24.01.2011 20:40

 

Қайым Мұхамедханов және Абай мұражайы

5Көрнекті әдебиет зерттеушісі, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың абайтану ғылымына, Абайдың ақын шәкірттері мұраларының зерттелуіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Сондай-ақ, ғалымның қоғамдық қызметтері де ғалымдық қарым-құлашының кеңдігін даралайды. Соның бірі – 1940 жылы Семей қаласында Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайын ұйымдастырудағы еңбектері. М.Әуезовтің тікелей араласуымен ашылған мұражайдың ұйымдастырылу, қалыптасу ісіне Абайдың өз тәрбиесінде болған немере інісі Әрхам Кәкітайұлы мен мен Қ.Мұхамедханов белсене араласады. Бүгінде кемерленіп қанатын кеңге жайған мұражайдағы экспонаттар мен ұлы ақын жайындағы естеліктер, қолжазбалардың жиналуына мол еңбек сіңірді.

Мұражайдағы ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды заттар, қолжазбалар мен құжаттарды жинастырудың маңызды бөлігі Қ.Мұхамедхановтың үлесіне тиесілі. Осы әдеби қорықты абайтану саласының ғылыми орталығына айналдыру ғалымның табандылығымен жүзеге асты. Бұған дәлел ретінде мұражайдың 1940-41 жылдарда жүргізген істерінің есебін ұсынамыз:

«Научная работа по темам:

По теме бытовая обстановка жизни Абая преступлено и составлено актов по бытовой обстановке дома №183 по проспекту Абая в последние годы жизни в нем жил Абай (Исхаков, Аккерман);

По теме «Литературная школа Абая» тов. Мухамедханов собирал большие материалы по Арипу и это будут изданы в текущему году. Это будет первый научный труд работников Абая 1941 г.».

Бұл – ақын атындағы мұражай үйінде алғашқы ғылыми зерттеудің негізін салған Қ.Мұхамедханов екенін айғақтайтын құжат.

Мұражай тарихында алғашқы ғылыми еңбектің ізін сала отырып, баспасөз беттерінде мақалаларын да жариялай бастады. «Абайдың әдеби мектебі» деген атпен 1945 жылы Ақылбайдың «Дағыстан», «Зұлыс», Мағауияның «Медғат-Қасым», «Еңлік-Кебек», Әубәкір мен Әріптің шығармашылық өмірлеріне арналған мақалалары жарық көреді.

Әдебиет:

Смағұлова, А. Қ.Мұхамедханов және Абай мұражайы // Семей таңы. - 2009. - 18 маусым.

Обновлено 24.01.2011 21:01