ОКЖ Қызмет көрсету бөлімінде, «Мерей» клубы аясында, «Ғасырдың дарабозы» атты поэзия сағаты өткізілді.
17.06.2012 15:38

Іс – шара мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа жан – жақты таныстыра отырып, шығармашылық ізденіс пен ақындық өнерге қызығушылықтарын арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

1

Шығармалары дүние жүзінің қырыққа тарта тілдеріне аударылып, Қазақстан және Қырғызстан Республикасының «Халық жазушысы» дәрежесін иемденіп, әлем халықтары мен қазақ елінің мақтанышына айналған ұлт ақыны Мұхтар Шахановтың 70 жасқа толған мерейтойына орай оқу залы бөлімінде «Мерей» клубы аясында «Ғасырдың дарабозы» атты поэзия сағаты өткізілді.

Кешке Семей көп салалы колледжінің студенттері қатысты. Кеш барысында кітапхана қызметкері ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталды.

«Төрт ана», «Арман», «Жігерлендіру» атты өлеңдерін студенттер мәнерлеп оқып шықты.

Ұлттың ең басты ерекшелігі – тілі. Кеште оқырмандарға тіл мәселесінің әлі де болса көтерілмей тұрғаны жайлы, тілім деп тілімденіп жүрген М.Шахановтың тіл жанашыры екендігі,   «Космополитизм» сөзінің тұжырымдамасына түсінік берілді. Қырғыз топырағында жазылған «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» атты саяси романдардың ұлттық әдебиетіміздің абыройын әлемдік биікке көтергені, ЮНЕСКО шеңберінде талқыланғаны жайлы сөз қозғалды.

Оқырмандарды «Ғасырдың дарабозы» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен таныстырып, ақын шығармалары бүгінгі әлемдік поэзиясындағы жаңа биіктіктерге ұмтылдырды.