Жазғы уақытта Балалар және жасөспірімдер кітапханасында ең кішкентай оқырмандарымыз «Қуаныш» бала-бақшасының бүлдіршіндеріне «Таңғажайып ертегілер әлеміне» тақырыбымен саяхат өтті.
04.09.2012 23:19

014Ертегілердің кейіпкерлерімен бүлдіршіндер кішкентай күнінен бастап танысады.Бала ертегі оқи отырып, сол кейііпкерлерге ұқсағысы келеді. Мысалы «Түймеқыз», «Қызыл телпек», «Ұйқыдағы ару» т.б. Оқу баланың есте сақтау қабілетін, сөйлеу мәнерін, сенімділігін, белсенділігін арттырады.

Шараның мақсаты: Балаларды кітапханамен таныстыра отырып, оқуға, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Шара ойын түрінде өтті. Кішкентай оқырмандарға «Ертегіні тап?» атты ертегі-викторина, «Ертегіден келген жеделхат», «Кейіпкерді тап?» атты ойын жүргізді. Кішкентай оқырмандар шара барысында белсенді қатыса отырып, өздерінің оқыған ертегілерін айтып берді. Шара соңында оларға сүйікті ертегі кейіпкерлерін салу тапсырылды.