Цемент кентіндегі кітапхана бөлімшесінің оқу залында № 32 мектептің 11 сынып оқушыларымен бірлесе отырып «Марина Цветаеваның 120 жылдығына» арналып поэзия сағаты болып өтті.
08.11.2012 08:14

Іс – шара мақсаты: оқушыларды ақын М.Цветаеваның өмірі және шығармасшылығымен жан - жақты таныстыру.

Кітапханашы өзінің сөзінде ақынның өлеңдерінің негізінде азаматтық лириканың поэзиялық шығарманың бейнелілігі арқылы танылатынын айтып өтті. Ақынның көңіл күйін, тағдырын өлең жолдары арқылы айқын аңғаруға болады. Ақынның жырлары қайталанбас көркем суреттерімен, айшықты поэтикалық тілімен оқырманын баурайды.

Поэзия сағатында оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, басқа жазушылардың М.Цветаева жайында айтқан ой пікірлерін айтып берді. Іс – шара барысында кітап оқу залында «Тағдыр. Мінез. Поэзия» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашылар библиографиялық шолу жасап, оқушыларды кітапханаға шақырды.

 

DSC09871 DSC09875