Балалар және жасөспірімдер кітапханасында "Жеңістің жырын жырлайық" атты музыкалық композициялық кеш өтті
14.05.2012 22:20

Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне 20 жыл, 9-мамыр Ұлы Жеңіске 67 жыл және Ш.Уалиханов атындағы Жас Ұлан ерлер лицейіне 17 жыл толуына орай "Жеңістің жырын жырлайық" атты музыкалық композициялық кеш өтті. Бұл кешті кітапханашы Жукенова Меруерт және Жас Ұлан ерлер лицейінің 92 взводтың ұланы Сейітжан жүргізді.

Мақсаты: Оқушыларға патриоттық, рухани-эстетикалық тәрбие беру және осы тақырыпқа байланысты әдебиеттерді насихаттау.


2 3

 

Кеште оқу залы мерекеге сай безендіріліп «Отан үшін от кешкендер» атты кітап көрмесі Ұлы Жеңіске арналса, 7 мамырға «Отанға қызмет – абыройлы міндет», тақырыбымен мерзімді басылымдардан тұратын көрме ұйымдастырылды.

«Ұлы Жеңіске тағзым» атты әдеби монтажды 82 взводтың ұландары оқыды, көрермендерге Ұлы Отан соғысы туралы викториналық сұрақтар қойылды. Ш.Уалиханов атындағы Жас Ұлан ерлер лицейіне 17 жыл толуына орай «Мен оқыған лицей» атты слайд көрсетіліп, офицер Қуат Ризабекович сөз сөйледі. Осы лицейдің ұландары Мирас пен Әли өз өлеңдерін оқыды.

№17 мектептің оқушылары Тоқанова Мадина, Аразалинов Мағжан «Әлия», «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнін сыйласа, ал №34 мектептің оқушылары «Шашу»биін биледі. Лицейдің ұландары «Сарбаздар», «Алға, Қазақстан» әндерімен көрермендерді баурап алды.

Кеш бойы экраннан Ұлы Отан соғысы туралы, ардагер жазушылардың еңбектері, батыр қыздарымыз Әлия мен Мәншүкке арналған слайдтар көрсетілді. Ұландар да, қатысқан көрермендер де ерекше әсер алып қайтты.


4 5

 

 

 

LAST_UPDATED2