31.08.2012 22:14

Мақсаты:

Білімділік: жас өспірім кезеңіңдегі проблемаларды талқылау; заңың қоғамда атқаратын ролі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың өз пікірлерін, ойларын еркін жеткізуге, ашық сөйлеуге дағдыландыру.

1Тәрбиелік: өз өміріне, өз-өзіне жауаптылыққа тәрбиелеу.

Дөңгелек үстел басындағы әңгімені әдеттегі өмірге керек бес басты ереже туралы пікір алысудан бастадық. Әрбір әр-түрлі бұл бес ережені анықтады, бірақ олардын бәрі Конституцияда жазылған болып шықты. Содан кейін Конституцияның маңызы, тарихы, тармақтары туралы балаларға айтылды. Әсіресе «Адам және құқық» деген бөлімің талқыладық. Одан кейін осындай сұрақтар бойынша балалар пікір алмасты:

1.«Оқушылар құқығы» дегенді қалай ұғынасындар?

2. «Құқық» және «Оқушылардың міндеттері» деген ұғымдардың айырмашылығы қандай?

3. «Қара жол» дегенді қандай оймен байланыстырасыздар?

4. «Ақ жол» деген ұғымда қандай бағыттар болу керек?

2Дөңгелек үстел басындағы әңгіме осындай сөздермен аяқтадық: «Ақ жол» - бұл жарқын келешекке жол, онда білім, жұмыс, отбасы, бақыт бар. Осынның бәріне ҚР Конституциясы кепіл болады.