ОКЖ-не қарасты №6 кітапхана-бөлімшесі балалар әдебиетнің классигі Самуил Яковлевич Маршактың туғанына 125 жыл толуына орай «Маршактың өлеңдерімен ертегілері балаларға» атты саяхат-ойынды өткізді.
15.04.2012 19:18

ОКЖ-не қарасты №6 кітапхана-бөлімшесі Кітап мерекесі аясында жас оқырмандардың ой-өрістерін кеңейту, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында орыс ақыны, драматург, балалар әдебиетнің классигі Самуил Яковлевич Маршактың туғанына 125 жыл толуына орай «Маршактың өлеңдерімен ертегілері балаларға» атты саяхат-ойынды №9 орта мектептің 5 «б» сынып оқушыларына арнап өткізді. Шараға сынып жетекшілері Сафронова Елена Юрьевна қатысты.

Шара барысын кітапхана қызметкері Стамбекова Бақыт балалар әдебиетнің классигі Самуил Яковлевич Маршактың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға таныстыра отырып жүргізіп отырды. Шара барысында 5 «б» сынып оқушылары Молдыбаева Риза, Леоньев Алексей, Ожинково Полина Маршактың өлеңдерін жатқа оқыды. Оқырмандарға викторнина сұрақтары қойылып, жауаптар тыңдалып, «ертегінің жалғасын тап» атты ойын ойнатылды. Шарға арналып кітап көрмесі ұйымдастырылып библиографиялық шолу жасалды.