«Ашық аспан астындағы оқу залы» акциясы аясында Орталық қалалық кітапханада Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған«Тіл- жаның, тіл – қаның, Тіл- арың, тіл – әнің» атты кеш өткізілді
27.09.2012 19:48

Кештің мақсаты: Қазақстанның мемлекеттік тілімен еліміздің жас азаматтарының еркін және тиімді меңгеруіне, тілді жетілдіруіне, оны әрі қарай белсенді қолдануды қалыптастыруда қажетті мүмкіндіктер жасау, дұрыс сөйлеп, сөз мағынасын зерделей білуіне де ықпал ету.

Елбасымыз Н.Назарбаев Әбішұлының 1998 жылы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай «Тіл- жаның, тіл – қаның, Тіл- арың, тіл – әнің» атты кеш өткізілді. Кешке ұлт жанашыры, тіл жанашырлары Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орынбасары Көпбаев Берік, Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының мүшесі, Семей қаласының, Абай ауданының құрметті азаматы, ақын, «Абай» журналының бас редакторы Мұратбек Оспанов, Семей қалалық «Нұр отан» ХДП- ның «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері қатысты. Кешті кітапхана қызметкерлері «Тіл өнері дертпен тең», - деп тілдің қадір-қасиетін жете түсінген бабаларымыздың нақыл сөздерімен ашып, ұлттың асыл мұрасы – ана тілін құрметтей білуге шақырды.

1 2

 

Келген қонақтарға сөз беріліп, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орынбасары Көпбаев Берік Көпбайұлы - Тіл мәдениетін, сөз мәдениетін тілге тиек етіп, жастарды сауаттылыққы шақырды. Семей қалалық «Нұр отан» ХДП- ның «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі, СМПИ студенті Мадина Отанқызы «Тіл - ұлттың жаны, халықтың үні» атты баяндама оқыса, Отан Парасат қазақтың қара домбырасымен «Гүлдер - айым» әнін, ал Қажығалимов Елдос «Көңіл толқыны» күйін қонақтарға тарту етті.


3 4

Кітапханашылардың Үш қазынаны ата?, Аманат, «Тіл- ата - баба аманаты» - дегенді қалай түсінесің?, Ұлт тәрбиесі дегеніміз не? - деген сұрақтарына оқырмандар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. Колледж студенттері өздерінің қазақ тілі туралы өлеңдерін оқыды.

Кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды және кітапхана директоры Айгүл Әлімбекқызы тіл мерекесімен құттықтап, оқырман қауымға алғысын білдіріп, белсенді қатысқан оқырмандарға ынталандыру сыйлықтарын табыс етті.

LAST_UPDATED2