№6 кітапхана-бөлімшесінде «Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты өлкетану сабағы өтті.
12.10.2012 18:35

SAM 3905№9 орта мектептің 2 "в" сынып оқушыларына арнап кітапхана қызметкері «Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты өлкетану сабағын өткізді. Шараға сынып жетекшілері Фомина Елена Михайловна қатысты.

Шараның мақсаты: оқырмандардың өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.

Шара барысы «Менің Қазақстаным - менің болашағым», "Табиғаттың ғажайып үні" атты слайдтар көрсетіле отырып жүргізілді. Осы сыныптын оқушылары Момыкова Анеля, Кузмина Даша, Хотько Саша, Мананикова Алина шарада Қазақстан туралы жүрек жарды өлең жолдарын оқыды. Ғаламтор арқылы оқырмандар Қазақстанның бас қаласы Астананың назар аударарлық орындарына саяхат жасап, белгілі композитор Мұхамеджановтың орындауында Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне жазылған "Менің қалам" атты бине клипті тамашалады. Сонымен қатар шарада ойын ойнатылып, викторина сұрақтары қойылды.

SAM 3908 SAM 3924