 400 метрлік жүгіру алаңшасы, шығыс трибунасының астындағы жеңіл атлетика манежінде 11 метрлік жүгіру жолы бар. 36 да 18 көлемді ойын жаттығу алаңының барын айта кеткен жөн.

Сонымен, ақша тапшылығына қарамастан, "салғымыз келсе саламыз, салғымыз келмесе жоқ" деген жоспарсыз қағидаға қарамастан, 1966 жылдың тамызында стадион қолданысқа енгізілді, әйтеуір.

Осылайша, біздің қала қақ ортасында ірі шараларды өткізуге лайықты, сол кезде еліміздегі әрі облыс орталықтарындағы ең бірегейі саналатын стадионды еншіледі. Стадионның салынуына қатаң қаладағалау жүргізген Қазақстанның Коммунистік партиясы обкомының хатшысы Анатолий Тупицын, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Саава Кузьмин, қалалық компартияның хатшысы Шәкер Ысқаковтардың еңбектері зор.

Стадион құрылысында жаңашылдықтар да болды: жүгіру жолына Алматыда шығарыла бастаған "Арман" жасанды резеңкесі тұңғыш рет төселді.

Төрт бірдей орнатылған биік прожекторлық матчтар айтарлықтай жарық түсірді. Кешкілік шараларды өткізуге ыңғайлы болу мақсатында олардың әрқайсысында 1000 прожекторлық 34 шам орнатылды. Хабарландырулар мен ойын нәтижелерін көрсететін жарыктық табло орнатылды, қалай дегенімен мұндай жаңашылдық ешбір стадионда болмаған еді. Кейін біздікі сияқты спорт нысаны Павлодар мен Қостанай сынды қалаларда да бой көтере бастады.

"Спартактың" қолданысқа берілуі футбол, жеңіл атлетика командаларының деңгейін көтеруге мүмкіндік ашып, өз ықпалын берді.

Қала әрі облыс басшылығымен Кеңес Одағының Жоғаргы лигасындағы 2-ші топта өнер көрсеткен футбол командасының дайындығына аса мән берілді. 3-7 күн бұрын ойын алдында көпшілік көп шоғырланатын: ірі кәсіпорындар, дүкендер мен базарларда билеттер сатылып, әдемі афишалар ілінетін. Билеттердің таралуына көпшілік, кәсіподақтар мен жастар ұйымдары ықпалдасты. Жанкүйерлердің стадионға жетуі үшін барлық бағыттарға дейін арнайы автобустар бөлінетін еді.

Ойынға келушілерден көз сүрінетін, батыс, шығыс трибуналары жанкүйерге лық толы болатын. Ойыншылардың көпшілігі ірі кәсіпорындар мен ұйымдардан болғандықтан жоғары жалақыға да ие болған-ды.

Футбол алаңы "Спартактың" әр ойынына тыңғылықты дайындалатын: үнемі суарудың нәтижесінде алаң жасыл да тегіс күйге енетін. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында "Спартак" алдыңғы қатардан көрінін, жақсы ойын көрсетіп жүрді. Бұл өз кезегінде командадағы былғары доп шеберлерінің беделін өсіре түсті.

Футбол ойындарын тамашалаушылар қатарының еселене түсуі қосымша оңтүстік әрі солтүстік трибуналардың салынуы, үшін жобалық-сметалық құжаттардың әзірленуіне түрткі болды.

Біздің команданың құрамында балалар мен жасөспрімдерге арналған спорттық мектептерде алғашкы даярлықтан өткен жоғары санатты футболдан спорт шеберлері, айталық, Валерий Журавлев, Виктор Дронкин, Сергей Церсградский, Серғазы Рымбаев, Александр Борисов, Тұрсын Бейсембеков, Андрей Пинчуков және тағы басқаларының үлестері зор.

Енді мұның барлығы тарих болып қалды. Мен өз тарапымнан бұқара біле бермейтін стадионның құрылысындағы қиындыктарға, олардың қалай шешімін тапқаны турасында шолу жасап өтуге тырыстым.

Ал, енді стадионның бүгінгі күйі нешік?

Стадион қолданыска берілгенінен бері жарты ғасырга жуық уақыт өтті, осы мерзімде тек ағымдағы жөндеу жұмыстары ғана жүргізілді. Стадионның барлық нысандары істен шыққан күйге енді. Себептері жетіліп артылады, бастысы толық жөндеуге қаражаттың жоқтығы. Жасыратын несі бар, бастысы - футболдан Суперлига шеберлерінің ойындарын жүргізу максатында бүгінде біздің стадионнан кейін салынғандардың өзінде бүгінгі заманның талабына сай қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

Биылғ жыл қазақстандық футбол үшін ерекше болмақ. Қазақстандық фугболдың Отаны саналады біздің Семей. Алғашкы футбол командасы "Ярышта" қарсыластар қақпасына талай доп салған біздін жерлесіміз, Ұлы Абайды әлемге танытқан кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов болатын.

Спорт жанкүйері, қаламыздың бүгінгі басшысы Айбек Кәрімовтің қолдауымен мерейлі тойға дайындық жұмыстары қызу басталып та кетті. "Спартактың" жанкүйерлері де сүйікті командаларының жақсы ойын көрсетіп, Жоғарғы лигада лайықты орын табуларына тілектес.

Айтпақшы, "Спартак" стадионының толық жөндеуден өтуі үшін бюджеттен қомақты қаражат көзі бөлінген ексн. Ендеше, көзделген игі жұмыстар нәтижесін беріп, дер кезінде аяқталып, мерейтойымыз өз деңгейінде аталып өтсе екен!..

Жұмабеков Төлеуқадыр. "Спартак" алаңы қалай салынды? // Ертіс өңірі. - 2013. - 27 наурыз. - Б.7.

 

 

 

 

Футбол ардагерлерінің естелігі

Қазақстан футболының 100 жылдыгына орай "Ертіс өңірі" газеті мен Семейдің Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы бірлесіп 66оқырмандарымызға теңбіл доп ардагерлерінің өміріне қатысты бірқатар мәліметтерді ұсынбақ.

Семей каласында алғаш құрылған футбол командалары қатарында "Клиф", "Сатурн", "Орлята", "Ласточка" командалары болды. Қаламызда жанадан пайда болған спорт түрі көптеген жастардың зор қызығушылығын туғызды. 1913 жылы небәрі 8 жаста болған Московский Павел Петровичтің балалык шағы қаламыздағы футбол ойынының пайда болу уақытына дәл келді. Сол уакыттағы барлық балалар секілді, Павел Петрович те балалык шағында жүгірумен, доп тебумен айналысты. Оның жазған естелігі қазіргі уақытта сол кездегі футбол жағдайын көз алдымызға елестетуде өте қызықты құжаттардың бірі болып табылады.

Енді Московский Павел Петровичтің 1964 жылдың 26 наурызында жазған естелігінен үзінді келтірсек:

Футбол ойынын мен әуесқой команда құрамында 1913 жылы бастадым. Біздің команданың атауы болмады, футбол командасының ұйымдастырушысы Мәскеу қаласынан келген көпес Плещеев дүкенінің сатушысы болған. Осы адам футбол командасының ұстазы, әрі жаттықтырушысы болды.

Сол уақытта футболмен барлыгы 24 адам айналысты, екі командаға бөлінген бұл командалар өзара жарысты. Өз ойыны мен ерекшеленген және жақсы ойыншы болып саналған Д. Шлыгин еді. Спорт жабдықтары футбол жанкүйерлерінің қаражатына алынды. Ойынға арналған арнайы алаңдар болмады. Бірақ казактар шіркеуінің алаңы аса ыңғайлы болмаса да, барлығымыз сонда жиірек ойнадық.

Московский П.П. 26 наурыз 1964 жыл.

67Мұражай қорында сақталған мына бір сурет 1914 жылы түсірілген екен. ССК (Семей спорт үйірмесі) футбол командасының суреті. Әрине, суреттің сапасы онша жақсы емес, бірақ ол өзінің футбол тарихына қатысы болғандығымен құнды. Суреттен команданың 11 мүшесін көресіздер. Өздерінің арнайы спорт киімдері, "ССК" деп жазылған эмблемалары болған.

Солдан оңға қарай: А. Пигарев, Федурнов, А. Огородников, А. Киселёв, В. Кучмин, К. Алексеев, Киселёв. Д. Шлыгин, К. Пигарев, Овечкин, Карманов.

Қолдарыңызда осы суреттегі адамдар өмірінен қандай да бір мәліметтер болса, мұражайға келіп жолығуларынызды сұраймыз.

Әдебиет:

Есентаев Әди. Футбол ардагерлерінің естелігі // Ертіс өңірі. - 2013. - 30 қаңтар. - Б. 9.

 

 

 

 

 

 

 

Футболға жаны құмар жан

Футбол - спорт әлеміндегі алар орны ерекше ойын. Әлем жұртын дүбірлеткен бұл спорт түрі елімізде де дамып келеді. Түн ұйқысын төрт бөліп, көк жәшікке телміріп, футбол ойындарына жанкүйер болатын жерлестеріміз де жетерлік. Солардың бірі кезінде өзі де доп тебуге әуес болған Жұмағали Булекпаев Қазақстан футболының 100 жылдығына орай редакциямызға арнайы келіп, аяқ доп спорты жайлы пікірін білдіріп, спортшыларға деген ақ тілегін арнаған еді.

Жұмағали Садықұлы 1935 жылы Семейде дүниеге келген. Бүгінде жетпістің сегізіне аяқ басқан қазыналы қарт қаладағы №1 мектепті бітірісімен Геологиялық барлау колледжінде білім алған. 10 жасынан бастап аулада доп тепкен Жұмағали ақсақал оқушы кезінде "Сокол" аула клубында, ал, студент кезінде 1953-56 жылдары бұрынғы "Локоматив" футбол командасының белді ойыншысы болған. Кейіннен "Динамо" футбол командасында ойнаған. "Қазіргі Қазақ аулындағы "Кармен" мейрамханасының орнында бұрын футбол алаңы болған. Бала күнімізде сол жерде көп жылдар доп теуіп, асырсап ойнаған едік", - дейді ол. Еңбек ері, Ішкі істер басқармасының ардагері Жұмағали ақсақал өңіріміздің көптеген аудандарында өз мамандығы бойынша қызмет істеп, кейіннен Семей қалалық ІІБ-да 28 жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан. Бірақ, футболдан қол үзбеген, қолы қалт еткенде доп тебуді әдетке айналдыр-ған ол:

- Бұрын бірге ойнаған жігіттердің көбі бүгінде өмірде жоқ. "Локомативте" Владимир Неклюдьев, Болат Әшірбаев деген азаматтармен бірге ойнаған едік. Виктор Фелякин деген мықты футболшы капитанымыз болған. Ол да 3-4 жыл бұрын өмірден өтіп кетті. Ал, "Спартакта" Рафаель Нурсафин деген үздік ойыншы болды. Мен, бірақ, онда ойнаған жоқпын. Дейтұрғанмен, Серғазы Исабаев, Тілеукен Қадырғожин, Николай Тереченко деген "Спартак" командасының футболшыларымен көрші тұрдық. Серғазы Исабаев, Тілеукен Қадырғожиндермен мектепте бірге оқығанбыз, ал, Николай Тереченко №28 мектепте денешынықтыру пәнінің мұғалімі болатын, - деп замандастарын еске алды.

78Жұмағали Садықұлы саналы ғұмырында 3 бала тәрбиелеп, олардан 5 немере, 6 шөбере сүйіп отырған жайы бар. Балалары қазір түрлі салада қызмет атқарады. Олар да әке жолын қуып, футболға әуес боп өскен. Өздері доп теуіп, спортты жалғастырып кетпесе де өңіріміздің футбол командаларының жанкүйері. Жұмағали ақсақал да теледидардан берілетін футбол ойындарын қалт жібермей көреді екен. "Динамо" мен "Спартак" командаларының әр қадамын бағып, олар жарысқа шыққанда тақымын қысып, тілеулерін тілейтін көрінеді. Айтулы матчтарды көргенде өзінің де делебесі қозып, доп тепкісі келетінін жасырмады.

- "Спартактықтар" былтырғы ел біріншілігінде жаман ойнамады. Алдағы уақытта одан да жақсы ойындар көрсетеді деп ойлаймыз. Айбек Мүталапханұлының қала тізгінін қолға алғалы бері Семей футболы біршама дамыды. Семей - Қазақстан футболының Отаны екені баршаға мәлім. Ендеше, қала намысын қорғайтын футболшыларымызға тек жеңіс тілейміз. Алғашқы үштікті еншілесе үлкен олжа болар еді. Жетістіктеріміз молая берсін. Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойы құтты болсын, - деп сөзін қорытты ақсақал.

Әдебиет:

Кәкішев Нұрдәулет. Футболға жаны құмар жан // Ертіс өңірі. - 2013.- 6 ақпан. - Б. 9.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ футболының тарихы 

 

Қазақстан футболының басты тарихи оқиғалары

1913-1937 жылдар

Қазақ футболының тарихынан азды-кем жиналған ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз. Тарихты білмей, болашаққа бару мүмкін емес. Кешегі қазақ футболының тынысы барлығымызға ортақ дүние, және қазақ футболын дамытамыз десек әуелгі әңгімені осыдан бастайық.

 

1913-14 жылдар

Семей қаласында ССК, “Олимп”, “Ласточка”, “Орлята” және “Ярыш” атты алғашқы қазақстандық командалар пайда болды. Кейбір деректерде аяқ доп ойынын Орталық Азия мен Сібір бойынша ірі сауда орталықтарының бірі саналған Семей қаласына ағылшын саудагерлері алып келгені айтылады. Кезінде «Ярыш» футбол клубының сапында қазақ атын әлемге «Абай жолы» роман-эпопеясымен танытқан әдебиет алыбы Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897 – 1961), өнер көрсеткен. Оның өмірлік туындысы қырық сегіз елдің тіліне аударылып, жалпы жиынтығы 2 000 000 данамен таратылған әлемдік әдебиеттің алтын қорындағы құнды шығармалардың бірі. Жас Мұхтармен бірге жасыл алаңға шыққан отандық футболдың қарлығаштары Ахметсәлім Кәрімов (капитан), Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев, Мұхаммед Сайдашев, Юнус Нигматуллин, Әміржан Сыздықов, Ғабдулхан Ғаббасов, Мұхамедулла Құрманов, Гусман Ямбушев, Сабыржан Ахмедшин секілді жеткіншектер біздің елде бұл спорт түрінің кең таралуына жол ашты. Семейлік футбол жылнамашысы Евгений Один тапқан деректерге сүйенер болсақ «Ярыш» халықаралық бәсекеге қатысқан алғашқы команда болып есептеледі. Әңгіме «Ярыштың» Семей қаласындағы Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарынан жасақталған командаға қарсы өткізген кездесулеріне қатысты. Әскери тұтқындар арасында біздің командаға қарсы 1912 жылғы Олимпиада ойындарының екі қатысушысы өнер көрсеткен. Қазақстандық футболдың қарлығаштары алғашқы ойындарын Қазан төңкерісіне дейін күз сайын өткізілетін атақты Семей жәрмеңкесі өтетін алаңқайда өткізіп келді.

1915-1916 жылдар
Танымалдығы күн санап артқан аяқдоп ойыны Павлодарға да жетті. Ертіс жағасындағы қалада “Ястреб” және “Звездочка” командалары пайда болды. Семей мен павлодарлық командалар Ресей империясының көршілес орналасқан губернияларының командаларымен жиі кездесе отырып футболдың Орта Азия мен Сібірде кең танылуына жол ашты.

1921 жыл
Жамбыл қаласында Қазақстандағы алғашқы футбол алаңы пайдалануға берілді.

 

1928 жыл
Петропавл қаласында Қазақ АКСР (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы) губернияларының командалары арасында ресми жарыс өткізілді. Аталмыш турнирге қатысқан ойыншылардан Қазақстан тарихындағы тұңғыш құрама команда жасақталып, бұл ұжым РКФСР (Ресей Кеңестік Федеративті Социалистік Республикасы) облыстары мен автономиялары халықтарының I Бүкілодақтық жұмысшылар Спартакиадасы іріктеу бәсекесіне қатысты. Қазан қаласында өткен жарыста қазақстандық команда бес кездесу өткізіп, турнир қортындысы бойынша екінші орынға ие болды.

1936 жыл
Қазақстандық команда алғаш рет Бүкілодақтық ресми бәсекеге қатысты. I КСРО Кубогінің 1/32 финалдық кездесуіне қатысудан бас тартқан Куйбышевтік клубтастарын алмастырған Ақтөбе қаласының «Динамо» командасы мәскеулік ЦДКА- мен кездесу өткізді. Матч қортындысы мәскеуліктердің пайдасында 4:0 болып аяқталды.

1937 жыл
Қазақстандық команда алғаш рет кәсіпқой клубтар арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Кеңес Одағының ІІІ Чемпионатындағы «Шығыс қалалары» тобында өнер көрсеткен алматылық «Динамо» жеті қатысушының арасында үшінші орынға ие болды.

 

1940 жыл
Қазақстандық клубтың бүкілодақтық деңгейде алғаш рет жеңіске жеткен жылы. Алматылық «Динамо» Таганрогта өткен КСРО-ның Денешынықтыру ұжымдары Кубогінің финалындағы екінші матчта жергілікті «Торпедоны» 3-1 есебімен ұтып, бағалы жүлдеге қол жеткізді.

1946 жыл
Қазақстанның спорттық ұжымдар арасындағы І Чемпионаты тұсауын кесті. Турнирдің алғашқы жеңімпазы жамбылдық «Локомотив».

1948 жыл
Спорттық ұжымдар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогі сарапқа салынды. Аталмыш жүлденің алғашқы жеңімпазы қарағандылық «Динамо».

1951 жыл
Алғашқы кезеңдерде Баку, Одесса және Сталинградттық ұжымдарды жеңген шымкенттік “Металлург” ВЦСПС Кубогінің финалына жолдама алды. Ақтық сында оңтүстік қазақстандық ұжым кемеровтік“Шахтерді” 3:1 есебімен тізе бүктірді.

1957 жыл
Қазақстан футболының тарихындағы алғашқы ресми халықаралық матч. Алматыда жергілікті «Қайрат» финляндиялық «Вааса» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4 – 0 есебімен жеңіске жетті.

1959 жыл
Қазақ КСР Футбол Федерация құрылды.

1960 жыл
Алматылық «Қайрат» қазақстандық командалар арасында алғаш рет жоғары дивизион клубтары арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға жолдама алды.

 

1960 жыл
Қазақстандық футболшылар КСРО Чемпионатының жоғарғы дивизионындағы алғашқы голдарын соқты. Мәскеулік «Локомотивтің» қақпасына соғылған тарихи голдың авторы қайраттық Сергей Квочкин.

1960-61 жылдар
Өскемендік “Торпедо” Миллиондар Кубогінің жартылай финалына шықты.

1962 жыл
Қарағандылық “Шахтер” қазақстандық клубтар арасында алғаш болып КСРО-ның «Б» класындағы командалар өнер көрсететін чемпионатының ІІ аймағында жеңімпаз атанды. Аталмыш турнирдің І және ІІ аймағындағы жеңімпаздар арасында өткен екі кездесуден тұратын финалдық ойынның қортындысы бойынша қарағандылықтар Гомель қаласының “Локомотив” командасын ұтып (1:0 и 0:0), КСРО чемпионатының “А” класындағы командалар бәсекесіндегі ІІ топта өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

1963 жыл
Алматылық “Қайрат”, КСРО –ның XXII Кубогінің жартылай финалына шығып, қазақстандық клубтардың аталмыш турнирдегі ең жоғарғы жетістігіне қол жеткізді. Финалдың жолдамасына таласқан алматылықтар мен донецкілік “Шахтер” арасындағы жартылай финалдық кездесудің тек қосымша уақытында ғана украиналық команда 2:1 есебімен жеңіске жете алды.

1964 жыл
Алғашқы кезеңдерде жоғары нәтиежелерге қол жеткізген өскемендік Торпедо” Миллиондар Кубогінің «Үлкен финалына» жолдама алды. “Динамо”-3 (Мәскеу) – 3:2 есебімен ұтып, Молодечиналық “Норочьпен” өткізген кездесуді 0:0 нәтижесімен аяқтап, Белая Калитвалық “Трудтан” 2 : 0 есебімен жеңіліп қалған шығысқазақстандықтар турнирде үшінші орынға ие болды. Бұл бәсекеге сол жылы тұтастай алғанда 40286(!) команда қатысқан. Жарыс қортындысы бойынша торпедолық қақпашы А. Лазарев пен шабуылшы Ю. Тимошенко өз ойын жүйелері бойынша үздік футболшылар болып танылса, ұйымдастырушылар “Торпедо” футбол клубын «Адал ойын» жүлдесімен де марапаттады.

1966 жыл
Алматылық “Қайрат” жоғарғы лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қортындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды.

1967 жыл
Қарағандылық “Шахтер” “А” класындағы ІІ топтың ІІІ бірлестігіндегі командалар арасында жеңіске жетіп КСРО чемпионатының жоғарғы лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін жолдама сарапқа салынар шешуші турнирге қатысты. Бұл бәсекенің финалдық кезеңінде “Шахтер” кировабадтық “Динамомен” бірдей ұпай жинағанымен, қосымша белгіленген кездесуде қарсыластарынан 1:0 есебімен жеңіліп қалды.

 

1968 жыл
КСРО Футбол федерациясы “Б” класындағы командалардың қазақстандық аймағын құрады. Жалпы саны 21 клуб қатысқан аймақтық жарыстың алғашқы жеңімпазы жезқазғандық “Еңбек”.

Кәсіби клубтар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогінің бәсекесі өткізіліп, бас жүлдеге целиноградтық “Динамо” қол жеткізді.

 

1971 жыл
Қазақстанның клубтық футбол тарихындағы ең ірі жеңісі тіркелген жыл. Алматылық “Қайрат” Кеңес Одағы клубтарының арасында алғаш болып Теміржолшылардың Халықаралық Спорттық Одағы Кубогін жеңіп алды. Ақтық сынға барар жолда алматылықтар Кошицелік «Локомотивті» (Чехия) үйде 4:1, сырт алаңда 1:0 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін біздің команда Алматыда софиялық “Славиядан” (Болгария) 1:3 есебімен жеңіліп қалғанымен, сырт алаңда 3:0 есебімен жеңіске жетіп, финалда Бухаресттің “Рапидімен” кездесіп Румынияда өткен кездесуде 1:1 нәтижесіне қол жеткізді. Ал Алматының Орталық стадионында 32 мың жанкүйер тамашалаған тарихи кездесуде “Қайрат” 1:0 жеңіске жетіп, мәртебелі жүлдені ұтып алды.

 

1971 жыл
Алматылық “Қайраттың” қорғаушысы Сейілда Байшақов “Смена” жастар апталығы жүргізген сауалнама қортындысы бойынша КСРО чемпионатының жоғарғы дивизионындағы «Үздік жаңа есім» болып танылды.

1973 жыл
Қазақстан жастар құрамасы Бүкілодақтық “Переправа” турнирінің күміс жүлдегері атанды.

1975 жыл
Теміртаулық
“Болат” футбол клубы Қазақстандық командалар арасында екінші болып Миллиондар Кубогін ұтып алды. Финалдық кездесуде металлургтар Раменскінің “Сатурнды ” 1:0 есебімен ұтып кетті.

 

1976 жыл

Алматылық “Қайрат” қазақстандық футбол тарихында алғаш рет КСРО бірінші лига клубтарының чемпионатында жеңіске жетті.

1976 жыл
Алматылық шабуылшы Александр Хапсалис пен павлодарлық қорғаушы Александр Кадейкин жасөспірімдер арасындағы (U-19) Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.

1977 жыл
Алматылық “Қайраттың” қорғаушысы Сейілда Байшақов қазақстандық футболшылар арасында бірінші болып КСРО құрамасына шақырту алды. Футболшы Кеңес Одағы құрамасы сапындағы алғашқы матчын 1978 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Будапештте Венгрия құрамасына қарсы өткізді.

1980 жыл
Павлодарлық “Трактор” самарқандтық “Динамо” мен  тольяттилік “Торпедо” біріккен топтан үздік шығып, екінші лига клубтарының арасындағы КСРО чемпионатының VII аймағында жеңіске жету арқылы Қазақстан атынан Кеңес Одағы біріншілігінің бірінші лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

1980 жыл
Алматылық “Қайрат” екінші рет жоғарғы лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қортындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды.

1981 жыл
Алматылық “Қайрат” “Неделя” газетінің жүлдесі үшін өткен Қысқы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Алматылықтар мен мәскеулік “Динамо” арасында өткен финалдық кездесудің негізгі уақыты нәтижесіз тең есеппен аяқталған болатын. Жеңімпаз матч соңындағы пенальтиде анықталды. “Қайрат” 5:4 есебімен жеңіске жетті.

1983 жыл
Алматылық “Қайрат” екінші рет Бірінші Лига командаларының арасындағы КСРО Чемпионатының алтын жүлдесін ұтып алды.

 

1985 жыл
Қазақстандық балалар мен жасөспірімдер футболының түлектері Бүкілодақтық аренадағы алғашқы ірі жеңістеріне қол жеткізді. Минскіде өскемендік “Спутник-2” командасы «Былғары доп» турнирінің ересек жас дәрежесіндегі футболшылар турнирінде бас жүлдеге ие болса, Қазан қаласында өткен орта жас дәрежесіндегі балалар жарысында жамбылдық “Жалын” жеңімпаз атанды.

1986 жыл
“Футбольное обозрение” бағдарламасының жүргізген сауалнамасының қортындысы бойынша Алматылық “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Вахид Масудовтың Алматыда өткен кездесуде днепропетровскілік “Днепрдің” қақпасына соққан голы Жоғарғы Лига командаларының арасындағы XLIX КСРО Чемпионатының үздік голы болып танылды.

1986 жыл
Жоғарғы Лига командаларының арасында өткен КСРО чемпионатында қортынды жетінші орынға ие болған алматылық “Қайрат” қазақстандық клубтардың аталған турнирдегі ең үлкен нәтижесіне қол жеткізді.

1988 жыл
Алматылық “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Евгений Яровенко КСРО олимпиадалық құрамасының сапында Сеулде өткен ХХIV жазғы Олимпиалық ойындардағы футбол турнирінің алтын жүлдесін жеңіп алу арқылы отандық футбол тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атанды.

1988 жыл
Алматылық “Қайрат” КСРО Федерация Кубогінің жеімпазы атанды. Кишиневтің Республикалық Стадионында өткен финалдық кездесуде алматылықтар бакулік “Нефтчиді” 4:1 есебімен тізе бүктірді.

1988 жыл
Қазақстандық қыздар командасы Бүкілодақтық ресми кездесуге қатысты. Мәскеу облысындағы Кашира қаласындағы
“Собеседник” апталығының жүлдесі үшін өткен ІІ Бүкілодақтық турнирге “Претендент” қыздар командасы атсалысты.

1989 жыл
Қазақ КСР Футбол ассоциациясы құрылды.

1989 жыл
Алматылық “Қайраттың” шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди қазақстандық футболшылар бірінші болып шетелдік клубпен келісім-шарт бекітті. Оның алғашқы шетелдік клубы грекиялық “Левадиакос” болды.

 

Ақпарат көзі:   http://aladop.kz

 

 

 

Қазақ футболына жүз жыл толады

Ал оның іргетасы Семейде қаланған еді

Спорт ойындарының ішіндегі кеңінен таралғаны және көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген түрі футбол десек, артық айтқандық болмас. Өйткені, оны мынадай бір-ақ мысал, әлемдік футбол федерациясы ФИФА-ның құрамына кіретін елдердің саны (200-ден артық) Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің санынан артық екендігі айғақтайды. Қазақстанда да футбол айрықша орны бар спорт түрі санатында. Ол, әсіресе, егемен ел атанған кезден, ұлттық біріншілік ұйымдастырылып, еліміздің құрама командасы мен таңдаулы футбол клубтары шетелдерге жиі шығып, УЕФА-ға мүше болған кезден қанатын кеңге жая бастады. Осындай халық ұнатқан ойынның біздің елімізде даму тарихы қалай болып еді деген мәселеге байланысты сөз қозғасақ дейміз.

Міне, көпшілік тамсанған осы ойынды ағылшындар Ресейге XIX ғасырдың аяғында әкелсе, орыстар арқылы футбол қазақ жеріне жетті. 1912 жылы Мәскеуден Семейге Н.Н.Куприянов деген келіп, атақты көпес Плещеевтің дүкеніне қызметкер болып орналасады. Ол өзімен бірге доп, сетка және спорттық бұйымдар әкеліп, футбол ойынына әуестік танытқан жастарды жаттықтыра бастайды. 1913 жылы қаладағы ерлер гимназиясы мен семинариясында алғашқы футбол командалары ұйымдастырылады. Сол кездегі құрылған «Ярыш» командасының құрамында кейін әлемге әйгілі жазушы атанған семинарист Мұхтар Әуезов те ойнайды. Сондықтан да Семей қаласын Қазақстандағы футболдың отаны деп атауға толық негіз бар. Ал оны дәлелдейтін тарихи деректер жеткілікті. Ол туралы мағлұматтарды Мұхтар Омарханұлының ағасы Ахмет Әуезов жазған «Бала Мұхтар» (1967) кітабынан, «Ярыш» клубында ойнаған Әбдінасыр Миршанов («Спорт» газеті, 8.01.1963 пен Салық Хисматуллин («Семей таңы» газеті, 29.04.1977) және т.б. адамдардың мақалаларынан оқуға болады. Сонымен қатар, бұл жағдайды осы мақала авторларының бірі де «Мұхтар Әуезов және спорт өнері» (2007) атты кітапта таратып жазғандықтан, қайыра тоқталғанды жөн көрмедік.

Бірақ, бұл мәселеге бір жағынан мән беріп жатқанымыз, кейінгі кезде кейбіреулер тарапынан, соның ішінде спорт саласының шенеуніктері де бар секілді, олар қазақ футболының бастауын Қазақстандағы футбол федерациясының құрылған күнінен бастап есептеу керек деген уәждер айтып жүр деп естиміз. Ал мұндай пікірлермен, біз, мүлдем келіспейтіндігімізді ескертеміз. Өйткені, жоғарыдағы деректерді ескермеушілік, тарихқа қиянат болып шығады. Сөздің тоқетері қазақ жеріндегі футбол ойынының қалыптасып, даму жолына түсуі 1913 жылдан басталады, яғни оған биыл 100 жыл.

Бұдан басқа Семей қазақ жерінде алғашқы «халықаралық» жолдастық матч өткізілген орын болып саналады. Семейдегі тарихи-өлкетану мұражайында сақталған құжаттарға қарағанда, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түскен бірталай чех азаматтары қалада болыпты. Міне, солармен 1918 жылы ССК (Семипалатинский спортивный кружок) командасы ойнапты. Сөйтіп, семейліктер Қазақстанда бірінші болып, «үлкен» футболдың куәсі болған екен. Чехтардың техникалық дайындығы мықты болғанымен кездесу 2:1 есебімен жергілікті команданың пайдасына шешіліпті. Ал ең бір қызығы, ойынға қатысқан М.Семгин дегеннің жазуына қарағанда, Австрия армиясы аталған соғыс тұтқындарының арасында Стокгольмде өткен V Олимпиялық ойындарға қатысқан үш футболшы болыпты. М.Семгин, тіпті, оның біреуінің аты доктор Легель екені есінде қалғаны туралы жазыпты.

Семей қаласы қазақ футболының отаны және де оның М.Әуезов есімімен тығыз байланысты болғанын ағылшындар да мойындаған деп айтуға болады. Осыған орай есімізге бір кездесу келеді. 2009 жылдың 20-21 сәуірінде Семейге Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті елшісі Пол Браммел келді. Британдық дипломат маусым айында Алматыда футболдан өтетін Қазақстан мен Англия кездесуі аясында жоспарланған «Футбол барлығы үшін» бағдарламасындағы шараларға қатысу үшін келген-ді. Елші жас футболшылармен «Спартак» стадионында, футбол жанкүйерлерімен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде және №3 балалар үйінде кездесті. Осы кездесулерде футболға қатысты кеңінен әңгіме қозғалып, сұрақтар қойылды. Ол өзінің Семейге қазақ футболының отаны ретінде ат басын бұрғанын, әсіресе, қазақтың ең атақты жазушысы М.Әуезовтің жас кезінде футболға қалай келіп, қалай ойнағаны қызықтырғанын да айтты.

Енді футбол төңірегінде қалыптасып жатқан бүгінгі жағдайға келейік. 100 жылдық тарихы бар Семей футболы бүгінде әртүрлі қиындықтарды бастан өткеруде, әйтсе де «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей, қазақ спортындағы айтулы жағдайды лайықты қарсы алу үшін семейліктер дайындық жұмыстарына да кірісіп кетті.

 

Әдебиет:

Сұлтанов, Ө. Қазақ футболына 100 жыл толады [Мәтін] : оның іргетасы Семейде қаланған еді // Егемен Қазақстан. - 2013. - 1 қаңтар. - Б. 8.

http: www.egemen.kz

Ярыштың» төсбелгісі мұражайға тапсырылды

   


Таяуда Семейдегі татар мұражайына кезінде құрамында 16 жасар Мұхтар Әуезов ойнаған, Қазақстандағы бірінші футбол командасы - "Ярыштың" капитаны Юнус Нигматуллиннің жиені, бүгінде Германияда тұратын Рамиса Нигматуллина команданың мүшелері төсіне тағып жүретін төсбелгісін (эмблемасын) әкеліп тапсырды.

Жібек лентаны гүл кейпіне келтіре, бүре тігіп, ортасында жасыл жіппен арабша "Ярыш" деген жазу кестеленген екі шашақты төсбелгі енді осы мұражайда сақталады.
- Нағашым Юнустың осы төсбелгісі біздің жанұяда өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бері сақталып келген еді, - дейді Рамиса. - Осыдан қырық жыл бұрын әпкем: "Мына эмблеманы көзіңнің қарашығындай сақтап жүр" деп маған тапсырып, жоғалмауын аманат еткен, содан бері менде. Мен он шақты жылдан бері Германия азаматшасымын, әлдеқандай заман болады деген оймен төсбелгіні өзінің тігілген жеріне әкеліп, мұражайға тапсырып отырмын. Менің ойымша, аман сақталып, бүгінге жеткен жалғыз төсбелгі осы ғана болуы керек.
Команданың әр мүшесі кеудесіне тағып жүретін мұндай эмблемалардың түсі алғашқыда қызғылт түсте болғаны, бір ғасырдай уақыт өте келе оңғаны білініп тұр.
Жалпы, қазақстандық футболдың тарихы Семейден бастау алатыны, алғашқы "Ярыш" (Жарыс) футбол командасы 1913 жылы осы Семейде құрылғаны белгілі. Алда Қазақстан футболының 100 жылдығы келе жатыр. Соған орай, осы команданың тарихы жайлы аз-кем әңгімелей кеткеніміз жөн.
1913 жылы құрамы кілең жасөспірімдерден тұратын "Ярыш" атты команданы әулетімен семейлік Юнус Садықұлы Нигматуллин құрған екен. Командаға 24 бала тартылыпты. Олар екі командаға бөлініп, өзара жарыстар өткізіп тұрған. Осыншама баланы спорт киімдерімен, жабдықтарымен қамтамасыз етуге, жол шығындарына аз қаржы кетпейді. Міне, осы шығынның бәрін команданың капитаны әрі жаттықтырушысы Юнус Нигматуллиннің әкесі, Семейдің ірі, бірінші гильдиялық татар көпес Садық Нигматуллин көтеріп алған екен. Ал команданың формасын, төсбелгісін Гафа Баязитова деген тігінші шебер тігіпті.
Ол кезде қазіргідей чемпионат жоқ, Сібір қалаларының, Сібірге жақын Семейдің командасы тек өзара жолдастық кездесу өткізіп жүреді. Әсіресе Томскінің командасы өте мықты команда болыпты. Бір қалааралық жарыста томскіліктермен "Ярыш" екі рет кездесіп, біріншісінде 0:1, екіншісінде 0:2 есебімен жеңілуге мәжбүр болған екен. Ал Омбының командасын 1:0 есебімен жеңіп, Барнауылдың командасымен ойнаған екі ойында да 2:2 және 0:0 есебімен тең түсіпті. Осы жарыста Новосибирскінің, Омбы, Барнауылдың командаларын тас-талқан етіп, ірі есептермен ұтқан томскіліктер қарсыластарының ішінен тек семейдің "Ярышын" ғана ойын техникасын жақсы меңгерген, мықты қарсылас болды" деп мақтапты.
Омбының командасымен кездескендегі жалғыз голды, жартылай қорғаушы Мұхтар Әуезов берген дәл пастан кейін шабуылшы Рифхат Фаизов соққанын абайлық абыз қария, Президентімізге бата берген Шәкір Әбенов Мұхаңның көп әңгімесінің бірінде естігенін айтады.
Мұхаң Юнус Нигматуллинмен өте жақсы дос болған көрінеді. Юнустың да, тіпті команданың мүшелерінің түгелге жуығы кейіннен алаш партиясының мүшелері болуына Мұхаңның ықпалы тигені анық.
Омбы кадет корпусының (Шоқан оқыған) түлегі Юнус Нигматуллин Мәскеу университетінің механика-математика факультетіне құжаттары қабылданып, сонда кетпекке дайындалып жүрген кезде алашордашыларды жаппай қуғындау басталады. Өзінің де тұтқындалатындығын сезген ол Қытайға қашып, шекарадан өтер тұста шекарашылардың атқан оғынан небәрі жиырма екі-ақ жасында қаза тауыпты. Кейіннен оның туған-туыстарының барлығы алашордаға мүше болғандығы немесе қолдау көрсеткендері үшін дүние-мүліктері тәркіленіп, өздері аяусыз қуғын-сүргінге ұшыраса керек. Тіпті ұрпақ та қалмаған сияқты.

Әдебиет:

Смаилов Ершат. «Ярыштың» төс белгісі тапсырылды // Айқын. - 2009. - 3 желтоқсан.

http://www.aikyn.kz


«Ярыштың» таңбасы елге оралды

 

Қазақстандағы алғашқы футбол командасы «Ярыштың» таңбасы атамекенге оралды. Тарихи белгіні команда капитаны Юнус Нығматуллиннің жиен қарындасы Рәмиса көзінің қарашығындай сақтап келіпті. Осыдан 8 жыл бұрын Германияға көшкенде құнды жәдігерді өзімен бірге алып кеткен. Қазанның 8-і күні бір ғасырлық тарихы бар таңба қазақ футболының отаны – Семейге, дәлірек айтсақ, қаладағы татар қоғамдық-мәдени орталығының мұражайына тапсырылды. Эмблеманы Рәмиса Нығматуллинаның өзі Германиядан әдейілеп алып келіпті. 

89«40 жылдан артық сақтап, өзім қайда көшсем, сонда бірге алып жүрдім. Бірақ бұлай сақтағанмен өмір өтіп барады. Егер шетелде қалып қойса, жәдігер бұл жақтағыдай бағаланбас еді деп ойлаймын», – дейді ол.

Белгі алғаш рет «Ярыш» командасы пайда болғанда әдейілеп қолдан әзірленіпті. Оның дәл ортасында арабша «Ярыш» деп жазылған. Шыққанына 100 жылдай болған таңбаның маңайындағы алқызыл түсті жібек матасы ескіріп, ақшыл тартыпты.

«Ярыш» командасының құрылғанына төрт жылдан кейін тура бір ғасыр толады. Топ құрамында қазақ, татар, өзбек ұлтының спорт шеберлері болған. Команда капитаны Юнус Нығматуллинмен бірге қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов те теңбіл доп тепкен. Ол кезде қазақтың біртуар ұлы Семейдегі 5 кластық училищеде оқып жүріпті. «Мұхтар Әуезов және спорт өнері» кітабының авторы Өмірзақ Сембайұлының айтуынша, команда құрамында қазақтың қаймақтары, яғни зиялы қауым өкілдері өнер көрсетіпті. Олардың көбісі сол тұста болған Азамат соғысы кезінде қаза тапқан. Қазақ футболының жанашырлары үшін Рәмиса Нығматуллина баға жетпес тарту жасады. Мұражай қызметкерлері болса құнды жәдігердің елге оралып, мәдени орталықтың төрінен орын алғанына дән риза. «Енді жұрттың көбі осы таңбаны көру үшін мұражайға соқпай өтпесіне кәміл сенімдіміз», – дейді олар. Осылайша қазақ футболының тарихы мен сырын ішіне бүгіп тұрған көне таңба жас ұрпаққа аманат болып қалмақ.

 

Рәмиса Нығматуллина:

Мен эмблеманы ертерек әкеліп тапсырмаққа бел байладым, бірақ шыны керек, оған дайын болмадым. Тіпті Мұрат Әуезовтің өзі маған: «Алматыдағы мұражайлардың біріне әкеліп тапсырыңыз»,– деп еді. Оған мен көп ойланып-толғанып, ақыры Семейге әкелуді шештім. Семейдің тарихынан сыр шертетін таңба өз елінде болғаны дұрыс деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін әкеліп тапсырмауымның тағы бір себебі, шыны керек, қимадым. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мирас болған құнды дүниені уысымнан шығару өте қиынға соқты. Қазір жаным тынышталып, жай тапқандықтан әдейілеп сырлы Семейге келіп, осы мұражайға табыс етіп тұрмын.

 

Өмірзақ Сұлтанов, жазушы, Шәкәрім атындағы СМУ-дың «Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ғылым кандидаты:

Мен өз еңбегімде команда мен оның құрамындағы жалынды жастарды атап көрсеткенмін. Онда қазақтың ойшылы Мұхаңның ойнағаны – ерекше айтылатын дүние. Ал команда капитаны болған Юнус Нығматуллиннің Ләйла деген қарындасы болған. Ләйла әжей осыдан екі жылдай бұрын 90-нан асып Семейде көз жұмды. Эмблема, негізі, сол кісінің қолында болған. Ол кісі дүние салар шағында таңбаны қызы Рәмисаға қалдырыпты. Соған қоса «Ярыш» командасында болған Әміржан Ситықов ғылым кандидаты, ғалым болған. Қасымхан Мұхамедов деген кісі ғылым жолын қуып, кейін Ташкент қаласында ғылыми қызметкер болған. Негізі, команда құрамында өңкей сол заманның жанып тұрған мұсылман жастары болған. Көбісі – татар ұлтының балалары. Қазақ жастары саусақпен санарлық десе де болады. Олардың кейбірі мұғалім болса, кейбірі өндіріс саласында осы Семейде қызмет атқарған. Тіпті олардың ішінде М.Әуезов жайлы естеліктер жазып қалдырғандар да бар.

 

Шаукат Файзуллин, Семей қаласындағы Татар мәдени орталығы мұражайының жетекшісі:

Бізде «Ярыштан» қалған жалғыз ғана сурет болған еді. Басқа материалдар мүлде жоқ болатын. Енді мұражайға жаңа жәдігер, яғни «Ярыштың» эмблемасы қосылды. Бұл – біз үшін зор мақтаныш. Команданың 100 жылдығында дүйім жұртшылыққа мақтанып тұрып көрсететін боламыз.

 

Әдебиет:

Мәди Әлем. «Ярыштың» таңбасы елге оралды // Алаш айнасы. - 2009. - 9 қазан.

http://www.alashainasy.kz

 

 

 

Мерзімді басылымдардан:

 

Әлімбек, Қ. "Спартак" - Семейліктердің сенімі... [Текст] / Қ. Әлімбек // Ертіс өңірі. - 2009. - 19 тамыз. - Б. 5.

 

Гуляева, Е. Капитан тағдыры [Мәтін] : [Қазақтың тұңғыш футбол командасының капитаны Юнус Нигматуллин туралы.] / Е. Гуляева ; аударған: Ә. Ермырза // Ертіс өңірі . - 2013. - Б. 7.

 

Ермырза, Әйгерім. Баға жетпес тарту [Мәтін] : [Қазақстандағы алғашқы футбол командасы "Ярыштың" таңбасы төрт жыл бұрын атамекенге оралған болатын] / Ә. Ермырза // Ертіс өңірі . - 2013. - 23 қаңтар. - Б. 4.

 

Ермырза, Әйгерім. Геолог – футболшы // Ертіс өңірі. - 2013. - 30 қаңтар. - Б. 9.

 

 

Ермырза, Әйгерім. Қазақ футболының ғасырлық тойы дүйім жұрттың назарын Семейге аударып тұр [Мәтін] / Ә. Ермырза // Ертіс өңірі . - 2013. - 16 қаңтар. - б. 1, 3.

 

Есентаев Әди. Футбол ардагерлерінің естелігі // Ертіс өңірі. - 2013. - 30 қаңтар. - Б. 9.

Естен, Шалқар. Ақылды спортшылар [Текст] / Ш. Естен // Айқын. - 2010. - 5 тамыз. - Б. 29.

Жанатұлы, Ерзат. Жүз жылдықтың жұмыстары жүйелі [мәтін] : қазақ футболына 100 жыл / Е. Жанатұлы // Семей таңы. - 2013. - 29 қаңтар. - Б. 2.

 

Жанатұлы, Е. "Спартак" - "Ақтөбе Жас" - 3:1 [Текст] / Е. Жанатұлы // Ертіс өңірі. - 2009. - 9 қыркүйек. - Б. 32.

Жиенқұлов, Жанат. Қазақ футболы қашан қуандырады [Мәтін] / Ж. Жиенқұлов // Қазақстан патриоты. - 2013. - №3. - Б. 10.

 

Жолымбет, Қ. Спартактың ертеңіне сенім мол [Мәтін] / Қ. Жолымбет // Ертіс өңірі. - 2009. - 29 сәуір. - Б. 10.

 

Жұмабеков Төлеуқадыр. "Спартак" алаңы қалай салынды? // Ертіс өңірі. - 2013. - 27 наурыз. - Б.7.

 

Кәкішев, Нұрдәулет. Өз алаңындағы екінші жеңіс // Ертіс өңірі. - 24 сәуір. - Б. 7.

 

Кәкішев Нұрдәулет. Футболға жаны құмар жан // Ертіс өңірі. - 2013.- 6 ақпан. - Б. 9.

 

Кәкішев, Нұрдәулет. Жерлес аяқ допшылар жеңісі // Ертіс өңірі. - 17 сәуір. - Б. 17.

 

Қалиақпаров, Ш. Елкебаев және қазақ футболы [Мәтін] : [Қазақ футболының тарихынан.] / Ш. Қалиақпаров // Ертіс өңірі . - 2013. - 13 наурыз. - Б. 7. ; 20 наурыз. - Б. 9.

 

Қасымжанұлы, С. Қазақ футболы нашар дегенге келіспеймін [Мәтін] / С. Қасымжанұлы // Ертіс өңірі. - 2009. - 12 тамыз. - Б. 32.

 

Мәди Әлем. «Ярыштың» таңбасы елге оралды // Алаш айнасы. - 2009. - 9 қазан.

 

Мұратханқызы, Мерей. Өмірзақ Сұлтанов: «Біздің құрамада өнер көрсетіп жүрген легионерлер әлемдік деңгейде атағы шыққан футболшылар емес...» // Ертіс өңірі. - 2013. - 30 қаңтар. - Б. 8.


Мұхтарханқызы, Зиза. Әлемді арбаған ала доп. [Мәтін] : [Қазақ футболына - 100 жыл] / З.Мұхтарханқызы // Қазақ спорты. - 2013. - 26 ақпан. - Б. 5.

 

Нұғманбекова, Раушан. Семей футболын кім серпілтеді? [Мәтін] / Р. Нұғманбекова // Дала мен қала. - 2010. - 16 тамыз. - Б. 8.

Пернеханқызы, Р. Қазақ футболы тарихындағы елеулі күн [Мәтін] / Р. Пернеханқызы // Заң газеті. - 2009. - 9 маусым. - Б. 8.

Семейдің "Спартагы" үздіктер қатарында [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2009. - 29 шілде. - Б. 32.

Смағұлова, Еркежан. "Спартакқа" қаражат керек [Мәтін] / Е. Смағұлова // Семей таңы. - 2009. - 23 шілде. - Б. 3.

 

Сұлтанов Өмірзақ. Дәулет Сейсенұлы, Семей футболына қолдау керек // Егемен Қазақстан. - 2010. - 1 қыркүйек. - Б. 4.

 

Сұлтанов, Ө. Алаш аяқ добының тарихы ағылшындарды да қызықтырады [Мәтін] : [Қазақ футболының 100 жылдық мерейтойы туралы] / Ө. Сұлтанов // Дидар. - 2013. - 15 наурыз. - Б. 23.

 

Сұлтанов, Ө. Біздің құрамада өнер көрсетіп жүрген легионерлер әлемдік деңгейде атағы шыққан футболшылар емес. [Мәтін] / Ө. Сұлтанов // Сұлтанов Ө. Ертіс өңірі / Ө. Сұлтанов. - 2013. - 30 қаңтар. - Б. 8.

 

Сұлтанов, Ө. Қазақ футболына 100 жыл толады [Мәтін] : оның іргетасы Семейде қаланған еді // Егемен Қазақстан. - 2013. - 1 қаңтар. - Б. 8. - (1913 жылдары Семейде құрылған "Ярыш" командасының құрамында М.Әуезов те ойнаған).

http: www.egemen.kz

Сұлтанов, Ө. Қазақ футболының отаны командасын қолдай алмай ма? [Мәтін] / Ө. Сұлтанов // Ертіс өңірі. - 2010. - 24 наурыз. - Б. 17.

Сұлтанов, Өмірзақ. Семей футболына қолдау керек [Мәтін] / Ө. Сұлтанов // Егемен Қазақстан. - 2010. - 1 қыркүйек. - Б. 14.

 

Калинин Сергей. «Спартак» - второй // Спектр. - 2013. - 24 апреля. - С.9.

 

 

 


Интернетке сілтеме:

http://alasharena.kz - «Ярыштың» алғашқы төстаңбасы табылды

Қазақ футболының тарихы - http: aladop.kz

 

Спартак (футбол клубы, Семей) - http: Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия". (Елімай ФК).

 

Қадылбекұлы Әлімжан. Қазақ футболына бір ғасыр толады - http: Аltaynews.kz

 

ҚФФ Семейге қалалық футбол федерациясының сайтын сыйлады - www.ffs.kz

 

Семейдің «Елім-айы» қайда бүгін? - www.alaman.kz

 

Қазақ футболына бір ғасыр толады - http: Аltaynews.kz

 

Футболдың 100 жылдығына 100 алаң ашылады - www.alaman.kz

http:yvision.kz.




«Ярыштың» алғашқы төстаңбасы табылды

Қазақстан футболының 100 жылдығы — тек спорттық қана емес, бүкіл қоғамның маңызды шарасы.

Тарихтан білесіздер, 1913 жылы Семейде "Ярыш" футбол клубы құрылған болатын. Бұл — Қазақстанда пайда болған тұңғыш футбол командасы. Сол кезде осы клубқа арнайы эмблема да тігілген. Кейін команда бұл төстаңбадан көз жазып қалыпты. Жақында осы эмблеманы Қазақстан футболының 100 жылдығына орай Семей қаласына Германия азаматшасы Рамиса Нигматуллина арнайы тарту етті. Қазақ футболының эмблемасы Германияда не істеп жүр дейсіз ғой?! Себебі мынада екен.

Бұрын Қазақстанда тұрып, кейін Германияға көшіп кеткен Рамиса Нигматуллинаның туыс көкесі кезінде "Ярыш" командасының белді ойыншысы болған. Сонымен қатар, осы эмблеманың иесі болыпты. Рамиса ханымның айтуына қарағанда Юсуп ағасы кезінде "Ярыш" клубын құрушылардың қатарында болып, команданың капитаны болған екен.

Кез келген адамды капитан етіп сайламайды. Ол адам көшбасшы болуы тиіс. Менің көкем осы команданы құрушылардың қатарында болған. Ол 1912 жыл болатын, - деп еске алады Рамиса Нигматуллина.

Бүгінде бұл эмблема Семейдегі Невзоров отбасы атындағы мұражайда сақтаулы. Жақында Татар қоғамдастығы орталығының жанындағы мұражайға өткізіледі.

Шауқат Файзуллин, Татар қоғамдастығы орталығының жанындағы мұражайдың меңгерушісі:

Барлығы 24 эмблема болуы керек еді. Біреуі ғана сақталған. Мына төстаңбаға негізі жүз жылдан асты. Рамиса Нигматуллина оны көзінің қарашығындай сақтаған. Негізі, "Ярыштан" кейін Семейде тағы бірнеше команда құрылды ғой. Бірақ ешқайсысының эмблемалары бүгінге дейін сақталмапты.

Футбол пайда болғалы Семейде спорттың түрін өздеріне жақын тартатындар саны күрт артқан. Содан бастап футболды жасы да, кәрісі де барлығы ойнайды. Ал қалалық командалардың қатысуымен болатын кездесулер кезінде стадионға көрермендер лық толатын. Бүгінгі күнде де Семейде футбол ойыны өте танымал. Және де "Спартак" командасы "Ярыштың" жолын жалғастыратынына бәрі де сенеді.

vsemee.kz; www.ffs.kz сайттарының материалдары бойынша дайындалған.

Ақпарат көзі:

http://alasharena.kz - «Ярыштың» алғашқы төстаңбасы табылды


LAST_UPDATED2