Цемент кентінің кітапхана бөлімшесінде «Балаларды қорғау» күніне арнап «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік шара өткізілді.
06.06.2012 22:43

1Цемент кентінің кітапхана бөлімшесінде «Балаларды қорғау» күніне арнап «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік шара өткізілді. Шара викторина түрінде болды. Мерекелік шараға №22 орта мектебінің жазғы лагерь бастауыш сынып демалушылары қатысты.

Шара мақсаты: Балаларды ертегілердің әр түрімен таныстыру, оқырмандық қызығушылығын арттыру. Балаларға ертегілердің қызықты әлемін, олардың данышпандығы мен сұлулығын көрсету. Ойлау, сөйлеу, қиялдау, есте сақтау қабылеттерін дамыту. Кітап оқуға тұрақты қызығушылығы мен ниетін нығайтуға тәрбиелеуге ат салысу. Қайырымдылыққа сенуге, сүйіспеншілік пен достыққа, зұлымдықты жеңуге болатынына тәрбиелеу.

Кішкене оқырмандарымызға ұлы ертегішілердің шығармаларынан сұрақтар алып қойылды. Осы викториналық сұрақтар арқылы оқырмандарымыздың қаншалықты ертегі кейіпкерлерін білетіндерін, олардың кітапты қалай оқитындарын байқадық.

Слайд көрсетіліп, бүлдіршіндерімізге «Телеграмма конкурсы: Менің сүйікті кейіпкерім», «Жұлдызды сағат: Ертегілер жайында тест» атты викториналық сұрақтар қойылып жауап алынды.

Шара соңында «Маша и медведь» атты мультфильм көрсетіліп, «Қазақстан жазушылары балаларға» акциясы аясында ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалды.

2 3