Клубтар
11.11.2012 23:14
Қалалық орталық кітапхана
1 86

«Эрудит» клубы

Интеллектуалды танымдық  «Эрудит» клубы 2003 жылдан бастап жұмыс істейді.

Клуб мақсаты - жас ұрпақтың мәдени және әлеуметтік сана сезімін дамытуға, олардың көңіл-күйлік, эстетикалық дамуына ықпал ету.

«Эрудит» клубы аясында түрлі тақырыптарда танымдық іс-шаралар өткізіледі. Клуб отырыстары тоқсанына бір рет өткізіледі.

2 87

Әдеби-сазды «Мерей» клубы

2001 жылдан бастап кітапхана қабырғасында кемел жастардың келешекке ұмтылу жолындағы ізденістеріне жол аша отырып6 тәрбие беру мақсатында әдеби–сазды «Мерей» клубы құрылған.

Мақсаты: ұлттық салт-дәстүрлерді, мемлекеттік тіліміз бен дінімізді, мәдениетімізді жастардың бойына сіңіру болып табылады.

Тоқсанына бір рет өтетін клубтың жұмыс жоспарына әдеби-музыкалық сипаттағы іс-шаралар енгізілген.

3 88

«Радуга» шығармашылық ұйымы

«Радуга» шығармашылық ұйымы қанатында тоқсанына бір рет оқырмандар мен өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәні бар мәдени-көпшілік шаралар – еліміздің ақындарының мерейтойларына арналған әдеби кештер, әдеби сағаттар, сабақтар, поэзия кештері өтеді.

Мақсаты:  халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру.
4 89

«Интеллектуал» клубы

Интеллектуалдық өсу мен ой-өрісін кеңейту, танымдық қабілетін және қарым-қатынасқа деген қызығушылықты ояту үшін «Интеллектуал» клубы құрылды.

Клуб отырыстары тоқсанына бір рет өткізіледі. Клубтың жұмыс жоспарына танымдық және шығармашылық сипаттағы іс-шаралар кіреді.

5 90

«Орфей» әдеби сазды клубы

Музыка-өнер  құралы ретінде эстетикалық тәрбие берудің маңызды жолдарының бірі ретінде, өнерлі жастардың  ой-өрісін кеңейту, өнермен  қарым-қатынасты ұйымдастыру мақсатында «Орфей» әдеби-музыкалық клубы құрылды.

«Орфей» клубы аясында өнердің түрлі мәселелері бойынша дәрістер, концерттер, музыкалық композициялар, өнер қайраткерлерімен шығармашылық кездесулер өткізіледі. Клуб отырыстары тоқсанына бір рет өткізіледі.

2 кітапхана-бөлімшесі
6 91 Жасөспірімдерге арналған «Ұлағат» клубы

Клуб 2006 жылдан бастап жұмыс істейді.

Жұмысының мақсаты: жас жеткіншектерге ата-бабаларымыз ауыз әдебиеті арқылы қалдырып кеткен мол мұраларын жас жеткіншектердің бойына дарытып, дүниетанымдарын кеңейту, патриоттық рухта тәрбиелеу. Туған елінің әдебиеті мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

«Ұлағат» клубы аясында әдеби кештер, әдеби сағаттар, сабақтар, поэзия кештері өткізіледі. Клуб отырыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі. 

6  кітапхана-бөлімшесі 
7 92

«Алтын жас» клубы

Клуб 2013 жылдың 2 маусымынан жұмыс істейді. Клуб отырысы тоқсанына 1 рет өтеді.

Клубтың мақсаты: Зейнет жасындағы оқырмандарымыздың уақыттарын қызықты өткізуге, жас жеткіншектермен жақсы қарым қатынас орнатуға септігімізді тигізу.

Клуб аясында әдеби кештер, кездесулер, поэзия кештері, өлкетану сабақтары өтеді.

Клубтың жұмыс жоспарында мерекелер мен мерейтойларға арналған түрлі іс-шаралар бар.

8 93

«Шаңырақ күмбездерінің астында» ақпараттық-танымдылық

өлкетану клуб

Клуб 2000 жылдың 22 ақпан айынан бастап жұмыс істеп келеді, 4-5 сынып оқушылары қатысады. Клуб отырысы тоқсанына 1 рет өтеді.

Клубтың мақсаты: Халқымыздың мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін, ұлттық-тәрбие ерекшелігін терең білетін, құрметтейтін қайырымды ұрпақ тәрбиелеу.

Клуб аясында әдеби кештер, сағаттар, сабақтар, поэзия кештері, викториналар, патриоттық сағаттар ұйымдастырылады.

 

12 кітапхана-бөлімшесі
9 94

«Негеш» клубы

Балалар бөлімінде ұйымдастырылған «Негеш» клубы 1998 жылдың 6 ақпанынан бастап өз жұмысын жүргізіп келеді.

Клубтың мақсаты: балаларды кітапханаға тарту,  балалардың ой-өрісін әдебиет арқылы кеңейту,  балаларға қарым-қатынас мәдениетін үйрету.

Клуб жарғысы:

1. «Негеш» клубының мүшесі кез келген мектептің 1-5 сынып оқушысы бола алады.

2. Клуб мүшесі өз ұсыныстары мен клуб жұмысына өзгерістер енгізуге құқылы.

3. Клуб мүшесі клубтың іс-шараларына қатысуға құқылы: оқу, талқылау, өз білімімен бөлісу.

4. Клуб мүшесі клубтың абыройын, клуб мүшелерінің құрметі мен достығын бағалауға міндетті.

«Негеш» клубы аясында әңгімелесу, қызықты ойындар, тренингтер, әдеби викториналар, ертеңгіліктер өткізіледі.

10 95

«Общение» клубы

Клуб  «Общенине» 1998 жылдың 27 ақпанынан бері жұмыс істейді қызықты және өзіндік ерекшелігі бар клубтың әр отырысында отбасы, денсаулық, экология және  тағы басқа көптеген көкейтесті тақырыптар таңдалынып алынады.

Клубқа  жазушы, журналист, дәрігерді өзімізге қонаққа шақыру мүмкіндігінен ешқашан бас тартпаймыз ең бастысы, бұл қызықты сұхбаттасушы болуы керек. Клуб  кездесулері  кей уақытта клуб мүшелерінің бір кесе шаймен ұзақ әңгімелесуге айналды. Клуб достастырын келесі кездесулерге қуанышпен күтеді.

Балалар және жасөспірімдер кітапханасы
11 96

«Шипагер»  клубы

2004 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейді. Клуб қатысушылары 5-8 сынып оқушылары.

 Клубтың ұраны: «Салауатты өмір салты үшін оптимизммен өмір сүр!».

Клуб аясында түрлі іс-шаралар өткізіледі: дөңгелек үстелдер, диалогтар, экология бойынша сабақтар, экспресс-ақпарат, КВН, әдеби-танымдық ойындар, балаларға арналған ойын-сауық конкурстары.

12 97

«Жұлдыз» клубы

2004 жылдан бері жұмыс істейді. Клуб қатысушылар 9-11 сынып оқушылары.

Клубтың мақсаты: туған жеріне, еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілікте, балаларды патриотизм мен адамгершілік рухында тәрбиелеу.

Ұраны: «Қымбат және қасиетті нәрсені сақтау!».

Клуб аясында жыл бойы театр сахнасы, слайд сабақтары,  бейне шолулар және т.б. шаралар өткізіледі.

13 98

«Умка» клубы

«Умка» клубының  қатысушылары: 1-4 сынып оқушылары.

Клубтың мақсаты: адамгершілік және эстетикалық тәрбие арқылы балалардың интеллектерін дамыту.

Ұраны: Бізбен бірге достар, әлем жақсылыққа толы болады!

Клуб аясында жыл бойы жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізіледі: кітаптар шеруі, балалар ертеңгіліктері, музыкалық кештер, конкурстар, әдеби саяхат және т. б.

Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесі
14 99

«Жас толқын» клубы

2014 жылдан бастап жасөспірім оқырмандарға арналған «Жас толқын» клубы жұмыс істейді.

Клубтың мақсаттары мен міндеттері:

ü  ұлттық мақтаныш сезімі, азаматтық қадір-қасиеті, әлеуметтік белсенділігі, Отанға деген сүйіспеншілігі бар адамды тәрбиелеу;

ü  ой-өрісті кеңейту және жүйелі оқуға тарту.

 

Клуб мүшелері үшін танымал адамдар, жазушылар, жауынгерлер, жасөспірімдердің қызығушылығын тудыратын еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіледі.

Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесі
15 100

«Әдемі-ай» клубы

Балалардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін кітапханамызда 2014 жылдан бастап 5-8 сынып аралығындағы қыз балаларға арналған «Әдемі-ай» атты оқырмандар клубы жұмыс жасайды.

Клуб мақсаты – қыз балалар әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету, үлкендерді құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйластықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, өз ойларын ашық айтуға көмектесу.

«Әдемі-ай» клубы аясында тоқсанына бір рет түрлі мәдени шаралар өткізіліп тұрады. Олар: слайд сабақтары, патриотизм сабағы, эстетика сабағы, білім сабағы, мерекелік кештер.

Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесі
16 101

 «Аялы алақан» клубы

2017 жылдан бастап жас аналарға арналған «Аялы алақан» атты клубы жұмыс істейді.

Клуб жұмысының мақсаты: балалармен ата-аналарға жайлы қарым-қатынас жасайтын орта құру. Балаға ерте жастан бастап тәрбие мен білім беру жайлы ата-аналарға кеңес беру.

«Аялы алақан» клубының атқаратын жұмыс түрлері: әдеби кештер, поззиялық кештер, ақпарат сабақтар.

Клуб кездесулері тоқсанына бір рет өтеді. Клубтың жұмыс жоспары бойынша клуб мүшелерімен мерекелерге, мерейтойларға байланысты әртүрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. 

Цемент  кентіндегі  кітапхана-бөлімшесі
17 102  «Атамекен» клубы

Клуб 2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс жасайды.

Клубтың негізгі мақсаты: бірлесе отырып жұмыс жасауға және өз ойларымен  бөлісуге, жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларымен таныстыратын шараларға қатысуға шақыру.

Клуб өз жұмысында келесі жұмыс түрлерін пайдаланады – библиографиялық шолулар, ақпараттық сағаттар, викториналар, ертеңгіліктер, экскурсиялар және т.б.

LAST_UPDATED2