24.01.2011 20:24 |
There are no translations available.
Қайым ағаның карлагтағы тағдыры Халқымыздың аяулы перзентi, абайтанушы ғалым, аудармашы, жазушы Қайым Мұхамедхановтың есiмiн есте сақтау аз. Қайым Мұхамедхановтың өмiр жолы да қазақ халқы үшiн атқарған еңбегi де тәуелсiз Қазақстанның елжанды ұландарын арлы, намысты етiп тәрбиелеуге көмектесетiн бiрден бiр үлгi, бiрден бiр жол. Егер бiздiң халқымыздың Қайымдай азаматтары болмаса, дәл бүгiнгi тәуелсiздiгiмiздiң баянды болмағы да екiталай едi. ХХ ғасыр — қазақ халқы үшiн, бiр жағынан шер мен мұңның да ғасыры болды. Елiм, жерiм дегендер қамалған, “Абай” дегендер Қарлаг түрмесiне түскен, бастылары атылған, тектiлерi тентiреген заман болды. Ұлы жазушыларымыз Мұхтар Әуезовтiң де басынан бұлт арылмағандығын жақсы бiлемiз. Сондай ұлы тұлғаны қажет кезiнде жанымен де, арымен де қорғай бiлген адамдар болған. Солардың бiрi — Қайым Мұхамедханов. Ол өз естелiгiнде: Қол қоймаған Қайым Мұхамедхановты Қарлагқа 25 жылға қамауға алады. Азап та, тозақ та ұлтын сүйген ұлы жүректi тұншықтыруға шамасы келмейдi. Жастайынан ұлтжанды қазақтың бiртуар азаматтары: А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтермен бiрге халық тағдырын, ел азаттығын ойлаған, Абай дананың даналығымен, Шәкәрiмнiң ұлағатымен ой өсiрген қазақтың арда ұлдары аңсаған, армандаған ел тәуелсiздiгiн көзiмен көрдi. Тәуелсiздiктiң бағасын шын түсiнген екi жан болса, бiрi Қайым атамыз едi. Жалғыз кiсi болса, ол да Қайым Мұхамедханов едi. Бiр сөзбен айтқанда, Тәуелсiз Қазақстанның үлкен перзентi, батыр перзентi Қайым Мұхамедхановтың екiншi нұрлы ғұмырын бүгiнгi ұрпаққа түсiндiру, ұғындыру, үлгi ету — бiздiң парызымыз. Қайым Мұхамедхановтың музей үйiн, оның атындағы қоғамдық қорды құруға Мемлекет мұрындық болса екен деген тiлегiмiз бар. “Кешегi күннен алыс жоқ, ертеңгi күннен жақын жоқ” деген бабаларымыздың сөзiнiң өтiрiгi жоқ. Жыл артынан жыл қуып, күн артынан күн қуып, өмiр өте бередi. Келешек ұрпақ тарихын iздесе, қайдан табады? Тарихты ұрпаққа аманат ету, жеткiзу де парыз емес пе?
Гүлтас Сайынқызы Интернеттен алынды www.turkystan.kz |
LAST_UPDATED2 |