Абайұлы Мекайыл (Мекеш) (1884-1931)
13.06.2012 19:11

1Абай мұрасын насихаттаушы.

Мекайыл (Мекеш) Абайұлы (1884-1931) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы. Арабша, орысша сауатты болған. Абай өлеңдерін түгелдей жатқа білген. Домбыра тартып, ән салып, әкесі жайлы білгендерін ел ішінде әңгіме етіп, халыққа таратқан. Мұхтар Әуезов те Мекайылдың Абай туралы әңгімелерін жас шағында көп естіген. Ағасы Тұрағұл аулымен бірге Ақшоқы маңайын, Тышқан деген жерді мекендеген. 1931 жылы бай баласы ретінде ұсталған. Оның Құзайыр, Әлішер деген балалары Ұлы Отан соғысына қатысып, қаза тапты.


Әдебиет:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. – Астана : Фолиант, 2011. – Б. 15.