ОКЖ-ның №2 кітапхана-бөлімшесінде «Қазіргі әлемдік саясат» атты дәріс өтті
12.04.2012 21:24

№2 кітапхана-бөлімшесінде №42 жалпы білім беретін орта мектептің 9 сынып оқушыларымен «Қазіргі әлемдік саясат» атты дәріс өткізілді.

Дәрісте кітапхана қызметкері Нукушева С.К. әлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте екені, әpбip мемлекет осы жүйеден өз орнын aлуға тырысатыны, адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ зандылықтарды жеке даму тенденцияларын тудыратыны туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік апаттар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды кұлдыққа сату, діни экстремизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отыратыны туралы айтылды.

Дәрісте оқушылар өз белсенділігін көрсетіп, тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Оқушылар сұрақтар қойып, нақты жауаптарын алды.