Абылқасымов Айжарық
25.06.2012 19:05

11961 жылы 10 қазанда Семей облысы, Мақаншы ауданы, Жарбұлақ ауылында туған. 1979 жылы Жарбұлақ орта мектебін бітірген. 1984 жылы Талдықорған заң техникумын, Семей университетінің филология факультетін тамамдаған.

1979-1981 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында болып, 1984-1986 жылдары Ішкі істер бөлімінде қызмет еткен.

Ақынның «Сағынған көздің моншағы» (1992), «Жүректе бүгін сызат көп» (1995), «Махаббатым менің» (1996), «Ең бақытты шақтарым» (2003), «Көңілдария» (2003) атты кітаптары жарық көрген. Бірнеше мүшәйраның жүлдегері. Өлеңдері Т.Айбергенов туралы естелік кітапқа енген. Республикалық басылымдарда жарияланып келеді.


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. - Б. 10.

Шығармалары:

Абылқасымов А. Сен үшін келемін мен де өмір кешіп... [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2009. - 8 сәуір. - Б.11.

Абылқасымов А. Азаймасын өмірдің көктемдері [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2010. - 29 қыркүйек. - Б. 17.

LAST_UPDATED2