Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Кітап патшалығына саяхат» тақырыбымен экскурсия өтті.
17.09.2012 20:24

IMG 0030Кітап – қарым- қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап – білім бұлағы» деп бекер айтылмаған. Осыған байланысты Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Кітап патшалығына саяхат» тақырыбымен экскурсия өтті. Осы іс-шара аясында кітапханамызда жаңа технологияны қолдана отырып экспрес-шолу, ойын сайыстар ұйымдастырылды. Экскурсияға қаламыздың №1, 6, 31, 36 мектептері қатысты.

Мақсаты: әртүрлі формадағы ойындар өткізе отырып олардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

IMG 0036 IMG 9981

Экскурсия күні кітапханамыздың ең бірінші қонақтары болған «Кайнар» колледжінің студенттері. Кітапханашылар алдымен слайд арқылы «Библиорандеву» көрсете отырып, кітапхана бөлімдерімен таныстырды. Оқырмандарымызды жаңа кітаптар,мерзімді басылымдар сондай-ақ электронды кітаптармен таныстырдық. Іс-шара барысында оқырмандарымызбен «Олимпиада» атты викторина өткізілді.

Сонымен қатар іс-шараға келген ең кішкентай оқырмандарымыз олар «Қайнар» мектебінің 1 сынып оқушылары және «Қуаныш» бала-бақшасының тәрбиеленушілері. Оларға «Ертегілер әлемінде» электронды ойын-сайыс өткізілді.

LAST_UPDATED2