Мәдениет министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапхананың қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында қолға алған «Бір ел – бір кітап» акциясы биыл да өз жалғасын балалар және жасөпірімдер кітапханасында тапты.
15.11.2012 22:12

2Кітапханада Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі мен шығармалар жинағына талқылау Семей Мемлекеттік Педагогикалық Иституттың 2 курс студенттерінің қатысуымен өтті. Шараны кітапханашы Жакееева Ш. жүргізді.

Мақсаты: Оралхан Бөкейдің өмірі мен, шығармашылығын насихаттау. Оқырмандардың көркем шығармаға қызығушылығын арттыру.

Шарада кітапханашы «Қайдасың, қасқа құлыным» повесінің әдеби ерекшеліктері» атты тақырыппен сөз алса, СМПИ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы Абикенов Мұхит Төкенұлы О.Бөкейдің шығармаларына тоқталып өтті. Мұндағы жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге анализ жасады. Шараға қатысушылар қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы Оралхан Бөкейдің өмірінен оқырманға белгісіз беттері туралы айтылып, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматыққа баулу туралы үлкен толғаныс білдірді.

Оқырмандар «Қайдасың, қасқа құлыным» повесін оқып, жазушының туған жер табиғатын суреттеуіне тамсана таңырқаса, оның өз әкесіне деген балалық махаббатына сүйсіне қарады. Ал повестегі оқиға желісіне байланысты биенің егіз тууы жаман ырымға жорылып біреуін өлтіреді. Міне, осыған өкініш білдірген автор келесі туған құлынын анасы өлтіретінін суреттейді де, көңілінде қасқа құлынға деген аяныш, өкініш сияқты сезімдер пайда болады. Ескі ырымға сенбей құлынды өлтірмесе, мүмкін ол қазақтың құлагері болар еді деген ой түйеді.

«Қайдасың, қасқа құлынымның» тақырыбы да, мазмұны да оқырмандардың пікірінше осылай ашылады.

Шараға ««Бір ел – бір кітап» акциясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қара сөзбен жыр кестесін төккен хас шебер – Оралхан Бөкей» атты слайд-шоу көрсетілді.

5 7
LAST_UPDATED2