Болашақ бүгіннен басталады!
17.05.2012 21:17

1

Байтақ елімізде қолдау тауып, Қазақстан Азаматтық альянсы, Қазақстан жастарының конгресі және де басқа жастар ұйымдары көшбасшыларының бастауымен еліміз бойынша «Болашақ бүгіннен басталады!» акциясы жүріп жатыр. Бұл шаралардың басы мақсаты Елбасымыздың Жолдауында айтылған әлеуметтік-экономикалық жаңғырту міндетіне жету жолында еліміздің барлық патриоттарының, әлеуметтік белсенді қазақстандықтардың басын біріктіру, азаматтық бастамаларды жан-жақты қолдау, қазақстандықтардың әртүрлі салалардағы жетістіктерін кеңінен насихаттау болып табылады.

            Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі барлық кітапханалар тәрізді оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Біз отыз бес жылдық тарихы бар, асыл қазыналар мекенінде еңбек етіп, барлық жарқын істерді халықпен бірлесе атқарып жатқанымызды мақтан етеміз.

            Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде болса, жастардың бос уақытты тиімді пайдалануын ұштастыруда, білімдерін тереңдетіп жетілдіруде кітапхана тарапынан мүмкіндік жасау әр кітапханашыға жүктеліп отыр.

            Осыған орай «Болашақ бүгіннен басталады!» акциясы басталған беттен-ақ іске қызу кіріскен кітапхана қызметкерлері науқынды акция аясында, заманның нағыз қаһармандарын, болашаққа үлкен сеніммен қарайтын қазақстандықтарды үлгі ету мақсатында сан алуан қоғамдық маңызы бар іс-шараларды әртүрлі бағытта, стилде, форматта: сайыстар, оқырмандардың ойын ұшқырлайтын кездесу және әдеби кештерді т.б. өткізуді жоспарлап, акцияға тұрғылықты халықтың барлығын тарту үшін жарнама науқанын кеңінен жүргізіп мәдени іс-шаралар атқаруда.

            Оқырмандарымызға «Біздің болашағымыз – біздің қолымызда» - дей отырып аталған акцияға қатысып, өткізілетін іс-шараларды қолдауға шақырамыз.


«Мәдени іс-шара»

LAST_UPDATED2