Асылбек Еділ
06.12.2012 22:32

3Ақын, журналист.

1952 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Семей пединститутының филология факультетін және Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалімдіктен бастап, облыстық «Семей таңы» газетінде (әдеби қызметкерден редактордың орынбасарлығына дейін) және «Казахстанская правда» газетінің Семей облысы бойынша меншікті тілшісі, «Абай» журналының бөлім меңгерушісі, ТВК-6 телекомпаниясы ақпарат орталығының басшысы болып қызмет еткен.

Семей облысы әкімінің баспасөз хатшысы, қалалық коғамдық келісім және тіл саясаты бөлімінің бастығы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Өлеңдері 1968 жылдан газет-журналдарда жарияланып келеді. «Мерейлі мекен», «Шабыт қайнары», «Аlma таtег», «Семипалатинская лира» атты ұжымдық жинақтарға шығармалары енген. Екі тілде жазады. 2005 жылы «Көгілдір менің биігім» атты өлең жинағы жарық көрді.

Өлеңдері республикалық және жергілікті басылымдарда 1965 жылдан жарық көріп келеді.

Әдебиет:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т.1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. – Б. 24.


Шығармалары:

Асылбек, Е. Тұрады-ау өмір түп-түгел ұғымсыз қайшылықтардан [Мәтін] / Е. Асылбек // Ертіс өңірі. - 2009. - 18 ақпан. - Б. 11.

Асылбек, Е. Қырға шығып, серпіліп қайтайықшы [Мәтін] / Е. Асылбек // Ертіс өңірі. – 2011. – 5 шілде. - Б. 16.

Асылбек, Е. Жүректерге мол шаштым ізгіліктің нұрын мен [Мәтін] / Е. Асылбек // Семей таңы. – 2011. – 19 шілде. – Б. 5.

LAST_UPDATED2