ОКЖ-не қарасты №6 кітапхана-бөлімшесі №9 орта мектептің 5 "а" сынып оқушыларына арнап "Мен-тәуелсіз мемлекеттің азаматымын" атты ойын-сайыс өткізді.
27.11.2012 00:03

Шараның мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, өз Отанына деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Шара барысы слайд көрсетіле отырып жүргізілді. Оқырмандарға Қазақстан тарихы бойынша блиц-сұрақтар қойылып, мемлекеттік рәміздерге арналған "Жоқ","иә" ойыны ойнатылды. Сонымен қатар шарада қазақтың ұлттық ойындарымен жақынырақ танысты.


SAM 4115 SAM 4127