«Бір қала – бір кітап» жобасы
11.11.2012 23:14

«Бір қала – бір кітап» 2014.

Назар аударыңыз!

Жыл кітабы таңдалды!

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні – қаран, келешегі тұман», деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің болашақта тірегі бұл - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесіндегі кітапханалар – кітапты жан серігім деп санайтын оқырмандардың екінші үйіне балаған киелі шаңырағы.

2013 жылы «Бір қала – бір кітап» жоба аясында семейліктер «Махаббат қызық мол жылдар» Әзілхан Нұршайықовтың кітабын таңдаған. Жыл бойы кітапханаларда әдеби кештер, кездесулер, тәрбие сағаттар өткізілді, Өскемен қаласымен «Мәңгілік махаббат жыршысы» онлайн-конференция ұйымдастырылды – осынын бәрі семейліктер тандаған Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабына арналды.

Кітап оқу арқылы адамның жеке тұлға ретінде дамуы, өмірге деген көз-қарасы қалыптасады. Оқырмандарды көркем әдебиетті оқуға тарту, кітап оқудың маңыздылығын анықтап, насихаттау мақсатында Орталықтандырылған кітапхана жүйесі жыл сайын «Бір қала – бір кітап» жобасын жүзеге асыруды ұсынады.

«Бір қала – бір кітап» жобасы көпшіліктің оқуға деген және отандық әдеби кітаптарға сол сияқты классик, заманауи әдебиеттерге және жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары мен туған жеріміздің поэзиясына деген қызығушылықтарын артыруға септігін тигізеді.

Алдағы уақытта «Бір қала – бір кітап» жобасы - кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру, оқу сауаттылығын дамыту және кітаптің мәртебесін одан әрі жоғарлатуға бағытталған бағдарламалардың бір бөлігі болуы мүмкін. Осы жоба оқырмандардың туған өлке тарихын, мәдениетін білуге деген құштарлықтарының арта түсуіне септігін тигізетін болады.

Жоба мақсаты - кітап оқуды қолдау, жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту, кітап арқылы рухани мәдениетті қалыптастыру. Осы жоба арқылы қазіргі күнделікті өзгеріп, өсіп, өркендеп жатқан заманда жүрегіңе терең бойлайтын түбі жоқ теңіз «кітап» екенін тағы да бір еске түсіру.

Жоба мазмұны: бүкіл қала тұрғындарын белгілі бір уақытта ең үздік кітапты таңдауға, оқуға және талқылауға шақыру. Таңдап алынған кітап бойынша әр-түрлі мәдени іс-шараларды өткізу.

Бірінші кезең – бұл Семейліктерді қала болып оқитын бір кітапты таңдауға шақыру. Жоба турал БАҚ-да жарияланған күнен бастап жобаны дайындап және өткізетін кампания өз жұмысын бастайды. Жобаны жүзеге асыру үшін таңдап алынатын ең үздік кітапты анықтау қала тұрғындарынан, түрлі мекемелерден, оқу орындарынан сауалнама алу, телефон желісі, ауызша және кітапхана сайты арқылы пікірлерін білу бойынша жүзеге асырылады. Акцияға қатысу үшін адамгершілік және гуманистік ұлттық идеялары мол, тарихи-мәдени салт-дәстүрлік, елдің терең тарихы мен заманауй дамуына бағытталған түрлі жанырдағы әдебиеттер, жоғары сапалы, әрбір жастағы азаматтарға қызықты болатын, пікір талас тудыратын көркем әдебиеттер қарастырылады.

Акцияға қаланың барлық тұрғындары, оқу мекемелері, түрлі ұйымдар қатыса алады.

Екінші кезең – жобаны іс-жүзінде жүзеге асыру, ол таңдап алынған кітапты насихаттау бойынша мәдени іс-шараларды өткізу. Мәдени шаралар әдістері әр түрлі бола алады: сынып сағаттары, әдеби кештер, ой-талқы, кітап желісі арқылы көркем филімді көрсету және талқылау, жазушылар, актерлермен кездесу, телемарафондар, клубтардың арасында пікірталас жүргізу т.б.

cinty

Үшінші кезең – қорытынды шығару. Жоба қорытындысында жобаның нәтижесі ұсынылады: қатысушылар саны, сауалнаманың жүргізілу әдісі, қаладағы ең белсенді қатысқан оқу орындары мен қатысушылар аталады.

Жобаның қорытындысы БАҚ беттерінде және кітапхана сайтында орналастырылады.

Биылғы жылы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары кітап тандауын Семей қаласының Жазушылар Одағының төрағасы Төкен Ибрагимов пен жергілікті жазушылар арасында талқыға ұсынды .

Тандауға алынған кітаптар - М.Ибраевтың «Құтты қойнау», Б.Исабаевтың «Ұлылар мекені», М.Магауинның «Аласапыран», Р. Нургалиевтың «Діңгек», Т. Әбдікәкімовтың «Ырауан», «Ақшам хаттары», В. Зубовтың «Цвет страсти»шығармаларын айтуымызға болады.

Ұзаққа созылған талқылаулар нәтижесінде жазушылар одағының мүшелері Т.Әбдікәкімовтың шығармаларын тандаған дұрыс деп шешті.

Тыныштықбек Әбдікәкімов 1953 жылы 20 маусымда Семей облысының Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған.1994 жылы Семей педагогика институтының филология факультетін бітірген. «Абай ауылы» газетінде, Абай мұражайында жұмыс істеген. «Ақшам хаттары», «Ырауан», «Қас Сақ Аңқымасы» атты т.б. жыр жинақтарының авторы.1993-1996 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының Семей бөлімшесінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарды. Жазушылар Одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, Жазушылар Одағы ұйымдастырған ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. «Ақшам хаттар» (1990), «Ырауан» (2000) жыр жинақтарының авторы.

Осы жыл ішінде барлық кітапханалар мен мектептерде, сонымен қатар жоғары оқу орындарында Т.Абдікакімовтың шығармалары оқытылады. Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарын Т.Абдікакімовтың шығармаларымен таныстыру мақсатында әр түрлі іс-шаралар өткізіледі.


Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырған «Бір қала – бір кітап» атты жоба аясында бүкіл қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіліп, оқуға өз жерлес жазушыларымыздың 17 кітабы ұсынылды.

Жобаның мақсаты – оқуды жандандыру жөніндегі бағдарламаны дамыту, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау, жастарды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту.

 

Бұл жобаға қатысқан 14 пен 60 жас аралығындағы оқырмандардың 175-і Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты кітабына дауыс беріп, осы шығарма қалалықтардың бірлесе оқитын кітабы болып таңдалды.

 

Қалалық орталық кітапхананың қызметкерлері «Бір қала – бір кітап» жобасының жеңімпаз шығармасына арнап Радиотехника және байланыс колледжі мен Еуразиялық технико-гуманитарлық колледж студенттерінің қатысуымен «Махаббат қызық мол жылдар» атты кітап кешін өткізді.

 

Әдебиет әлемінде мәңгілік тақырыпқа айналған «махаббат» мәселесі – бұл романның асыл арқауы. Кезінде қалың оқырманның тұмарындай, сүйікті шығармасы болған кітап бүгінгі күннің балғын оқырманын да бей-жай қалдырмайтыны белгілі. Қазіргі жастардың да жанын тербеген, жалпы адам баласына тән мөлдір сезімді өзек еткен шығарма. Кітап кеші барысында колледж студенттері кітап туралы өз-ойларымен бөлісіп, пікір таласты. Кітаптан алған әсерлері жайлы Еуразия технико-гуманитарлық колледж 203 топтың 2 курс студенттері Маутбекова Данара мен Әділбекова Тоғжан баяндап өтті. Сонымен қоса іс-шарада жазушының өмірбаянымен шығармашылығына жеке тоқтала кетіп арнайы дайындалған слайд көрсетілді. Оқырмандар назарына кітап қорымыздағы Ә.Нұршайықовтың «Ата-Мұра» баспасынан 2002 жылы шыққан «Махаббат қызық мол жылдар», "Ақиқат пен аңыз", «Қаламгер және оның достары», 10 томдық шығармалар жинағы, «Мәңгілік махаббат жыры» атты кітаптары мен баспасөз беттерінде жарияланған материалдары қойылған көрме ұсынылды.

1 2


Орталықтандырылған ктапхана жүйесі ұсынған 2013 жылы «Бір қала – бір кітап» жобасы аясында бүкіл қалалық оқуға өз жерлес жазушыларымыздың қай кітабын ұсынар едіңіз? - атты акция бойынша қала тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді. Жобаның мақсаты – оқуды жандандыру жөніндегі бағдарламаны дамыту, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау, жастарды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту.

Бұл жобаға жасы 14 пен 60 жас аралығындағы оқырмандар қатысты. Оқырмандарымызға «Бір қала – бір кітап» акциясына жерлес жазушыларымыздың 17 авторларымыздың кітабы ұсынылды. Соның ішінде Омаров Асанның «Шәкәрім және Мұхтар» атты кітабын 31 оқырман, Сұлтанбеков Мұрат «Абай, Мұхтар, Шәкәрім» атты кітабын 26 оқырман, Мағауин Мұхтар «Аласапыран» атты кітабын 21 оқырман, Жұртбай Тұрсын «Бір уыс жусан» атты кітабын 19 оқырман, Зубов Валерий «Цвет страсти» атты кітабын 16 оқырман, Нұршайықов Әзілхан «Махаббат қызық мол жылдар» атты кітабын 175 оқырман, Сәрсеке Медеу «Қаныш Сәтбаев» атты кітабын 15 оқырман, Ибрагимов Төкен «Толқын Толғау» атты кітабын 14 оқырман, Ибраев Мерғали «Құтты қойнау» атты кітабын 10 оқырман ұсыныпты. Сондай-ақ оқырмандарымыз cbssemey.kz сайтымызға Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты кітабына көп дауыс берді.

Жастарымыз ұлтымыздың ұлы мақтанышы – Ілияс Есенберлиннің, Мұхтар Әуезовтің, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің, т.б авторларымыздың шығармаларын оқыса, рухани мықтылығымыз артып, кітап деген қасиетті қазынаға ынтамыз күшейіп, халқымыздың өмірін, тарихын біле түсер еді. «Бір қала – бір кітап» жобасы аясында бүкіл қалалық оқуға өз жерлес жазушыларымыздың ішіндегі ең көп дауыс беріп ұсынған - Нұршайықов Әзілхан «Махаббат қызық мол жылдар» атты кітабы .

Әзілхан Нұршайықов – жазушы, көсемсөзші, аудармашы. 1922 жылы туған. 1956 жылы «Алыстағы ауданда» атты тұңғыш очерк және әңгімелер жинағы жарық көрді. «Махаббат жыры», «Әсем», «Тоғыз толғау», «Автопортрет», «Өмір өрнектері» т.б кітаптары шыққан.И.Бунин, М.Шолохов, П.Павленко, А.Якобсонның шығармаларын аударған. «Махаббат қызық мол жылдар» атты кітабы 1970 жылы жарық көрді. Әзілхан Нұршайықовтың айтуы бойынша кезінде бұған дейін оннан аса кітабым жарияланды, жұрт мені жақсы очеркист деп таныды. Солай бола тұрса да мен ол кітаптарымның бірде-біріне хат алған емеспін. Ал, «Махаббат қызық мол жылдардың» жалғыз өзіне ғана мыңға жуық хат алдым. Бұрын кейбір кітаптарыма бірді-екілі хат алған емеспін. Ал мына романға республикалық, облыстық, аудандық газеттер беттерінде отызға жуық пікір жарияланды делінген.

2Бұл роман жастар өмірінен алынып, жастарға арнап жазған мақсат, бұрынғы ата-бабаларымыздың мекеніне ұя салып, бүгінгі біздің орнымызды басатын, ісімізді жалғастырып, алға апаратын болашақ ұрпаққа, солардың жүректерінде асыл адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына тигізетін әсері туралы жазылған.

Әдебиет әлемінде мәңгілік тақырыпқа айналған «махаббат» мәселесі – бұл романның асыл арқауы. Кезінде қалың оқырманның тұмарындай, сүйікті шығармасы болған кітап бүгінгі күннің балғын оқырманын да бей-жай қалдырмайтыны белгілі. Қазіргі жастардың да жанын тербеген, жалпы адам баласына тән мөлдір сезімді өзек еткен шығарма.

Құрметті семейліктер! Бір қала болып Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдардың» оқуға шақырамыз.

Орталық кітапхана

Маркетинг және әлеуметтік-мәдени жобалар бөлімі


НАЗАР АУДАРЫНЫЗДАР! ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАБЫН ТАҢДАЙМЫЗ!

Мақсаты бірдің – тілегі бір

 

Көне заманда Прометей адамдарға от сыйлаған. Заманауи «Прометей» – кітапханашылар болашаққа сенім мен сәттілік кепілі – білім сыйлайды.

Биылғы, яғни 2012 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы О.Бөкеевтің "Қайдасың, қасқа құлыным" атты повестер мен әңгімелер жинағына арналған еді.

Сол сияқты Қазақстанның рухани мәдени орталығы Семей қаласының тұрғындарына қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен түрлі мәдени шаралар неге өткізбеске деген сұрақ туындады. «Бір қала – бір кітап» жобасына көпшіліктің отандық әдеби кітаптарға сол сияқты классик, заманауи әдебиеттерге және туған жеріміздің поэзиясына деген көптеген сұрақтармен қызығушылықтар туындайды. Қазіргі заманауи техниканың шарықтаған заманыңда күнделікті өзгеріп өсіп, өркендеп жатқан заманда жүрегіне терең бойлайтын түбі жоқ теңіз кітап қалтарыста қалып бара жатыр. Оқырмандарды көркем әдебиетті оқуға тарту, кітап оқудың маңыздылығын анықтап, насихаттау мақсатында «Бір қала – бір кітап» жобасын ұсынамыз. Жастарды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Кітап арқылы рухани мәдениетті қалыптастыру.

Халқымыздың рухани жан-дүниесі жаңарған кезде әр аймақ өзінің тарихи шежіресін кейінгі ұрпаққа мұра ету қамына кіріскен кезде кітапханалар да уақыт көшіне ілесіп, өлкетану әдебиеттерін жинақтап насихаттауды кітапхана жұмысының негізгі бағытына айналдырып отыр. Оқырмандардың туған өлке тарихын, мәдениетін білуге деген құштарлығы жыл өткен сайын арта түсуде.

Өлкені тану – үздіксіз үрдіс. Семей қаласымен жақын танысып, ел тарихы мен мәдениетін тереңірек түсіну үшін «Бір қала – бір кітап» жобасын ұсынамыз. Семейдің қасиетті топырағы – қазақ халқының біртуар перзенттері ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абайдың, атақты сөз зергерлері – Шәкәрім мен Мұхтардың кіндік кескен жері. Жалпы Семей өңірі, қарт Ертістің бойы, Алтай мен Шыңғыстау сілемі талай батагөй билер мен ел қорғаған сынды батырларды, сұңғыла ғалымдар мен жезтаңдай шешендерді дүниеге әкелген құтты мекен. Өлкенің ерлік және еңбек дәстүрі өз ізімен өрнектеледі. Адам қоршаған ортаның аялаушысы, қадірлейтін қорғанышы. Туған табиғатпен өскен ел бірінен-бірі ажырамас тұтас ұғым. Сондықтан да жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі мен мейірбандығын, қамқорлығы мен табиғатқа деген көзқарастарының кемелдене түсуіне кітапхананың үлесі мол болуы керек.

«Өлкетану – өзіңнің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ туған жер туралы мағлұматтармен таныстырады, тарихқа, өнерге, әдебиетке деген қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді» - деген академик Д.Лихачев.

Өлкеміздің өткені мен бүгіні, алдыңғы ұрпақтар дәстүрiнiң тәжiрибесi, танымал тұлғалары, тарихы, тұрмыс-салты, туған жердiң табиғи өзiндiк ерекшелiгi және көптеген басқа да өлкетануға байланысты қызықты тақырыптар бойынша кiтапханалық шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұруы өте маңызды. Туған жерге деген махаббат, оның тарихын бiлу - қоғамдағы рухани мәдениеттiң негiзi.

Өзгереді бәрі де өзгереді,

Өзгермейтін тек қана рухани құндылықтар

Соңдықтан 1 қарашадан бастап жыл аяғына дейін сауалнама арқылы бүкіл қалалық кітапты таңдауда ат салысуға шақырамыз.

Жазушының өмірінен оқырманға белгісіз беттері туралы айту, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматыққа баулу, жазушының шығармаларын насихаттау, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында 7 – 12 қазан аралығында мәдени шаралар өткізуге болады

2013 жылы «Бір қала – бір кітап» жобасы аясында бүкіл қалалық оқуға өз жерлес жазушыларымыздың қай кітабын ұсынар едіңіз?

  • 1. Асылбек Еділ «Көгілдір менің биігім»
  • 2. Жанболатұлы Молдабек «Би ата»
  • 3. Жанғалиев Төлеген «Тілсіздің тілі»
  • 4. Жұртбай Тұрсын «Бір уыс жусан», «Дулыға»
  • 5. Зубов Валерий «Цвет страсти»
  • 6. Ибрагимов Төкен «Толқын толғау»
  • 7. Ибраев Мерғали «Құтты қойнау»
  • 8. Исабаев Бекен «Ұлылар мекені»
  • 9. Мағауин Мұхтар «Аласапыран»
  • 10.Мұхамедханов Қайым «Абайдың ақын шәкірттері»
  • 11.Нұршайықов Әзілхан «Махаббат қызық мол жылдар»
  • 12.Оразалин Кәмен «Абайдан соңғы арыстар»
  • 13.Омаров Асан «Шәкәрім және Мұхтар»
  • 14.Оспанов Мұратбек «Дүние дидар»
  • 15.Сәрсеке Медеу «Қаныш Сәтбаев»
  • 16.Сейсенұлы Дәулет «Шәкәрім»
  • 17.Сұлтанбеков Мұрат «Абай, Мұхтар, Шәкәрім»

Қоңырау шалыңыз: 56-01-21

жазыңыз: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

сайтқа назар салыңыз: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

келіңіз: ул. Ак.Павлова,105


Маркетинг және әлеуметтік-мәдени жобалар бөлімі

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі

САУАЛНАМА

LAST_UPDATED2