Ақынжанов Мұсатай (1905–1986)
25.06.2012 19:10

2Жазушы, драматург, тарихшы.

1905 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында туған.

1925 жылы Семей педтехникумын тәмамдап, баспасөз саласында, комсомол және партия ұйымдарында қызмет істеген. 1929 жылы Орынбор халық ағарту институтын, 1939 жылы Қазақ Марксизм-ленинизм мектебін бітірген. 1939-1942 жылдары Қазақстан ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының директоры, 1946-1977 жылдары ҚазМУ-дің доценті, кафедра меңгерушісі, тарих факультетінің деканы қызметтерін атқарған.

Алғашқы әңгімелер жинағы «Садыр мен Садық» 1931 жылы жарық көрді. Жиырмадан астам драмалық шығармалар жазды. «Біздің ән», «Исатай мен Махамбет», «Сырым Датов», «Бағытай-Бағила», «Фрунзе», «Жеңіс қамы», «Шопан қыз», «Алтын сақа», «Алтын алқа сырлары», «Ыбырай Алтынсарин» тағы басқа драмалық шығармалары облыстық республикалық театрларда қойылды. «Жастарға үлгі-өнеге» (1925), «Абайдың өмірі мен творчествосы» (1955), «Қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы» (1955), тағы басқа ғылыми-зерттеу еңбектері жарық көрді.

Тарих ғылымдарының докторы. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.

1986 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.

Шығармалары:

«Жастарға үлгі-өнеге». Мақалалар. Семейдің газет-журнал баспасы, 1925;

«Шаруа достары». Мақала, очерктер. Қызылорда газет-журнал баспасы, 1926;

«Садыр мен Садық». Әңгімелер. Семей газет-журнал баспасы,

«1931 Қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы». А., ҚМКӘБ, 1948; «Абайдың өмірі мен творчествосы». Очерк. А., ҚМКӘБ, 1955;

«Қазақ халқының шығуы және қалыптасуы». Зерттеу. А., «Ғылым», 1971;

«Нұрсәуле - Шолпан». Пьесалар. А., «Жазушы», 1971.


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 21.

LAST_UPDATED2