28.10.2010 22:42 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бүгінгі таңда ОКЖ құрамына 11 кітапхана кіреді, оның iшiнде 9 кітапхана Семей қаласында, 1 кітапхана-бөлiмше Шүлбі кентінде және 1 кітапхана-бөлiмше Шақаман ауылында орналасқан. ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНА
Қалалық орталық кітапхананың құрылымдық бөлімдері: Дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімі Ақпараттық-библиографиялық бөлім Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі Автоматтандыру бөлімі Қызмет көрсету бөлімі: абонемент, оқу залы
Дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімі Бөлім қалалдағы көпшілік кітапханалар үшін әдістемелік, ұйымдастыру, оқыту және үйлестіруші орталық болып табылады. Бөлімнің негізгі міндеттері – аймақтық кітапханалық саясатты қалыптастыру, қала кітапханаларының дамуына әдістемелік көмек көрсету. Бөлім қызметінің басты бағыттары: ақпараттық-талдау қызметі, мониторинг, қала тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсету жағдайын бағалау; ОКЖ-нің ағымдағы, жиынтық, перспективалық жоспарларын құрастыруға қатысу және оны жүзеге асыруды қолға алу; инновациялық үрдістерді меңгеру, кітапханалық жаңашылдықтарды іздеу, үйрену және озық тәжірибелерді насихаттау; әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық материалдар құрастырып, оларды кітапхана-бөлімшелеріне жеткізу; кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдіруді ұйымдастыру; кітапхана-бөлімшелеріне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу.
Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің негізгі міндеттері: қызметтін ОКЖ директоры бекіткен жылдық (перспективалық) жоспар негізінде іске асыру; ОКЖ және ҚОК-да кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша бағдарламалар жасауға қатысу; бөлімнің ақпараттық-библиографиялық жұмыстарын ОКЖ-нің құрылымдық бөлімшелерімен және басқа кітапханалармен, сонымен қатар қала мекемелерімен байланыстыру; ОКЖ оқырмандарын ақпараттық қызметпен компьютерлік жүйе арқылы аймақаралық ынтымақтаса қызмет көрсетуді қалыптастыру; ОКЖ қызметкерлері арасында кәсіби біліктілікті көтеруді ұйымдастыру.
Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі Бөлімнің міндеті – кітапхана мақсаты мен оқырман сұранысына сәйкес мазмұндағы баспа басылымдары және басқа да құжаттарды іріктеп, жоспарлы түрде сатып алу. Бөлімнің негізгі бағыттары: қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттермен ағымдық толығуды ұйымдастыру; қорды толықтырудың негізгі көздерімен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру: мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік тапсырыс бойынша кітаптар алу; мерзімдік басылымдарға жазылуды дайындау, олардың түсімін қадағалауын іске асыру; келіп түскен әдебиеттерді қабылдау, есепке алу және тіркеу, әдебиеттерді есептен шығару; баспа туындыларын жүйелеу; электрондық каталогты ұйымдастыру (ИРБИС электрондық каталогқа құжаттарды енгізу); есеп каталогын жүргізу және редакциялау.
Автоматтандыру бөлімі Кітапханалық процестердің авоматтандыру бөлімі 2005 жылы ашылды. Бөлімнің ең басты міндетті пайдаланушыларға ақпараттық техналогияның жаңа түрлерін енгізу негізінде қызмет көрсету. Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: кітапханалық үрдістерді автоматтандыру және ақпараттандыру; ОКЖ-нің жиынтық электронды каталогтары мен картотекаларын құру және қолданыстағыны толықтыру; толық мәтінді мәліметтер қорын құру /МҚ/; қашықтағы Интернет желілік қорларына қолжетімділік; құжаттарды электронды жеткізу /ҚЭЖ/; кітапханашыларды компьютерлік технологияларды қолдануға үйрету; ақпараттық техналогиялар арқылы пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандыру.
Қалалық орталық кітапхананың /ҚОК/ Қызмет көрсету бөлімі Абонемент өз оқырмандарына кітапхана қорларында бар басылымдарды үйге алуға мүмкінді береді. Бөлімде жоғары сұранысқа ие білімнің барлық салалары бойынша оқулықтар мен көркем әдебиеттердің үлкен таңдауы бар. Оқу залы оқырмандарға мазмұны бойынша бай, бірегей қор ұсынады: сөздіктер, энциклопедиялар, оқулықтар мен оқу құралдары, білімнің әртүрлі салалары бойынша монографиялар, сондай-ақ көркем әдебиет.
№2 КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ №2 кітапхана-бөлімшесі орналасқан ғимарат 1989 жылы салынған, қаланың сол жағалау бөлігіндегі Жаңа құрылыс ықшам ауданында Сорокин көшесі, 34 мекен-жайында орналасқан.
№6 КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ №6 кітапхана-бөлімшесі 1957 жылы Силикат зауытының ішінде ашылды. Кітап қоры молайған соң 1972 жылдан бастап қазіргі таңға дейн Трусов көшесі, 147 мекен-жайындағы орналасқан ғимаратқа өшірілді.
№12 КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ №12 кітапхана-бөлімшесі ОКЖ-ның құрамына 1976 жылы кіріп, Комсомольский кентінде орналасты. 1996 жылдың наурыз айында 5 кітапхана біріктіріліп /12, 14, 23, 24 және 5-ші балалар кітапханасы/ қаламыздың сол жағалауы Мұхтар Әуезов даңғылында орналасқан ғимаратта жаңа кітапхана-бөлімше оқырмандарына өз есігін ашты. Бұл кітапхана қазіргі таңға дейін әр-түрлі жастағы оқырмандарға қызмет көрсетуде.
БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫ Балалар және жасөспірімдер кітапханасы 2002 жылы ашылды /ресми түрде ашылу салтанаты 2003 жылдың сәуір айында болды/. Қазіргі уақытта Балалар және жасөспірімдер кітапханасы қаламыздағы балалар, жасөспірімдер және өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қатысы бар барлық оқырмандарға кең көлемде қызмет көрсететін ірі ақпараттық-мәдени орталық болып табылады. ЦЕМЕНТ КЕНТІНДЕГІ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ Цемент кентіндегі кітапахана-бөлімшесі 2004 жылдың желтоқсан айында ашылды. Кітапханада оқырмандарға абонемент және оқу залы бөлімдері қызмет көрсетеді. Оқу залында өлкетану секторы жұмыс жасайды.
ШҮЛБІ КЕНТІНДЕГІ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ Кітапхана 1980 жылы ашылып, Жаңа Семей ауданының Ново-Покровка орталық кітапханасының құрамында болған. 1995 жылдан бастап Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарайды.
МИРНЫЙ КЕНТІНДЕГІ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ 2012 жылдың 21 желтоқсанындағы қалалық маслихат сессиясында Мирный кентінде кітапхана-бөлімшесін ашу туралы шешім қабылданды. Ашу салтанаты 2013 жылдың 11 маусымында өткізілді. Бүгінгі таңда оқырмандарға әр түрлі сұраныстарды қанағаттандыра алатын білімнің барлық салалары бойынша кітаптар мен мерзімді басылымдардың әмбебап қоры ұсынылады.
ШЫҒЫС КЕНТІНДЕГІ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ 2014 жылы ОКЖ-нің Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесі ашылды. Кітапхана-бөлімшесінің басты міндеті - халықтың баспа және электронды ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізуін ұйымдастыру. Кітапханада әр түрлі сұраныстарды қанағаттандыратын білімнің барлық салалары бойынша кітаптар мен мерзімді басылымдардың әмбебап қоры бар.
ЖОЛАМАН КЕНТІНДЕГІ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ Жоламан кентіндегі кітапхана-бөлімшесі өз жұмысын 2014 жылы бастады Кітапхана ет комбинаты ауданында орналасқан ғимаратты жалға алып, Жоламан, Кирпичный, Холодный ключ тұрғындарына қызмет көрсетеді.
ШАҚАМАН АУЫЛЫНДАҒЫ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ Шақаман ауылындағы кітапхана-бөлімшесі 2020 жылдың 5 қыркүйек күні ашылды. Кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен толықтырылуда, ауыл әкімдігі, жергілікті клуб және мектеппен бірлескен жұмыс жолға қойылған. Кітапхана тек ақпарат алу орны ғана болып қалмай, сонымен қатар тұрғындар үшін бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік беретін, заманауи талаптарға сай орталыққа айналуда.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
LAST_UPDATED2 |