Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақ гуманитарлық заң университетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен оқу марафоны өтті.
27.09.2012 20:04

1Мәдениет министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапхананың қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында қолға алған «Бір ел – бір кітап» акциясы биыл да өз жалғасын балалар және жасөпірімдер кітапханасында тапты. Кітапханада «Оралхан Бөкей көркем сөз өнерінің шебері» атты оқу марафоны Қазақ гуманитарлық заң университетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен өтті.

Мақсаты: Оралхан Бөкейдің өмірі мен, шығармашылығын насихаттау. Оқырмандардың көркем шығармаға қызығушылығын арттыру.

Шара барысында слайд көрсете отырып жазушының өмірі мен шығармашылық жолдарын таныстырды. Қазақтың қайталанбас жазушысы Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» повесінен, «Тортай мінер ақ боз ат», «Сайтан көпір» шығармаларынан үзінділер оқыды және де оқушылар оған талдау жасады. Сондай -ақ «Жалғасын тап?» атты жазушының шығармаларына викториналық ойын жүргізіліп, онда Сайранова Маржан өзінің білімділігімен ерекшеленді. Шара барысында «Мұзтау», «Үркер ауып барады», «Кербұғы», «Өнерге өлердей-ақ ғашық едім» секілді шығармалар жинағы мен баспасөз беттеріне жарияланған Оралхан Бөкей жайлы естеліктер қойылған «Оралхан – Алтайдың ақиығы» атты көрмені тамашалады.

 

2 3 

«Оралхан бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер» деп, Дулат Исабеков ағамыз айтқандай марафонға қатысушы оқырмандар жазушының шығармаларын жыл бойы оқи беретіндіктерін айттып, шараны жазушыға арналған арнау өлеңдермен аяқтады.

LAST_UPDATED2