Цемент кеңтіндегі кітапхана-бөлімшесінде № 11 мектептің 4 сынып оқушыларымен «Менің Отаным-Қазақстан» атты өлкетану сабағы болып өтті.
09.10.2012 23:09

Бұл сабақтың мақсаты: жас ұрпақты Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру. Елімізді сүюге, құрмет тұтуға, байлықтарын қорғауға тәрбиелеу.

Елбасы Н. Назарбаевтың «Біздің Отанымыз біреу ғана. Ол -Қазақстан. Біздің еліміз -тәуелсіз, мақсатымыз -бейбітшілік пен тыныштық» деген сөздері кештің арқауы болды.

ҚР әнұраны орындалды. Оқушылар «Атыңнан айналайын Қазақстан» атты әдеби үзінділерін оқыды. Іс-шара барысында оқырмандардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Қазақстан туралы не білесің?», «Әріптерді таңда» атты экраннан қызықты ойын -сайыстар ұйымдастырылды. Балалар белсене ат салысып, өз ойларын ортаға салды.

Іс-шара соңында ән -жырымен, билерімен залдың іші көңілді күйге бөленді.

 

1 2